400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Сабақ жоспары Математика 1- сынып Геометриялық фигуралар

Материал туралы қысқаша түсінік
1- сыныптың математика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Геометриялық фигуралар

Заттардың қандай айырмашылығы бар?

Мектеп: С. Кәттебеков ЖОМ

Күні : 09.10.17.

Мұғалімнің есімі: Абдуллаева Насиба

СЫНЫП: 1 «г» сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:


1.3.1.1 жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрады және жіктейді

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрады және жіктейді.

қосу және азайту амалдарын пайдаланып, өрнектер құрастыра алады

Заттарға қатысты үдерістерді графика жүзінде модельдей біледі

Ресурстар:

заттарды сұрыптауға арналған бос қораптар; төрт адамнан құралған топқа арналған әртүрлі заттар топтамасы бар қораптар (ішінде қарын даш, пластмассадан жасалған ұсақ ойыншық, текшелер, жазық геомет риялық фигуралар); қосымша тапсырмаға арналған мата бөліктері.

Тірек сөздер

түс; пішін; өлшем.

Сабақтың мақсаты:

Заттардың негізгі қасиеттерін, яғни пішінін, түсін, өлшемін анықтау және тани білу мақсатында оқушылардың заттарды өз бетінше зерт теуіне жағдай туғызу.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы























Сабақтың ортасы

Қызығушылықты ояту

Геометриялық фигураларды ұсыну

Оларды жіктеу: түсі, пішіні, көлемі бойынша.

Суреттермен жұмыс

Ондағы заттардың қандай ұқсастықтары және қандай айыр- машылықтары бар?

Жауабы:

заттардың бірінші жұбы (үрленген шар және доптың) пішіндері бірдей;

заттардың екінші жұбының (балапан және бақбақ гүлінің) түстері бірдей;

үшінші жұптағы заттардың (кішкентай үй және үлкен үй) пішіндері бірдей, бірақ өлшемдері әртүрлі.

Іс-әрекетті модельдеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырма.

Кестенің оң жақ бөлігінде нақты заттардың суреттері, ал сол жақ бөлігінде заттар қасиеттерінің өзгеру үрдісінің моделі көрсетілген. Кестеде берілген заттарды қатар бойынша салыстыру қажет. Сол және оң жақтағы әрбір қатарды салыстыру барысында оқушылар заттардың қасиеттерінің кез келген өзгерісін модельдердің көмегімен бейнелеуге болатыны туралы қорытындыға келуі тиіс.

Оқушыларға заттар мен олардың сызбасына қарауды ұсыну.

Қандай өзгерістер болғанын сұрау.

Жауабы:

а)оң жақта: ағаштың өлшемі өзгерді, сол жақта: фигураның өлше мі өзгерді;

ә) оң жақта: алманың түсі өзгерді, сол жақта: фигураның түсі өзгерді;

б) оң жақта: мұз еріп, суға айналды, сол жақта: пішіні өзгерді.




Сабақтың соңы


Қосымша тапсырмалар



Гүлдің, жапырақтың, доптың суреттерін өсу ретімен сал. Оқушылар заттардың өлшемін және түсін өзгерте отырып, олардың бейнесімен тәжірибе жасайды. Ол үшін заттардың көлемін үлкейте немесе кішірейте отырып, кестедегі бос торкөздерге суретпен бейнелеуі керек. Нәтижесінде әрбір заттың үлкейтілген немесе кішірейтілген өлшемдегі төрт бейнесі пайда болуы тиіс.Қандай фигура жетпей тұр? Оқушылар кестені толтыру ретін талдайды. Заттың өлшемі мен пішінінің кезектесу заңдылығын сақтай отырып, түсіп қалған фигураның суре тін салу қажет. Нәтижесінде оқушылар заттардың кескіндерінің өлшемі мен пі шінінің өзгеру реттігі сақталған кестені алады.

Шардың түсін, өлшемін және пішінін өзгертіп сал. Оқушылар шардың пішінін, түсін, өлшемін өзгертіп салады.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

заттарды түсі бойынша салыстыруды;

заттарды пішіні бойынша салыстыруды;

заттарды өлшемі бойынша салыстыруды мең-гереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тек-серу мақсатында сұрақ қойыңыз:

— Заттарды қандай қасиеттері бойынша салыс-тыруға болады?

Оқушыларға өлшемі мен түстері әртүрлі тек-шелерді көрсетіп, мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Заттарды қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады? (Түстері және өлшемі бойынша.)

— Заттар қандай белгілері бойынша ұқсас? (Пішіні бойынша.)

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі