400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: "Масса және денелердің массасын өлшеу."

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш Қ О Үржар ауданы

Мектеп

« Тасбұлақ орта мектеп - бақша» КММ-сі

Сабақтың тақырыбы:

Масса және денелердің массасын өлшеу.

күні:

мұғалімнің есімі: Омракунова Тлеугайша Аскербековна.

сынып:7

қатысқандар саны: 15

қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

(мақсаттары)

7.2.2.11 – электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу;


Сабақ мақсаттары

  • Барлық оқушылар инерттілікті біледі. Денелердің өзара әрекеттесуін түсінеді;

  • Басым бөлігі масса нені сипаттайтынын ажыратады. Электронды, серіппелі, иінді таразы көмегімен дененің массасын өлшеуде қолданады.

  • Кейбір оқушылар күрделенген есептерді шығаруда қолданады.

Бағалау критерилері

  • Массаның физикалық мағынасын түсінеді.

  • Электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

«Масса» ұғымына өз сөзімен анықтама бере алады.


Негізгі сөздер мен тіркестер: масса, инерттілік, өзара әрекет

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірлікте:

[m]=…

…=кг

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» бойынша білім алушыларды еңбексүйгіштікке, ынтымақтастыққа, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс

математика

Алдыңғы білім

Денелердің әрекеттесуі

Жоспар


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

Ұйымдастыру шаралары (Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу)

слайд

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбер». Оқушылар ортаға шығып, бір-біріне жүрек беру арқылы тілектер айтады.

Оқушылар сабақ басындағы өз көңіл-күйлерін «Бас бармақ» әдісі арқылы көрсетеді.



әріптері бар қағаздар






bilimlend.kz











Оқу шылар «Мозайка» тәсілі бойынша «ЕҢБЕК», «ЫНТЫМАҚ», «БІЛІМ», «ҚОҒАМ» атты сөздерді құрай отырып топқа бөлінеді.

Мақсаты: жұптаса, топтаса жұмыс істеу, бірін-бірі оқыту.

Жаңа сабаққа көшу мақсатында

«Stop Кадр» әдісі бойынша бейнежазба көрсетіледі.

Бейнежазбаға байланысты сұрақтар

1. Бейнежазбадан не көрдіңдер?

2. Әкесі мен баласы бірдей уақыт аралығында сырғанады ма?

3. Уақыттың өлшем бірлігі?

4. Әкесінің жылдамдығы баласының жылдамдығынан қандай?

5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі?

6. Не себепті бала әкесіне қарағанда үлкен қашықтыққа сырғанап кетеді?

7.Денелер бір –біріне әрекет етті ме?

Бағалау: Бағдаршам арқылы.

Сабақтың ортасы


7 мин


5 мин

10 мин

«Жигсо» әдісі бойынша

оқушылар кітаптан тақырыпты оқиды.

«ЕҢБЕК» тобы -кластер

«ЫНТЫМАҚ» тобы - постер

«БІЛІМ» тобы - кластер

«ҚОҒАМ» тобы - постер жасайды.

Топ бойынша тақтаға шығып қорғайды.


Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» әдісі












Сергіту сәті: белсенді би қимылдары

youtube


Сабақтың соңы

(15 минут)

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі деңгейленген тапсырмалар

1-деңгей.1.Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз не?

2. Массаның СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі?

2-деңгей. 1- тапсырма

Бос орынды толтыр:

..... - денелердің инерттілігінің өлшемі.

Әр дененің оның қозғалысын немесе тыныштық күйін өзгертуге бағытталған әрекеттерге .......... қасиеті бар.

Масса - ...... шама.

2- тапсырма

Берілген жүктің массасын суретте көрсетілген таразылардың көмегімен анықттаңыз. Алынған мәндерді салыстырып, қорытынды жасаңыз:



3-деңгей.

1- тапсырма.

Кораптағы қанттың массасы 1 кг. Қант кесектері 3 қабатта, әр қабатта 4 қатар, әр қатарда 15 кесек. Бір кесек қанттың массасын табыңыз.

2- тапсырма.

Неліктен лезде тоқтауға немесе лезде үлкен жылдамдық алып, зымырап кетуге болмайды?


Дескриптор:

1.Дененің массасын таразыны қолданып өлшейді;

2.Алынған мәндерді салыстырады;

3.Өлшем бірлігін дұрыс көрсетеді;

Қалыптастырушы бағалау: қол шапалақтау

Үйге тапсырма:


Рефлексия. Оқушылардан интервью алу парағын таратып, сабақ туралы пікір жазуды тапсырылады.

Тәсіл «Мен қандай құспын?»

Оқушылар өз білімдеріне қарай құстардың түрін таңдайды.

Мен торғаймын білім нәрін бір дәннен жинаймын.

Мен бұлбұлмын өз білімімді басқаларға үйретемін.

Мен қыранмын білімнің ең шынына жеттім.








таратпа материал


































Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырмалар жеңілінен қиынына қарай таңдалып алынды. Аралап жүріп жекелей, топтық, жұптық жұмыс кезінде қиналған оқушыларға қолдау көрсету, бағыт беру.


Оқушылардың жұмыстарын бағалау арқылы, өзін-өзі бағалау,жұптық жұмыс кезіндегіоқушылардың бір-бірін бас бармақ арқылы өзара бағалау, топпен бағалау.






Сергіту сәтін өткізу
























«Тасбұлақ орта мектеп - бақша» КММ-сі










Тақырыбы:

«Масса және денелердің массасын өлшеу»

7- сынып

















Физика пән мұғалімі: Омракунова Т А

2017 -2018 оқу жылы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
1140
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі