
Тақырыбы:
«Жазбаша көбейту және
бөлу»
Сынып: 3
«А»
Пән: Математика
Сабақтың тақырыбы
: 326
3 және 978:3
жағдайларындағы жазбаша көбейту және бөлу
Сабақтың
мақсаты:
1. Оқушылардың
326
3 және 978:3
жағдайларындағы жазбаша көбейту және бөлу жайлы білімдерін
қалыптастыру.
2. Оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту. 3. Оқушыларды тез есептеуге,жылдамдыққажәне
қазақтың ұлттық әдет-ғұрып, салт—дәстүрін үйренуге, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: Жаңа білім
беру. Сабақтың әдісі-
тәсілі: түсіндіру
,сұрақ-жауапПәндермен
байланысы: Әдебиеттік оқу, қазақ тілі,
бейнелеу өнері,музыка.Сабақтың көрнекілігі
: слайд, оқулық , суреттер,
қоржын, қима қағаздар,
тапсырмалар,плакаттар.Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру1. Сабаққа назарын аудару. -
Балалар қазір математика сабағы. Сабаққа керекті құрал
жабдықтарыңды алып, оқушы ережесіне сай түзу отырамыз. Бүгін бізде
ерекше сабақ. Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр.
Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық
айтыңдар. Мен сендерге тек қана сәттілік
тілеймін. 2.Оқушыларды үш топқа
бөлу.
І-топ «Бірліктер»
, ІІ-топ «Ондықтар», ІІІ-топ «Жүздіктер»2. Психологиялық
дайындық«Сандарды бейнелеу» ойыны
арқылы психологиялық ахуалды жақсарту.Әр топ өздеріне берілген
сандарды дене мүшелерімен,қимылмен бейнелейді. Мысалы: 3; 5; 7
сандары. -Енді осы үш санды пайдалана
отырып неше сан шығара аламыз?(35,73,53,753,357,573,735,375
т.б)
-Бұл сандар қазақ халқында
киелі сандар болып табылады.
3жұрт, 7 ата, 5 асыл іс т.б.
Осы сандарға байланысты не білесіңдер? (Оқушылар сандарға
байланысты ырым сөздерді айтады) Соның ішінде 7 санына тоқталсақ.
«Жеті атасын білмеген жетесіз» -дейді дана халқымыз. –Кім айтып
береді жеті атасын ( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене,
туажат) (2-3 оқушыдан жетіатасын сұрау). -Балалар бүгінгі
сабағымызда осы жеті ата ауылына саяхат жасаймыз, ондағы берілген
тапсырмаларды орындаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеруБірінші әке ауылына саяхатқа
шығамыз. «Көңілді фигуралар» ойыны.
Ондағы тапсырма тақтадағы берілген фигуралардың аттарын атап,
артындағы тапсырманы орындаймыз.
Үшбұрыш -50 ондық пен 5 бірліктің
қосындысын 5 есе кеміту. Тік
төртбұрыш-27 ондықты 3есе
арттыру. Шаршы- 1жүздік 2 ондық 3 бірлікті 4
есе арттыру. Дөңгелек- 72 мен 9 –дың қосындысын 9
есе кеміту. Бес
бұрыш-5 жүздік 5 ондық 5 бірлікті
5-ке бөлу. Сопақ - 69 бен 6-ның айырмасын 7-ге
бөлу Әр топтан 2 оқушыдан шығып,тапсырманы
орындайды.Жаңа
тақырып: «326*3 және 978:3 жағдайындағы
өрнекті жазбаша көбейту және
бөлу» Ай ,күн тақырыпты тақтаға
жазып, көркем жазуды жазу. 7, 77, 777. Тақырыпты 326*3 және 978:3
көбейту мен бөлуді түсіндіру.
Екінші бала ауылына
саяхатқа шығамыз. №1 тапсырма «Кім жылдам?»
ойыны арқылы орындату. Өрнектің мәнін шығару және тексеру. Мысалы:
437*2=874 874:2=437 656:2=328 328*2=656
т.б.
Үшінші немере ауылына
саяхатқа шығамыз. №2 тапсырма Топпен жұмыс
жүргізу. Үш топқа үш қатарды бөліп дәптерлеріне өз бетінше
орындату. І-топ: (42+18)*6=60*6=360 ІІ-топ: (28+28):7=56:7=8
ІІІ-топ: (17+25):3=42:3=14 Топтар бір-бірін бағалайды. (шапалақ
әдісімен)
Төртінші шөбере ауылына
саяхатқа шығамыз. №3тапсырма«Ойлан, тап!»
ойыныТеңдеу құр және оны шеш. Шарты:алхоры- Х ағашы 5 есе арттыр
Өрік-50ағаш Шешуі: х*5=50 х= 50:5 х=10 Жауабы: Бақта 10 алхоры
ағашы бар. Сергіту
сәті (Қазақша ән би қимылымен
)Бесінші шөпшек ауылына
саяхатқа шығамыз. №4 тапсырма «Кім зерек?»
ойыны. Жеке жұмыс.Оқушылар өздері орындайды. Бірін-бірі тесереді.
Өрнек құр және мәнін есептеп тап. Мысалы: 1жүздік 8 бірлікті 8 есе
артттыр (108*8=864) 65 ондықты 5 есе кеміту (
650:5=130)Алтыншы немене ауылына
саяхатқа шығамыз. №6 тапсырма«Жауабын тап» ойыны
оқушылар ауызша орындап жауаптарын табады. Сандарды жүздік, ондық,
бірліктерге жіктеп береді. Шығармашылық
тапсырма (Бірнеше оқушыларға тест
тапсырмасы беріледі) Математикалық тест
тапсырмалары 1) Немересі 8 жаста, ал әжесі одан 10 есе үлкен.
Әжесінің жасы нешеде? а) 8жас ә) 80 жас б) 18 жас 2) Ұзындығы 7см,
ені 5см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең? а) 35
см2
ә) 12 см
2
б) 24 см
2
3) Қандай сан 2, 3 және 7
сандарына қалдықсыз бөлінеді? а) 24 ә) 35 б) 42 4) 3 санының кубы
нешеге тең? а) 18 ә) 27 б) 9 5) Бір тәуліктің 1/6 бөлігі нешеге
тең? а) 6 ә) 4 б) 12 Жетінші туажат ауылына
саяхатқа шығамыз. №7 тапсырма«Сөйлем құра»
оқулықтағы тапсырманы орындап, сөйлем құрайды. («Жеті атасын
білмеген, Жетімдіктің белгісі» деген мақал құрастырылады.)Мақалдың
мазмұнына түсінік беру.Логикалық
тапсырма. Оқулықтағы жасыл қоршаудың
ішіндегі тапсырманы орындау. «Ботақанға көмектес!» 7 9 8 4 3 5
=12
Сабақты қортындылау. «Еркін
микрафон» айдарыБүгінгі сабақтан не білдік, не
үйрендік? Сабақ сендерге ұнады ма?
Бағалау.Оқушы деңгейіне қарай бағалау.
Топ басшылар өз топтарын сабақ барысында бағалап
отырады.
5 бағасы 4 бағасы 3
бағасы
Үйге
тапсырма. №5
98-бет
Кері
байланыс: «Білім
қоржыны»
