400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Мен адаммын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге өте қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:

«--------» ------------ 2018ж

---------------------------------

Мектеп: «Үстірт орта мектебі» КММ Мерзімі: 17.10.2018ж

№ 7 сабақ Сабақтың тақырыбы: Мен – адаммын!

Мұғалім: Н. Уразниязова Сынып: 5 «а», «ә», «б», «в»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның өмірлік мақсат –мұратының маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Білімділік: оқушыларға жақсылық, қайырымдылық жасаудың мағынасын түсіндіре отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды өзіне және өзгелерге қайырымды іс жасауғааа, өзін кемелдендіруге баулу арқылы қамқорлық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды жақсы адам болуға, қайырымдылыққа тәрбиелеу

Ресурстар: оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер, аққағаз, гүл, жүрек суреттері

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі 5«Т»еске түсіру.

Жағымды күйге келу. Тыныс алу жаттығуы

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6- 8 рет)

Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықта «Аяз би» аңызы берілген оқып мазмұндау.

Талдау сұрақтары:

  • Билік пен байлық адамды өзгертпес үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

  • Адам өзін-өзі қалайша тәрбиелегені дұрыс деп санайсыңдар?

  • Адам үшін өмірдегі басты нәрсе не деп есептейсіңдер?

  • Өзіңді өзің басқара аласың ба? Қалайша?


Дәйексөз

Адам деген ардақты ат

Халық нақылы

* Ұлдарға хормен оқыту.

* Қыздарға хормен оқыту.

* Дәптерлеріне жаздыру, мағынасын аштыру.

* Оқушылардың жауабына сүйене отырып, қорытынды жасау


Әңгімелеу Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық


Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып:

- Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер,- дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты.

Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:

-Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса жап жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды.
Патша біраз тыңдаған соң:

-Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті.


  • Неліктен екінші құл өзінің жолдасын жамандамай, тек мақтауын асырды?

  • Адамның сырт келбетіне қарап, ол туралы қорытынды шығаруға бола ма? Неліктен?

  • Адам қандай құндылықтары мен қасиеттері арқылы шынайы сұлулыққа ие болады?

  • Өздерің адамдардың бойындағы қандай сұлулығын бағалайсыңдар? Түсіндіріп беріңдер.


Шығармашылық жұмыс (құндылықтармен қасиеттер арқылы топқа бөлу)

Дұрыс әрекет тобы: Өткенімді қалайша жамандармын,

Мен де талай мазақтан аман қалдым.

Бәрінен де қымбаты

Адамдарға

Жылылығы жетпей жүр адамдардың

Мейірімділік тобы: Сені де елеп жүретін,

Мені де елеп,

Солар жайлы ойлайық көбіне-көп.

Адамдарды бөлмеймін адамдардан

Жаны жомарт жандардың жөні бөлек.


Қамқорлық тобы: Кімге керек біреудің ұлылығы,

Кімге керек біреудің ірілігі.

Қырсыққанда жетпейді,

Дәл сол кезде

Адамдардың адамға жылылығы.


Топпен ән айту Адам бол, адам!

Өлеңін жазған: Ж. Молдағалиев

Әнін жазған: Ә. Бейсеуов

Ай, жұлдыз аспан төсін алқалаған,

Жер-ана әлдилеген, арқалаған.

Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ-

Бәрі де саған құштар, дарқан адам.

Қайырмасы:

Адам бол, адам!

Адам бол, адам!

Сұлу бол адам!

Жылу бол адам!

Биікте бол адам!

Сүйікті бол, адам!

Тірліктің тәттілігі, қаттылығы,

Сағыныш, махаббат, мұң, шаттық үні.

Өтеді бәрі менмен жүрегіңнен

Секілді шеру тартқан ат дүбірі

Қайырмасы:


Үй тапсырмасы: Оқулықтағы Василий Сухомлинскийдің «Қарапайым адам» аттты әңгімесін оқып мазмұндап келу


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабағымыздан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, көкейімізге түйіп алайық. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1047
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі