Материалдар / Сабақ жоспары "Менің ақ лағым бар" 3-сынып

Сабақ жоспары "Менің ақ лағым бар" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары "Менің ақ лағым бар" 3-сынып. Бқл сабақ жоспары қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардың 3-сыныбына арналған. Сабақ өте қызықты. Үй жануары ешкінің төлі лақ туралы оқушыларға таныстыру.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: №38 ЖОББМЛ

Мұғалімнің аты-жөні: Бахтина А.Н.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің ақ лағым бар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.​1.​2.​1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

  1. Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

  2. Тақырып бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру

  3. Заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді орынды қолдану

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, диалог барысында сұрақ қояды, сұраққа жауап береді

Оқушылардың кейбірі: диалогқа еркін қатысады

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша диалогқа қатысады.

Заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданады.

Лексикалық минимум

лақ, секіреді, еркелейді

Грамматикалық минимум

Тәуелдік жалғау

Менің лағым, сенің лағың, сіздің лағыңыз, оның лағы

Заттың сынын білдіретін сөздер: ақ, сүйкімді, кшкентай

Заттың қимылын білдіретін сөздер: секіреді, еркелейді, ойнайды, ішеді

Құндылықтарды дарыту


Ешкінің сүтінің пайдасын біледі.Ежелден келе жатқан ата кәсібіміздің маңыздылығын түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім


Бұл-малдың төлі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


«Жылы сөздер»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады. Үлгі: Анам маған «ботақаным» деп айтады.


Өткен тақырыпты еске түсіру.

«Үй жануарлары және төлдері» тақырыбына «Бинго» ойынын ойнату.

Жылқы

Түйе

Құлын

Сиыр

Ешкі

Бота

Қой

Қозы

Бұзау

Алты ұяшықтан тұратын кесте сызып, оның ішіне алдыңғы сабақта өткен сөздерді жазу. Кестені көрсетпей, оқушылардың өздеріне төркөздерге үй жануарлары мен төлдеріне қатысты алты сөз жазуды тапсыру. Оқушылар жазып болған соң, кестені тақтадан көрсетеді. Мұғалімнің жазғанымен (тігінен немесе көлденеңінен) үш сөз сәйкес келсе, «Бинго!» деп айтады. Сол оқушы жеңімпаз болады.

Сабақ мақсатымен таныстыру

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.

Тақырып бойынша диалогқа қатысамын.

Заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.


Сабақтың ортасы


(МК, Ұ) Жаңа сөздерді ым-ишара, қимыл арқылы меңгерту

секіреді еркелейді


Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.

Лақ таста секіреді. Лақ шешесіне еркелейді.

(Ө, Ж) Тыңдалым

Тыңдалым мәтіні

Лақ – кішкентай жануар. Ол өте сүйкімді. Лақ секіреді, ойнайды. Ақ, қара лақтар болады. Лақтар шешесіне еркелейді.

Мәтінді тыңдайды және “Блиц-бақылау” әдісі бойынша сұрақтарға 1-2 сөзбен жауап жазады (сұрақтарды кезекпен оқып тұру немесе тақтадан көрсету).

Көрші отырған оқушымен жұмыстарымен ауысады, бір-бірін тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен тексереді және бағалайды.

  • Мәтін не туралы?

  • Лақ қандай?

  • Лақ не істейді?

  • Лақ кімге еркелейді?


Көршісінің жұмысын бағалайды.

  • Өте жақсы түсінген.(4 балл)

  • Жақсы түсінген.(3 балл)

  • Дұрыс түсінген жоқ.(2 балл)

  • Мүлдем түсінген жоқ.(0-1 балл)


Кері байланыс







(Т) Жазылым. Оқушылар екі топқа бөлініп, мәтін мазмұны бойынша кестені толтырады.


Лақ қандай?

Лақ не істейді?







Топтар бір-біріне оқиды, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.


(Ж) Айтылым. Жұпта отырған оқушылар суреттер бойынша сөйлемдер құрап жаттығады.

«Сөздік теннис» ойыны. Көрші отырған оқушылар кезекпен сөз айтып, толық сөйлем құрастырулары керек.

Үлгі:

Лақ

Ақ лақ

Ақ лағым бар.

Менің ақ лағым бар.

Менің бес ақ лағым бар.

Менің қорамда бес ақ лағым бар.


Сергіту сәті

«Атомдар мен молекулалар»

Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.


(Ө) Жазылым. Өздері жақсы көретін малдың төлдері туралы мәтін (4-5 сөйлем) құрастырады.

Қолдау үшін берілетін сұрақтар:

  • Ол қай малдың төлі?

  • Ол қандай?

  • Ол не істейді?

«Бағытталған жазу» әдісі (қолдауды қажет ететін 2-4 оқушыдан құралған топ құрып, жетекшілік ету) . Орындап болған соң, қалаулары бойынша бірнеше оқушының жауаптары тыңдалады. «Бес саусақ» әдісі арқылы сынып оқушылары бағалайды.

  • Бас бармақ- өте жақсы

  • Балаң үйрек -ұсынысым бар

  • Ортан терек - жақсы

  • Шылдыр шүмек- шектеулі

  • Кішкентай бөбек - нашар


(Ж) Айтылым. Оқулықтағы суреттерде берілген лақтар туралы мультфильмдерді естеріне түсіреді. «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін көреді (3 минут). Муьтфильмнің мазмұны бойынша жұбымен диалог құрастырады.

Дескриптор:

  • Тақырып бойынша диалог құрастырады.

  • Кейіпкерлерге мінездеме береді.

  • Сөйлем құрылымын сақтайды.

«Жеті лақ» «Жолбарыстың баласы мен лақ»










































































https://www.youtube.

com/watch?v=mvzWFnzsN0o

«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы: тақпақты жаттау

Ақ лағым

Жар басында жүреді,

Тау басына шығады.

Шапқылайды үнемі.

Ақ ешкінің лағы.

Алды-артына қарамай,

Кезеді көл жағалай.

Оның барлық мінезі.

Ойынқұмар баладай.

Рефлексия

Мен ..... туралы жаңа ақпарат білдім.

Мен .... сияқты сөздерді меңгердім.

Мен үшін .... қызық болды.

Мен ..... таңқалдым.

Мен үшін .... қиын болды.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



ЖИ арқылы жасау
20 Қаңтар 2019
7895
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі