400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары, Мен әлемді сүйемін..

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылысты сүю әр адамның парызы екендігін ақиқат құндылығы арқылы түсіндіру. Әлемге деген шынайы сүйіспеншіліктерін түсіне білуге, өзгелерге түсіндіре білуге жол ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары

Мектеп: «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ

Мерзімі: № 23-сабақ

Педагог: Советова Мейрамгуль Ергазыкызы

Сынып: 8 Оқушылар саны_______

Сабақтың тақырыбы: Мен әлемді сүйемін Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық.

Сабақтың мақсаты: Жаратылысты сүю әр адамның парызы екендігін ақиқат құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өмірде өз-өзіне адал бола білуді үйрету;

Дамытушылық: - жаманнан жақсыны ажырата білуге баулу;

Тәрбиелік: - өмірде шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлем-десу түгел деу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Туған жер – тағдырым» Қалқаман Сарин

Туған жерім – тұғырлы өлкем, Туған жерім, сен – ұлысың,

Тәй-тәй қадам басқан жерім. Баба мұра бақ-несібем!

Өзіңде өткен ғұмыр көркем, Саған деген сағынышым,

Ай-хай далам, асқар белім. Жүрегімнің қақты есігін.

Туған жерім, мөлдірейді, Туған жерім, сыйың бөлек,

Жанарымда аспан –көгің. Алтын ұя, ақ бесігім.

Жан-жүрегім елжірейді, Сені мәңгі сүю керек,

Естен кетпес жас-дәуренім. Сүймегенге жоқ кешірім!

Туған жер, туған ел – айбыным!

Гәккулі, аққулы айдыным!

Жақұтым, бақытым – байлығым сен!

Туған жер, туған ел – тағдырым,

Сен барда жалғанда бар құным,

Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!

Музыка қойы лады



3.Дәйексөз

Сұлулық әлемді құтқарады

  • Сұлулықтың қай түрі айтылуда?

  • Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер болады?


4. Әңгімелеу:

Тиінді құтқару Өтебай Тұрманжанов

  • Дариға мен Анарбай тиінді неліктен құтқарып алды?

  • Адамның қоршаған табиғатты сүюінің мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • Әңгімедегі кейіпкерлердің ізгі әрекетінен қандай сабақ алдыңдар?

  • Өздерің қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктеріңді қандай әрекеттеріңмен көрсетіп жүрсіңдер?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақ- пыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі» деген ой –тұжырымын талқылаңдар.


2-тапсырма: «Жер қазына» мәтінін оқып, өз тұжырымдарың- ды айтыңдар.


6.Топпен ән айту Дуние керуен Жігіттер тобы

Өтетін сейілмен, Қуаныш, қайғының,

Ей, дүние базарсың. Бәрі де бітеді.

Пенделік пейілден, Бұл дүние таусылса,

Жүрегім тазарсын. Шын дүние күтеді.

Қайырмасы: Адамға бақ берер тек қана Аллам екен,

Өмірдің қызығы біреуге арман екен.

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен?

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!

Амал қыл фәниде,

Иманның жолында.

Бәрі де, бәрі де,

Алланың қолында.


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау» тақырыбына эссе жазу.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.03.2022
986
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі