Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: Менің өлкем 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабаққа қолдануға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Өлкені сипаттау өнері

Мектеп: ЖББ№17

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шакенова Ботагоз Женисовна

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

1-сабақ. Менің өлкем

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

6.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;

6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру;

Сабақ мақсаты

  1. Сұрақтар негізінде тыңдалған мәтіннен негізі ойды түсіндіру;

  2. Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;

  3. Сюжетті суреттер желісі бойынша мәтін тақырыбына сәйкес әңгіме құрастыру;

Бағалау критерийі

  • сұрақтар арқылы «Туған өлкем» мәтінінің негізгі мазмұнын түсіндіреді;

  • тірек сөздер бойынша мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;

  • сюжетті суреттер желісі негізінде «Менің өлкем» тақырыбында әңгіме құрастырады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты терминдер: менің өлкем, туған өлке, туған жер, табиғат, көркем, салт-дәстүр.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Туған өлкеңнің табиғаты қандай?

  • Туған өлке деп нені айтамыз?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген: тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

  • өз Отанына деген құрметке;

  • туған өлкенің табиғатына құрметпен қарауға;

  • қарым-қатынас жасау қабілетін арттыруға;

  • жауапкершілікті нығайтуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Туған жерінің табиғатын танып білу үшін география, тыңдауға арналған аудио мәтінді, АКТ-ны, информатика пәндерімен байланыстырады.

Алдыңғы білім

Туған жер, табиғат, қоршаған орта туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар


Сабақтың басы

10минут



























С. Психологиялық ахуал орнату «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты: көңіл-күйді көтеру, жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілей отырып, бір - бірлеріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңіл бөледі.


Топтастыру

«Молекулалар» әдісі

Орындалу тәртібі: оқушылар араласып жүреді, мұғалімнің айтуы бойынша 2 адамнан, 3 адамнан және 4 адамнан шоғарланады және соңғы 4 адам бойынша топқа бөлінеді.




С. «Сәлемдеме» әдісі арқылы кері байланыс арқылы орындалады.

Мақсаты: алдыңғы білімді еске түсіру, қайталау. Оқушылар жүргізуші берген қағазды бір-біріне береді, әуен тоқтағанда қағаз кімнің қолында қалса, сол қағазда жазылған сұраққа жауап береді.

Мысалы:

Қолөнерге нелер жатады?

Әшекей бұйымдардың қайсысы саған ұнайды?

Бұйымдарды жасайтын адамды кім деп атаймыз?

Ынталандыру: «жұлдызша» әдісі


С. «Миға шабуыл»

Аудио мәтінді тыңдау арқылы оқушылар бүгінгі тақырыпты анықтайды:

Мақсаты: бейнежазба тыңдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын ашу.

Жетекші сұрақтар:

  • Бейнежазбадағы өлең не туралы?

  • Сен қай жерде тұрасың?

  • Туған өлкеңнің табиғаты қандай?

  • Туған жерінде қандай ерекше орындар бар

ҚБ.: Ынталаныдыру. «Жақсы!», «Жарайсың!», «Тамаша!» сөздерін қолданып, ауызша мадақтау.









«Молекулалар» әдісі




«Сәлемдеме» әдісі



«Жұлдызша» әдісі

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

25 минут

























































































Тындалым алды жұмыс

С. 1-тапсырма. Сызба кестеде берілген үлгі бойынша сөздер мағынасын анықта.

Мақсаты: Графикалық кесте арқылы тірек сөздердің -мағынасын анықтау.

Орындалуы: Оқушылар кестедегі үлгі бойынша тірек сөздердің мағынасын аңықтайды.


Сөз

Сөздіктегі анықтамасы

Сөзді пайдалана отырып құрылған сөйлем

Өлке

Атамекен, туған жер

Менің туған жерімнің табиғаты тамаша!

Сұлу



Күміс



Алтын дән




ҚБ. «Бас бармақ» әдісі

Тыңдалым кезіндегі жұмыс

ТЖ 2-тапсырма. Өлеңді мұқият тыңдап, тақырыбын анықта.

Мақсаты: оқушылардың тыңдау және түсіну қабілетін жетілдіру.

Орындалуы: Кітаптің бетін ашпай өлеңді тыңдайды, және жаңа сөздер арқылы тақырыбын анықтайды.

Туған өлкем

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндеп бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!!

Өтебай Тұрманжанов

Талқылау сұрақтары:

  • Өлеңде не туралы баяндалған?

  • Туған өлкеңнің табиғаты қандай?

  • Туған жер қалай сипатталған?


Бағалау критерийі:

  • сұрақтар арқылы «Туған өлкем» өлеңінің негізгі мазмұнын түсіндіреді.

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;

  • жаңа сөздерді мағынасын ашады;

  • өлеңнің мазмұнын түсіндіреді;

  • «алтын дәнді», «ақ күмістей» тіркес сөздері не мақсатта қолданылған?


Тыңдалымнан кейін

Ж. 3 тапсырма. «Т кестесі» әдісі бойынша мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау.

«Т кестесі»

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

сұлу

көркем

туған өлкем

гүл өскен

күн нұрын төккен

алтын даласы, қаласы


Бағалау критерийі: тірек сөздер арқылы мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

Дескриптор:

  • өлеңнен тірек сөздерді анықтайды;

  • негізгі және қосымша ақпараттарды табады.

ҚБ.: «Бес саусақ» әдісі бойынша оқушылар өз әрекетіне баға береді, өзін-өзі бағалайды.

«Бас бармақ» – ұнады

«Балан үйрек» – түсіндім

«Ортаң терек» – қиын болды

«Шылдыр шүмек» – қайталау керек

«Кішкене бөбек»– түсінбедім


Ж. «Галереяда ой шарлау» әдісі бойынша оқушылар әңгіме құрастырады.

4-тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, сюжетті суреттер желісі бойынша «Менің өлкем» тақырыбында әңгіме құрастыр.

Тірек сөздер: менің өлкем, бақытты, балалар, шаттық, қаһарман, батыр ерлік, қасиетті, сүйемін, салт-дәстүр, тойлау, қуану.

Тапсырма:

  1. тірек сөздерді пайдаланып, сюжетті суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады.

  2. Жоспарға сүйеніп, сюжетті суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады.

  3. сюжетті суреттер желісі бойынша өз еркімен әңгіме құрастырады.


Бағалау критерийі: мәтіндегі тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттер желісі негізінде әңгіме құрастырады.

Дескрипторлар:

  • оқушылар сюжетті суреттер бойынша сөз тіркестерін құрайды.

  • сюжетті суреттер желісі негізінде сөйлемдер құрайды.

  • Сюжетті суреттерді қолдану арқылы, әңгіме айтады.

ҚБ.: «Бағдаршам» әдісі бойынша өзін-өзі бағалайды.

«Жасыл түс» - барлық талаптарға сай орындалды.

«Сары түс» - менің сұрағым бар.

«Қызыл түс» – ұсынысым бар.






Үлестірмелі материал 12.1
















«Бас бармақ» әдісі









Қазақ тілі мен әдебиеті: Бәйшешек. Оқулық: Қазақ тілінен басқа тілде оқытатың

11- жылдық жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған. 2-бөлім / Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. дәулетбекова, А.Қ Рауандина, Р.С. Рахметова, А.Н. Юсуп – Алматы: Көкжиек- Горизонт, 2018- 119б.


















«Бес саусақ» әдісі



Интербелсенді тақта, суреттер


Көкжиек- Горизонт, 2018

6-сынып 120бет,

3 - тапсырма






























«Бағдаршам» әдісі



Сабақтың соңы

рефлексия

5 минут


Оқушылар рефлексиясы «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі арқылы өткізіледі.

Мақсаты: сабақ барысында нені игерді, нені түсінгендеріне, алдағы уақытта нені өзгертеді, білгісі келетіндері бойынша өзін-өзі бағалау, кері байланыс беру.

«Чемодан» - салып аламын, алдағы уақытта қолданамын.

«Еттартқыш» - алған ақпаратты өңдеймін.

«Себет» - керек емес ақпарат, лақтырып жіберемін.

«Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі







Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырма арқылы саралау:

А. тірек сөздерді пайдаланып сөз тіркесін құрайды.

В. әр суретке тірек сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.

С. берілген сөздер мен суреттерді қолданып, «Туған өлкем» тақырыбында әңгіме құрастырады.

Сабақ барысындағы оқушы жұмыстарының нәтижесі мұғалімнің уәждеу сөздерімен ынталандырып отырады. Жазба жұмыстарға дескрипторларға негізделген кері байланыс берілді. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мына әдіс – тәсілдерді қолданады. «Молекулалар» әдісі,«Сәлемдеме» әдісі, «Жұлдызша» әдісі,«Бас бармақ» әдісі, «Т кестесі» әдісі, «Галереяда ой шарлау» әдісі, «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі.

Сабақтағы сергіту сәттері мен интернет желісін қолдануда кауіпсіздік ережелері сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.11.2018
6134
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12