15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сабақ жоспары Мәтіді есептерді теңдеу көмегімен шығару
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу |
Мектеп: |
|
|
|||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
|
|||
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
||
Сабақ тақырыбы |
Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. |
|
|
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;
|
|
|
|||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар:
|
|
|
|||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар:
|
|
|
|||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
|
|
|
|||
Құндылықтарды дарыту |
- Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын; - Өзгенің пікірін құрметтеу; - Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту; |
|
|
|||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ әдебиет |
|
|
|||
Бастапқы білім |
Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу. |
|
|
|||
Сабақ барысы |
|
|
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|||
Сабақтың басы 0 – 3 мин |
Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау. Психологиялық ахуал «Мен елімді сүйемін» 1. Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз; 2. Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз; 3.Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз; 4.Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз. 5.Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз; 6.Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар! Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды. |
Презентация |
|
|||
Сабақтың ортасы 4 – 8 мин |
«Сұрақты қағып ал» арқылы оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу туралы білімдерін тексеру. С – 1: Cанның модулі неге тең? С - 2: Қандай түрдегі теңдеу бір айнылысы бар сызықтық теңдеу деп аталады? С – 3: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуді қалай орындаймыз? С – 4: Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп атайды? С – 5: Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? С – 6: ах = b теңдеуінің түбірлерін табудың неше жағдайы бар? С – 7: х a= b теңдеуінің b –ға байланысты неше жағдайы бар? Бағдарлау-мотивациялық кезең. Мұғалім: Бұл сондай бір нәрсе, әуелі бірдеңені білмейсің, білгің келсе, іздеп тауып аласың. Кейде есептер тек соның көмегімен шығарылады. Мен оны шығаруды ұнатпаймын. Өйткені нашар білемін. Олардың жапырақтары мен сабақтары бар ма екенін білмеймін, ал түбірлері бар. Кейде жоқ болуы да мүмкін. Бастауыш сыныптарда олар -қарапайым, алтыншы сыныпта – сызықтық, ал жоғарғы сыныпта әр түрлі және күрделі болады. Бұл не? Жауабы: Теңдеу |
Презентация Смайликтер
|
|
|||
9 – 20 мин |
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз мәтін есептерді теңдеу құры арқылы шығару. Оқушыларға тапсырма бере отырып, теңдеу құрастырып, мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару алгоритмін жасау. Тапсырма:
Сурет
бойынша сызықтық теңдеу құрыңдар.
Мұндағы 1 орамжапырақтың массасы у
кг. Теңдеуді шешіп, 1 орамжапырақтың
массасын анықта. Мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару:
Бекіту тапсырмалары Жалпы сыныппен жұмыс №863. Екі санның қосындысы 21-ге тең. Екі еселенген бірінші сан екінші саннан үшке артық. Сол сандарды табыңдар? Шешуі:
2х+3+х
=
21; 2x+3=2*6+3
=
15 3x = 18; Х = 18:3; х = 6; Жауабы: 15;6 №865. 6 а сыныбындағы оқушылар саны 6 в сыныбынан 25% - ке артық. 3 оқушыны 6 а сыныбынан 6 в сыныбына ауыстырғанда екі сыныптағы оқушылар теңеседі. Алғашқыда сыныптардың әрқайсысында неше оқушыдан болған? Шешуі:
Жауабы:
30 оқушы, 24 оқушы
Шешуі: Жауабы: 3,5 сағат |
Қосымша 1
Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А. Алдамұратова 2015 |
|
|||
21 - 22 мин |
Сергіту сәті «Бір-екі-үш-төрт-бес» әдісі Оқушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха-ха», «Хи-хи» деп айтуға да болады. |
Презентация
|
|
|||
23 – 37 мин |
Жұптық жұмыс 1 жұп №1. Теңдеуді шешіңдер: 3(у - 5) - 2(у – 4) = 8. Ж: 15. №2. Бірінші бидондағы сүт екінші бидонға қарағанда 3 есе көп. Егер бірінші бидоннан екінші бидонға 20 л сүтті құйса, онда екі бидонда да сүт бірдей болады. Әр бидонда қанша литрден сүт бар? 2 жұп №1. Теңдеуді шешіңдер: -5(5 – x) - 4x = 18. Ж: 43. №2. AB кесіндісінің ұзындығы CD кесіндісіне қарағанда 2 см ұзын. Егер AB кесіндісін 10 см, ал CD кесіндісін 3 есе ұзартса, онда екі кесінді бірдей өлшемге тең болады. AB кесіндісінің ұзындығын табыңдар. 3 жұп №1. Теңдеуді шешіңдер:
№2. Қаладан ауылға дейін автобус 1,8 сағатта, ал жеңіл машина 0,8 сағатта жүреді. Егер автобустың жылдамдығы жеңіл машинаның жылдамдығынан 50 км/сағ кем болса, онда автобустың жылдамдығы неге тең? 4 жұп №1. Теңдеуді шешіңдер:
5,4(3y
– 2) – 7,2(2y – 3) = 1,2. Ж:
-5 №2. Бірінші машинаға екінші машинаға қарағанда 0,6 т астықты артық тиеді. Егер бірінші машинаға 1,2 есе, ал екінші машинаға 1,4 есе көп жүк тиесе, онда екі машинада да жүк бірдей болады. Әр машинаға қанша тонна жүк тиеді? Дескриптор: Білім алушы: №1. – жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіреді;
№2. – белгісіз шаманы анықтайды;
Тапсырмалары бірдей жұптар бірін-бірі дескриптор арқылы тексереді және бағалайды. Топтық жұмыс Оқулық бойынша есептерді орындау. Жұпта отырған оқушылар бір-бірін тексереді. А деңгейі №867. Жүзім сусынын құятын сыйымдылығы 2 л және 3 л банкалар бар. Егер сусынды екі литрлік банкаларға құйса, үш литрлік банкаларға құйғандағыға қарағанда 2 банка артық қажет болады. Дайындалған жүзім сусыны неше литр? Жауабы: 12 л. В деңгейі №884. Дүкенге әрқайсысы 1,5 кг-нан және 1,8 кг-нан барлығы 11 орам өрік әкелді. 1,5 кг-нан оралған барлық өріктің массасы 1,8 кг-нан оралған барлық өріктің массасына тең. Дүкенге әр қайсысы 1,5 кг-нан неше орам өрік әкелінді? Жауабы: 6 орам. С деңгейі №898. Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні шығарманың теретін 25%-і қалды. Шығармада неше бет болған? Жауабы: 60 бет.
Жеке жұмыс №3. Теңдеуді шеш: 6х-7=х+3 А) 2 ; В) -4/7; С )-4; Д) 1*3/7. №4. Теңдеуді шеш: 2(6-х)-11=5(3х+7) А) -2*8/3; В) -2; С) 25; Д) 2 . №5. Автомобиль 3 сағат тас жолмен және 4 сағат жылдамдығын тас жолдағыдан 16 км/сағ-қа кемітіп, жай жолмен жүрді. Осы уақыт аралығында автомобиль 349 км жол жүрді.Автомобильдің тас жолдағы және жай жолдағы жылдамдығын тап. А) 7(х+6)=349; В) 7(2х-16)=349 С) 4х+3(х-16)=349; Д) 4х+3(х+16)=349. №6. 7 орам печенье және 6 қалта шемішке сатып алынды. Барлық сатып алынған заттың массасы 4 кг. Печенье орамы шемішке қалтасынан 0,2 кг-ға артық. Печенье орамының массасын және шемішке қалтасының массасын тап. А) 13х-0,2=4; В) 13(2х-0,2)=4 С) 6х+7(х+0,2)=4; Д) 6(х+0,2)+7х=4.
|
Қосымша 2
|
|
|||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин |
Үйге тапсырма: №866 – есеп. «Білім қоржыны» кері байланыс 1. Сабақтың мақсаты қандай болды? 2. Мен мақсатқа жеттім бе? 3. Мен не білдім? 4. Мен нені үйрендім? 5. Мен нені түсінбедім? 6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек? |
Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А. Алдамұратова 2015 |
||||
Жұптық жұмыс
1 жұп
№1. Теңдеуді шешіңдер:
3(у - 5) - 2(у – 4) = 8. Ж: 15.
№2. Бірінші бидондағы сүт екінші бидонға қарағанда 3 есе көп. Егер бірінші бидоннан екінші бидонға 20 л сүтті құйса, онда екі бидонда да сүт бірдей болады. Әр бидонда қанша литрден сүт бар?
2 жұп
№1. Теңдеуді шешіңдер:
-5(5 – x) - 4x = 18. Ж: 43.
№2. AB кесіндісінің ұзындығы CD кесіндісіне қарағанда 2 см ұзын. Егер AB кесіндісін 10 см, ал CD кесіндісін 3 есе ұзартса, онда екі кесінді бірдей өлшемге тең болады. AB кесіндісінің ұзындығын табыңдар.
3 жұп
№1. Теңдеуді шешіңдер:
(3x
– 6) -
(7x
- 21) = 9. Ж:
-5.
№2. Қаладан ауылға дейін автобус 1,8 сағатта, ал жеңіл машина 0,8 сағатта жүреді. Егер автобустың жылдамдығы жеңіл машинаның жылдамдығынан 50 км/сағ кем болса, онда автобустың жылдамдығы неге тең?
4 жұп
№1. Теңдеуді шешіңдер:
5,4(3y
– 2) – 7,2(2y – 3) = 1,2. Ж:
-5
№2. Бірінші машинаға екінші машинаға қарағанда 0,6 т астықты артық тиеді. Егер бірінші машинаға 1,2 есе, ал екінші машинаға 1,4 есе көп жүк тиесе, онда екі машинада да жүк бірдей болады. Әр машинаға қанша тонна жүк тиеді?
Дескриптор: Білім алушы:
№1. – жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіреді;
айнымалысы бар мүшені теңдіктің бір жағана, бос мүшені теңдіктің екінші жағына қарама-қарсы таңбамен көшіреді.
ax = b түріне келтіреді;
теңдеудің түбірін табады;
жауабын жазады.
Топтық жұмыс
Оқулық бойынша есептерді орындау. Жұпта отырған оқушылар бір-бірін тексереді.
А деңгейі
№867. Жүзім сусынын құятын сыйымдылығы 2 л және 3 л банкалар бар. Егер сусынды екі литрлік банкаларға құйса, үш литрлік банкаларға құйғандағыға қарағанда 2 банка артық қажет болады. Дайындалған жүзім сусыны неше литр? Жауабы: 12 л.
В деңгейі
№884. Дүкенге әрқайсысы 1,5 кг-нан және 1,8 кг-нан барлығы 11 орам өрік әкелді. 1,5 кг-нан оралған барлық өріктің массасы 1,8 кг-нан оралған барлық өріктің массасына тең. Дүкенге әр қайсысы 1,5 кг-нан неше орам өрік әкелінді? Жауабы: 6 орам.
С деңгейі
№898. Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні шығарманың теретін 25%-і қалды. Шығармада неше бет болған? Жауабы: 60 бет.
Жеке жұмыс
№3. Теңдеуді шеш: 6х-7=х+3
А) 2 ; В) -4/7; С )-4; Д) 1*3/7.
№4. Теңдеуді шеш: 2(6-х)-11=5(3х+7)
А) -2*8/3; В) -2; С) 25; Д) 2 .
№5. Автомобиль 3 сағат тас жолмен және 4 сағат жылдамдығын тас жолдағыдан 16 км/сағ-қа кемітіп, жай жолмен жүрді. Осы уақыт аралығында автомобиль 349 км жол жүрді.Автомобильдің тас жолдағы және жай жолдағы жылдамдығын тап.
А) 7(х+6)=349; В) 7(2х-16)=349
С) 4х+3(х-16)=349; Д) 4х+3(х+16)=349.
№6. 7 орам печенье және 6 қалта шемішке сатып алынды. Барлық сатып алынған заттың массасы 4 кг. Печенье орамы шемішке қалтасынан 0,2 кг-ға артық. Печенье орамының массасын және шемішке қалтасының массасын тап.
А) 13х-0,2=4; В) 13(2х-0,2)=4
С) 6х+7(х+0,2)=4; Д) 6(х+0,2)+7х=4.
Рефлексия
1. Сабақтың мақсаты қандай болды?
2. Мен мақсатқа жеттім бе?
3. Мен не білдім?
4. Мен нені үйрендім?
5. Мен нені түсінбедім?
6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген