Сабақ жоспары "Мен өз есімімді жақсы көремін"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Мен өз есімімді жақсы көремін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың өз-өзіне деген сенімін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 -сабақ «Мен өз есімімді жақсы көремін»

Мақсаты: Топтағы балалармен қарым-қатынас орнату, өзін-өзі дамыту. Эмоционалды нақты қимылдарды дамыту. Құрбы-құрдастарын тыңдай білуге үйрету.


Шаттық шеңбері. Сәлемдесу.

А рмысың аспан ата,

Армысың жер ана.

Армысың күннің көзі,

Армысың достарым.

Жүректен шыққан жылуым

Міне, менің қолым!

Салеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Әр адамның есімі - өзіне өте маңызды. Ол әлемдегі ең әдемі әуен сияқты естіледі. Сондықтан біз сабағымызды бастамас бұрын, есімдерімізді әндетіп атап амандасайық. Әуелі ақырын, ал енді қаттырақ. Жарайсыңдар!




Ойларымен бөлісу.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, сендерді достарың қалай атағанын қалар едіңдер?


Ақыл-кеңес.

Балалар ренжігенде немесе қатты ашуланғанда, өкпелеп араздасқанда бір-бірлеріңнің аттарыңды ажуалап мазақтауға болмайды. Осыны әрдайым естеріңде сақтаңдар!


Ойын «Орныңды тап»

Мақсаты: шапшаңдыққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту.

Ойынның барысы: Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есіне сақтап алуы керек. Жүргізуші бірінші белгі бергенде, балалар бөлменің жан-жағына тарап кетеді.

Екінші белгі бергенде бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есіне сақтап, қайта шеңбер құрайды. Өз орнын дұрыс тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.

1-белгі: шапалақтау,

2-белгі: барабан немесе сылдырмақпен беріледі.


Ойын «Досыңды қуант»

Мақсаты: Жақсы көңіл-күй, жылулық сыйлау.

Ойынның барысы:Балалар шеңбер құрып отырады. Барлық отырған балалар кезекпен қасында отырған балаға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады. Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне тура қарап, жылы жүзбен күлімсіреп айту керек.

Мысалы:сен бүгін әдемісің, мейірімдісің, көйлегің өзіңе жарасып тұр.



С урет «Мен өзгелердің көзімен»

Ой тастау:

- Балалар сендерді достарың қалай елестетеді деп ойласаңдар?

- Олар сен туралы не ойлайтынын білесің бе?

- Сен оларға қалай әсер етесің?

- Әр түрлі жағдаяттарда достарыңның көзімен қарағанда, қалай көрінетініңді елестеуге тырысып көріңдерші!

(балалар жайғасып отырып, көздерін жұмып елестетеді)

-Айналаңдағы достарың сенен не күтеді?

-Оған сенімен жақсы ма?

Психолог: балаларға жиегі қызыл түсті қағаз «айна» таратып, оған «Мен өзгелердің көзімен» бейнесін салуды ұсынады. (Педагог балалардың жұмысына араласпай, бақылап отырады)


Релаксация

-Ал енді, балалар кілем үстіне ыңғайланып жайғасыңдар да көздеріңді жұмып, әр қайсың өз есімдеріңді дауыстап атап, оның қандай әдемі естілетінін, әрі өздеріңе қалай тамаша жарасатынын сезініп көріңдер.


Талқылау: Балалар, жақын адамдарды қалай атайды?

-Туысқандар немесе туыстар.

-Дұрыс.

-Ал, сендер өздеріңнің ата-аналарыңды, туған-туыстарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар?

- Анашым, әкетайым, әжетайым, апатайым, аташым, көкетайым –деп жауап береді.

Сабақ соңында балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып қоштасады.

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Кездескенше күн жақсы,

Сау саламат болайық-деп жаттығу соңында балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып қоштасады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі