400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Мәтіндік есептерді теңдеу арқылы шығару" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары "Мәтіндік есептерді теңдеу арқылы шығару" 6 сынып қмж қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ



Күні: 25.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.6 Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Бір айнымалыс бар сызықтық теңдеулерді шеығара алады;

Оқушының басым бөлігі:

  • Мәтіндік есептің математикалық моделін құра алады;

Кейбір оқушылар:

  • Сызықтық теңдеулер құрастыра отырып, мәтіндік есеп шығара алады



Бағалау

критерийлері

  • Есептің шартын қолданып, сызықтық теңдеу құрады

  • Мәтінді есептерді шығарады



Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Мәтіндік септің мағынасын түсініп, математикалық моделін құрастыра отырып, мәтіндік есептерді шығару жолын түсіндіре алады

Терминдер

«Теңдеу», «Теңдеудің түбірі», «теңдеудің сол жағы», «теңдеудің оң жағы», «сызықты теңдеу», «сызықты теңдеудің коэффициенттері», «математикалық модель»

Диалогка жазылған қажетті сөз тіркесі: «теңдеу деп – құрамында мәнін табу қажет болатын айнымалысы бар теңдікті айтамыз», «теңдеудің түбірі деп ..?», «теңдеуді шешу дегеніміз - ..?», «х ... болсын», «егер теңдеудің екі жағына бірдей санды қоссақ, онда...», «егер теңдеудің екі жағын нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, онда ...», «... белгілі болса, онда ... теңдеуін құрам». Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?



Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» Жалпы ұлттық идеясы арқылы - «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығында - жеңіл тапсырмадан күрделі тапсырмаға өтуде жұмыстың ең маңызды шарттарын қамтуды білетін, білімін толықтырып, жақсартып тұрақты өсуіп отыратын шығармашылықпен жұмыс атқаратын тұлғаны қалыптастыру.



Пәнаралық

байланыстар

Физика, геометрия, өзін-өзі тану



Бастапқы

білім

Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу.



Сабақ барысы



Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада

Презентация


Сабақтың ортасы


Ауызша «Кім тез есептейді»

Презентация

Қосымша 1

Математика.


.



Жұптық жұмыс

1 жұп

№1. Теңдеуді шешіңдер:

3(у - 5) - 2(у – 4) = 8. Ж: 15.

№2. Бірінші бидондағы сүт екінші бидонға қарағанда 3 есе көп. Егер бірінші бидоннан екінші бидонға 20 л сүтті құйса, онда екі бидонда да сүт бірдей болады. Әр бидонда қанша литрден сүт бар?

2 жұп

№1. Теңдеуді шешіңдер:

-5(5 – x) - 4x = 18. Ж: 43.

№2. AB кесіндісінің ұзындығы CD кесіндісіне қарағанда 2 см ұзын. Егер AB кесіндісін 10 см, ал CD кесіндісін 3 есе ұзартса, онда екі кесінді бірдей өлшемге тең болады. AB кесіндісінің ұзындығын табыңдар.

Дескриптор: Білім алушы:

№1. – жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіреді;

  • айнымалысы бар мүшені теңдіктің бір жағана, бос мүшені теңдіктің екінші жағына қарама-қарсы таңбамен көшіреді.

  • ax = b түріне келтіреді;

  • теңдеудің түбірін табады;

  • жауабын жазады.

№2. – белгісіз шаманы анықтайды;

  • мәтінді есептің шартын құрады;

  • бір айнымалысы бар теңдеу құрады;

  • ax = b түріне келтіреді;

  • теңдеудің түбірін табады;

  • жауабын жазады.


3 жұп

№1. Теңдеуді шешіңдер:

Ж: 4;-8.

№2. Қаладан ауылға дейін автобус 1,8 сағатта, ал жеңіл машина 0,8 сағатта жүреді. Егер автобустың жылдамдығы жеңіл машинаның жылдамдығынан 50 км/сағ кем болса, онда автобустың жылдамдығы неге тең?

4 жұп

№1. Теңдеуді шешіңдер:

Ж: 2; -5

№2. Бірінші машинаға екінші машинаға қарағанда 0,6 т астықты артық тиеді. Егер бірінші машинаға 1,2 есе, ал екінші машинаға 1,4 есе көп жүк тиесе, онда екі машинада да жүк бірдей болады. Әр машинаға қанша тонна жүк тиеді?

Дескриптор: Білім алушы:

№1. - модульді ашады;

- модульдік теңдеуден сызықтық теңдеуге көшеді;

- модулі бар теңдеудің түбірін табады.

- жауабын жазады.

№2. – белгісіз шаманы анықтайды;

  • мәтінді есептің шартын құрады;

  • бір айнымалысы бар теңдеу құрады;

  • ax = b түріне келтіреді;

  • теңдеудің түбірін табады;

  • жауабын жазады.


Бағалау.Тапсырмалары бірдей жұптар бірін-бірі дескриптор арқылы тексереді және бағалайды.



Математика.

6 класс. Учебник.

Виленкин Н.Я. и др.

Қосымша 2





















21 - 22 мин

Топтық жұмыс

1-тапсырма

Дескриптор: Білім алушы:

– белгісіз шаманы анықтайды;

  • мәтінді есептің шартын құрады;

  • бір айнымалысы бар теңдеу құрады;

  • ax = b түріне келтіреді;

  • теңдеудің түбірін табады;

  • жауабын жазады.

2-тапсырма

Дескриптор: Білім алушы:

  • жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіреді;

  • айнымалысы бар мүшені теңдіктің бір жағана, бос мүшені теңдіктің екінші жағына қарама-қарсы таңбамен көшіреді.

- модулі бар теңдеудің түбірін табады.

– белгісіз шаманы анықтайды;

  • бір айнымалысы бар теңдеу құрады;

Бағалау.Тапсырмалары бірдей жұптар бірін-бірі дескриптор арқылы тексереді және бағалайды.

Презентация





Қосымша жеке жұмыс

Қосымша 3



Сабақтың

соңы


Үйге тапсырма: №870 – есеп.

Бағалау: Бағдаршам арқылы

Жасыл – жақсы

Сары – ескерту

Қызыл- қате пікір

Қорытындылау

«Қосу, алу, қызықты»

Мен үшін құнды болған мәлімет ----------------

Сәтсіз болған нәрсе ---------------------------------------

Мен үшін қызық болды ---------------------------------------

Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А. Алдамұратова 2015














Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау тапсырмалары жұптық, жеке жұмыстарда беріледі. Үлгерімі төмен оқушыларға есеп шығарудың үлгілері беріледі, соған қарап бағыт алу арқылы қолдау көрсетіледі.

Сабақта қалыптастырушы бағалаудың түрі қолданылады. Жеке жұмыстар барысында жылдам жауап бергеніне қарай және дұрыс орындалуына қарай ауызша мадақтау көрсетіледі. Топтық жұмыстар дескриптор арқылы бағаланады. Сонымен қатар оқушы өзінің шамасына қарай бағдаршам бойынша бір-бірін бағалайды. Оқушылар есептерді шығарып болғаннан кейін өзара қағаздарын алмасып бірін-бірі тексереді, пікірін білдіреді. Сабақ соңында оқушы өзінің бүгінгі сабақтан алған ойын рефлексивті түрде мұғалімге жазып қалдырады.

Топпен жұмыс жасаған кезде сынып ішінің қозғалуға ыңғайлы етіп орналастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі