400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Мектепке саяхат"1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздар арасындағы білім беру тәсілімен алмасушылық. Бұл сабақты жариялай отырып ,өз білгендеріммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы
  • Сабақ:

Мектепке саяхат

Мектеп:М.Горький атындағы мектеп-гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Борашева Д.

Сынып: 1

Қатысқандар: 25

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.2.2 мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау;

1.1.2.3 мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру;



Барлық оқушылар орындай алады:

мектептің адам өміріндегі маңызын түсінеді. Мектептегі функционалдық аймақтардағы тәртіп ережелерін сақтайды,түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мектепте қандай бөлмелер болатынын біледі және ол бөлмелерді өзі таба алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мектеп сызбасы арқылы функционалдық аймақтардың орналасқан жерін біледі.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Мектептегі тәртіп ережелерін сақтайды. Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: кітапхана, асхана, дәрігерлер бөлмесі


Сыныптағы диалог (жазылым үшін) сай келеді:


Талқылауға арналған сұрақтар:

Өзіңді суреттегі мектепте жүрмін деп елестет.

Суретте қандай бөлмелер көрсетілген?

Олар не үшін қажет?

Бұл бөлмелер мектебіңнің қай жерінде орналасқан?


Бағалау критерилері

Мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтайды

Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсінеді

Мектептің адам өміріндегі маңызын түсінеді. Мектептегі функционалдық аймақтардағы тәртіп ережелерін сақтайды,түсінеді.

Мектептің маңыздылығын түсінеді.

Функционалдық аймақтардың бір-бірінен айырмашылығын анықтайды.

Әр аймақтағы тәртіп, ережелерін сақтауды біледі.

Мектепте қандай бөлмелер болатынын біледі және

ол бөлмелерді өзі таба алады.

Мектептегі бөлмелерді түсті бояулар арқылы жазады. Түстерді ажырата біледі.


Мектеп сызбасы арқылы функционалдық аймақтардың орналасқан жерін біледі.


Мектепке саяхат жасау арқылы функционалдық аймақтардың нақты орнын анықтайды.Әр бөлменің тиісті құрал- жабдықтарын бағыттау арқылы жазып көрсетеді.

Құндылықтар

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.


Пән аралық байланыс

Сауат ашу,жартылыстану,математика

Алдыңғы оқу:

Үлкенді сыйлау,мұғалімнің,дәрігердің, аспазшының кім екенін біледі. Жол береді, сәлемдеседі. Мектепте көптеген бөлмелер бар.Бұл -сынып кабинеттері, асхана, кітапхана, дәрігерлер бөлмесі. Олар белгілі бір қызмет атқарады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Басы 2 минут














Ынтымақтастық атмосферасын орнату

Сыныпты суреттер арқылы тақырыптағы тірек сөздерді пайдаланып топтарға біріктіреміз.








Оқушылардың санына қарай суреттер үлестіріледі

Ортасы

4 минут
























Топтарға тапсырмалар.

I топ: «Дәрігерлер» Дәрігерлердің атқаратын қызметі қандай? Дәрігелер қандай құралдарды пайдаланады?

II топ: «Аспазшылар» Аспазшылардың атқаратын қызметі қандай? Аспазшылар қандай құралдарды пайдаланады?


III топ: «Кітапханашылар»

Кітапханашының атқаратын қызметі қандай? Кітапханада қандай заттар кездеседі?

Бұл тапсырманың мақсаты:

Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді


























Дискрептор

Аталған мамандықтардың атқаратын міндеттерін біледі.





5 минут










Дәптермен жұмыс.

Мектеп сызбасын ал.

Өзің оқитын сыныпқа жасыл түсті белгі қой.

Қызыл түсті белгімен асхананы, кітапхананы, дәрігер бөлмесін белгіле.

Сызбадан бұл бөлмелерге баратын қысқа жолды тап.

Бұл бөлмелер не үшін қажет?

Түрлі-түсті қарындаш,жұмыс дәптері,мектеп сызбасы








Сергіту жаттығуы

8 минут










«Мектепке саяхат»

Сен ол жерге қалай жеттің?

Бұл бөлмелерге барып,бақылау жүргіз.

Бұл тапсырманың мақсаты:

мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау



Дискрептор


Мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтайды



Топтық жұмыс: «Көз алдыңа елестет» ойынын өткізуге болады.Тапсырманы біздің мектепте қандай бөлмелер бар және олар неге арналған?» деген сұраққа жауап алудан бастауымызға болады. Содан кейін олардан 1-суретке қарауын және суретте қандай бөлмелер бейнеленгенін, неге арналғанын және қайда орналасқанын айтуын сұрау Суреттеген кезде оқушылардың «сол жақта», «оң жақта», «ортасында», «төменгі жақта», «жоғары жақта», «бірінші/екінші/үшінші қабаттарда», «жанында» және т.б. сөздерін дұрыс қолданғаны өте маңызды.

I топ: «Дәрігерлер»

Дәрігерлер бөлмесін анықтау

II топ: «Аспазшылар»

Аспазшылар бөлмесінің қайда орналасқанын анықтау.

III топ: «Кітапханашылар»

Кітапхана қайда орналасқанын анықтау.

Ойынның мақсаты:

мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау; мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіну.


Дискрептор

Функционалдық аймақтардағы тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінеді


5 минут

Қосымша тапсырма ретінде жұмыс дәптеріндегі 1- «Лабиринт» тапсырмасы орындауға беріледі.Оқушылар лабиринтте қарындашпен сызық жүргізу арқылы барлық заттарды тиісті бөлмелерге апаруы тиіс. Бұл тапсырманы сыныпта да орындатуға болады. Себетке бірнеше заттар салынады. Оқушы олардың кез келгенін таңдайды, мысалы, градусник. Бұл заттың атауын айтып, оны «Дәрігер бөлмесі» деген жазуы бар үлестірме парақшалардың жанына қояды.



Қосымша мәліметтер:

2 минут

Сен білесің бе?

Дания елінде ерекше мектеп бар.Онда жекелеген бөлмелер жоқ.Барлығы бір үлкен бөлмеде оқиды. Өзінің орналасуы және сәулеті жағынан ерекше мектептер туралы ақпарат.

Ашық кеңістіктегі мектеп (Дания) Мектептің ішінде бір де бір жеке кабинет және сынып бөлмесі жоқ. Есесіне мектептің ортасынан өтетін үлкен айналмалы баспалдақ бар. Мұнда барлық жерде сымсыз интернет бар, ал еденде ашық түсті жастықшалар жатыр.

Террасет – жер астындағы мектеп

Террасет мектебі Рестон қаласында орналасқан.


Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

5 минут

Ой қозғау

«Маңызды мамандықтар»

Мектептің маңыздылығын түсінеді

Топтық жұмыс

«Көз алдыңа елестет» ойыны

Функционалдық аймақтардың бір-бірінен айырмашылығын анықтайды

Жеке жұмыс

«Лабиринт» тапсырмасы

Әр аймақтағы тәртіп, ережелерін сақтауды біледі.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Критериалды бағалау. Қалыптастырушы бағалау.

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік.

Қаламсаппен қаламды пайдаланғанда абайла!

Баспалдақтан мініп, түсуде абай бол!

Саяхат кезінде тыныштық сақта!



Рефлексия










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2144
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі