Сабақтың
тақырыбы:Менің елім –
Қазақстан.
Сабақтың мақсаты: Әр түрлі
тапсырмалар арқылы оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін
кеңейту.
-
Сабақтың
міндеттері: Білімділік . Тақырып бойынша меңгерген
сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, өз ойларын жеткізе білуге
үйрету.
-
Дамытушылық Сөздік қорын байыту:
ауызекі сөйлеу тілін дамыту: лексикалық тақырып бойынша сөйлесе алу
дағдысын қалыптастыру.
-
Тәрбиелік. Отанға, туған жерге деген
сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің патриоты болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: бекіту
сабағы
Сабақтың
көрнектілігі: интерактивті тақта,
суреттер
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: интерактивтік оқыту
әдісі, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап ,сөйлемдер құрастыру,мәнерлеп
оқу, сұхбат құру.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар,бүгінгі сабағымыз
жай емес, ерекше сабақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса
қонақтарға сәлем берейік.
Кішіге де
сіз.
Сәлем бердік
сіздерге
Құрметпенен
біз.
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
-
Қыс айларын
атаңдар..
-
Бүгін желтоқсанның
нешесі?
-
Бүгін аптаның қай күні?
-
Бүгінгі күнді дәптерлеріне
жазып қойындар.(слайд№1 )
- Бүгінгі сабақтың эпиграфы
«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас»
(слайд №2)
-
Балалар, өткен сабақта біз
қандай тақырып өттік?
-
«Менің Отаным» тақырыбын
өттік.
-
Осы тақырыпқа байланысты үйге қандай тапсырма
берілді?
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау. (слайд
№3)
1. Оқушылар өздері салып әкелген суреттері
бойынша әңгімелейді.
2.Қазақстан туралы тақпақ.
3.Диалог құру.
ІІІ. Жаңа
сабақ
«Адасқан әріптер» ойыны
(слайд №4)
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы
«Менің елім – Қазақстан». (слайд №5)
- Біз бүгін сабақта
сұрақтарға жауап береміз,мәтінмен жұмыс жасаймыз, жаттығуларды
орындап грамматикалық тақырыпты қайталаймыз. (слайд
№6)
- Жұмыс жасу үшін, алдымен
жаңа сөздермен жұмыс жасаймыз.
Жаңа сөздермен
жұмыс. (слайд
№7)
Жаңа сөздер. Тыңдаймыз,
қайталаймыз.
Мемлекеттік –
государственный
Кең – байтақ –
обширный
Жер – земля
Тұңғыш – первый
Ту – флаг
Елтаңба – герб
Әнұран – гимн
Болашақ - будущее
а) сөздерді өзіміз оқып
береміз;
ә) сөздерді бірнеше оқушыларға
оқытамыз;
б) сөздермен сөз тіркесі
немесе сөйлемдер құрату;
в) дәптерлеріне
жазғызу.
Мәтінмен
жұмыс (слайд
№8-14)
Қазақстан
Менің елім – Қазақстан.
Оның жері кең-байтақ. Нұрсұлтан Назарбаев – еліміздің тұңғыш
президенті. Қазір еліміздің Мемлекеттік туы,елтаңбасы, әнұраны
бар.
Астана – болашақтың қаласы.
Тапсырмалар:
1.
аудирование;
2. оқушылардың мәнерлеп оқуы;
3. Мәтін бойынша сұрақ – жауап.
4. Мәтіннің мазмұның кім айтып
береді?
Сергіту
Тапсырмалармен жұмыс
1
тапсырма «Адасқан
сөздер» (слайд
№15)
2
тапсырма Мен,бен,пен
жалғаулықтарын жазу. (слайд
№16)
3
тапсырма Сөздерді
тәуелдеу (слайд
№17)
ІV
Бекіту
«Сиқырлы сандықты» ойыны
(слайд №18)
Берілген сандарды таңдап жасырылған сұрақтарға
жауап беру.
1
2
3 4 5 6
1.Қазақстан қандай
мемлекет? (слайд №19)
2. Қазақстан жері қандай?
(слайд №20)
3.Қазақстанның президенті
кім? (слайд №21)
4. Қазақстанның астанасы
қай қала? (слайд №22)
5. Тұңғыш президент күні
қай күн? (слайд №23)
6.Тәуелсіздік күні қашан?
(слайд №24)
7.Астана қандай қала?
(слайд №25)
Мақал-мәтелдерді
толықтыру(слайд
№26-29)
-Балалар, сендер Отан туралы
мақал-мәтелдерді білесіңдер ме?
Онда келесі тапсырманы
орындайық.
Қорытынды
-Сонымен балалар, бүгін біз үлкен тақырыпты
өттік.
Ассоциация құру.
«Қазақстан» (слайд
№30)
-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады
ма?
Енді Туған жер туралы ән
айтайық.
Оқушыларды бағалау.
Үйге
тапсырма: «Менің елім - Қазақстан»
туралы әңгімелеу. (слайд №31)
Диалог құрастыру
Бүгінгі сабағымыз аяқталды ,
рақмет.