Сабақ жоспары "Менің есімім"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Менің есімім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға есімдері туралы мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 -сабақ «Менің есімім»


Мақсаты: Балалардың өзін таныстыруға, дұрыс сәлемдесуге, басқаларды тыңдай білуге үйрету. Сәлемдесу арқылы, балалардың бір-біріне деген жылы сезім мен жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру.


Ш аттық шеңбері. Сәлемдесу.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң, Дария !

Қайырлы таң, Елдар!

Қайырлы таң, Темірлан!

Қайырлы таң, Санжар !

Қайырлы таң, Томирис!

Қайырлы таң, Анель!

Қайырлы таң, Шыңғыс !

Қайырлы таң, Нұрдәулет!

Қайырлы таң балалар!

(Осылайша шеңберде тұрған балалардың атын атап амандасып шығу).

Салеметсіңдер ме балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

-Балалар, біз өткен сабақта, сендердің есімдерің қандай мағынаны білдіретіні жөнінде әңгімелескенбіз. Ал бүгін, сендерді ата-аналарың еркелетіп қалай атайтыны жөнінде әңгімелесейікші.

- Мені анам еркелетіп «күнім» - дейді.

- Ал, мені әкем еркелетіп «ботам» - дейді.

- Мені әжем еркелетіп «шырағым» - дейді.

- Ал, мені атам еркелетіп «қолғанатым» - дейді.


Ойын «Есімімді ата» (Доппен ойнау)

Мақсаты: Балалардың тілектестік қарым-қатынасын дамыту.

Ойынның барысы:Мен допты лақтырып, баланың есімін толық атаймын, қағып алған бала есімін қысқартып айтады.Сосын керсінше ойнау.

Ойын «Кім жоқ? »

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Ойынның барысы:Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап қалуы керек. Балалардың барлығы көздерін жұмып тұрады. Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз бөлмеден шығып кетеді. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенін тауып алуы керек.


Сурет «Өз бейнеңді сал».

Психолог: балаларға жиегі көк түсті қағаз «айна» таратып беріп, оған өз бейнелерін салып берулерін ұсынады:

- Балалар мына жиегі көк түсті « айнаға», өздеріңнің қандай болғыларың келетінін, көз алдарыңа елестетіп салып беріңдер. (Педагог баланың жұмысына араласпай, бақылап отырады)


Релаксация

  • Ал енді, балалар кілем үстіне ыңғайланып жайғасыңдар да, көздеріңді жұмып айналамызда, ішкі дүниемізде не болып жатқанын тыңдап көріңдер.

Әр қайсың өз есімдеріңді дауыстап атап, оның қандай әдемі естілетінін, әрі өздеріңе қалай тамаша жарасатынын сезініп көріңдер!

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Кездескенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық-деп жаттығу соңында балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып қоштасады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
1095
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі