Сабақ жоспары: Мен және қоршаған әлем

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Мен және қоршаған әлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен беретін пән мұғалімдеріне қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейі

Күні: 27.04.2021ж

: 21 сабақ

Мұғалімі: Айенова Әлия Пайызханқызы

Сыныбы: 6 «а»

Оқушылардың саны:30

Тақырыбы: Мен және қоршаған әлем

Құндылығы: Қиянат жасамау

Қасиеттері: Мейірімділік, қамқорлық,қоршаған ортаны қорғау

ділік

Мақсаты: Оқушыларға адам және қоршаған әлем үйлесімділігі туралы түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігі туралы білім бере отырып,мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру

  2. Дамытушылық: Оқушыларды қоршаған ортаға аялы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


Жағымды көңіл-күйге келу. Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Түзу отырамыз қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].

2. Үй тапсырмасын тексеру.


«Жайын ілерде» мәтінін оқып келу. 85 бет.

Сұрақтар:

    1. Атасы немересінің балыққа баруына не себепті қарсы болды деп ойлайсыңдар?

    2. Атасы рұқсат бергенде әкесінің қуанғанын қалай түсінесіңдер?

    3. Мәтінде қысқы табиғат көрінісі қалай суреттелген?

    4. Отбасымен немесе достарыңмен табиғат аясына серуенге шығып тұрасың ба? Алған әсеріңмен бөліс.


3. Сабақтың дәйексөзі.

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ ,

Табиғаттың оны айтарға тілі жоқ.

Қадыр Мырза Әли

Қадыр Ғинаятұлы МырзалиевҚадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жылЖымпитыОрал облысы - 24 қаңтар 2011 жылАлматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы

(Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды)

  1. Табиғатты әдемі ету кімнің қолында?

  2. Табиғатты қалай аялау керек?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Табиғатты қорғайық, аялайық ! (бейне көрсетілім)

Сұрақтар:

  1. Адамдар табиғатсыз күні жоқ екенін біле тұра қандай зиянын тигізеді?Олардың бұл әрекеті дұрыс па?

  2. Табиғатқа жасалған қиянат өзімізге, болашағымызға жасап жатқан қиянат екенін білеміз бе?

  3. Өздерің қоршаған орта мен адамдарға қандай пайдалы істер жасап жүрсіңдер?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.


1-топ.Бізді қоршаған орта туралы мәтінді оқып, адам мен табиғаттың байланысын ондағы барлығына ортақ дүниені табыңдар.

Бізді қоршаған орта: жан жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығыда табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы: жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.

Аспан денелердің қозғалысы гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы қоршаған ортадағы өзгерістер.

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты.

  • Табиғат құбылыстарындағы өзгерістердің себебін түсіндіріп беріңдер.

  • Табиғатты қорғауда қандай тиімді жолдарын білесіңдер?

2-топ. Табиғат-ғажап әлем тақырыбында эссе жазу.

3-топ.  Мақал-мәтелдерді жалғастыру.

Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.

Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.

Таумен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар.

Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос - жарымен мықты.

Табиғат жер байлығы,

Батырлар ел байлығы.


    1. Топпен ән айту.

Үшқоңыр

Сөзі: Н.Назарбаев Әні:А.Қоразбаев

Үшқоңыр Алатаудың қойнауыңда
Әкемнiң iзi қалған жайлауыңда
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлi еркелеп
Арқарың жайылатын аймағыңда

Ай, Үшқоңырым, туған жерiм
Рахым нұры тұнған жерiм
Ай, Үшқоңырым, тал бесiгiм
Жүрегiмде мәңгi есiмiң

Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар
Бабалар тұлпарының дүбiрi бар
Бұл жерде Жамбыл-"Жәкең" өлең айтқан
Өнердiң, ақындықтың тұғыры бар

Ай, Үшқоңырым, туған жерiм
Рахым нұры тұнған жерiм
Ай, Үшқоңырым, тал бесiгiм
Жүрегiмде мәңгi есiмiң


7. Үй тапсырмасы.

1. Табиғат құбылыстарын жете түсіну үшін «Қоршаған әлем және адамзат баласы» тақырыбында сыныптастар арасында сауалнама жүргізіңіздер.

2.Келесі сабақ №22 сабақ. «Есею» мәтінін оқып келу. 88-бет.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2021
1115
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі