400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Менің қауіпсіздігім "

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары әр мұғалімге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Дүниетану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

5-тарау «Өнер»

Күні:20.01.2020

Сынып: 3 «ә»-сынып

Мектеп:Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Шәріпходжаева Н.М

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің қауіпсіздігім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.1 тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін графикалық түрде көрсету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: – тұрмыстық құралдарды қолданудағы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын атайды;

Көптеген оқушылар: – тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері туралы графикалық белгілерді суретке салады;

Кейбір оқушылар: – «Электр қуатын сақта» жадынамасын құрастырады және сол бойынша қорытындылар шығарады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар :

– «Электр қуатын сақта» жадынамасын құрастырады және сол бойынша қорытындылар шығарады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар тұрмыстық құралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын талқылайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Электр қуаты, тұрмыстық құралдар. Электр тогымен зақымдану қауіптілігі. Тұрмыстық құралдарды пайдаланудың графикалық белгілері

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Егер дұрыс қолдана білсе, электр күші адам өміріне зиянын тигізбейді. Тұрмыстық құралдарды қауіпсіз қолданудың ережелерін есіңде сақта! Талқыланатын мәселелер:

– қандай тұрмыстық құралдарды білесің?

– электр құралдарының тұрмыстағы пайдасы қандай?

– не үшін тұрмыстық құралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Жазылым:

Суреттерге және графикалық белгілерге қарап, тұрмыстық құралдарды қолданудың ережелерін дәптерге жазу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар





Жаратылыстану, әдебиеттік оқу пәнінен алған мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштерді сақтау және қорғаудың маңыздылығы, ежелгі түркі халықтарының өмірі, көшпелі өмір салты мен отырықшы өмір салтының ерекшеліктері, Қазақстан халықтары мерекелері мен демалыс мәдениеті тақырыптары,өз ата тегінің шежіресі, спорт түрлері, ауа райының олайсыз жағдайларында өзін- өзі ұстау ережелерін туралы білімдерін қолданады.

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, қалам мен түрлі түсті қарындаш, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Оқушыларда 1,2 сыныпта «Мен және менің отбасым» тарауларынан отбасы шежіресіжәне құндылықтары туралы түсініктері бар.3 сыныптың «Адамгершілік» тарауында жеке тұлғаның және отбасының дамуындағы еңбектің рөлі оқып талдаған.Ал, 3 сыныптың «Уақыт» тарауынан адамдардың көшпенді және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері,ертедегі түркілердің өмірі туралы ,мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы . түсінік қалыптасқан.Қазақстанның бейресми рәміздерінің бірі «Бәйтерек» монументтін сипаттай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Шаттық шеңбері(Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады)

Оқушылар топқа бөлінеді

1-топ «Сары гүлдер»

2-топ «Көк гүлдер»

3-топ «Қызыл гүлдер»

Жұмыс ережесін келісу!

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Шаңырақ» әдісі арқылы өтілетін тақырыпты анықтау

Ортаға шаңыраққа ілінген сөздер қойылады. Оқушылар сөздерді оқу арқылы өтілетін сабақ тақырыбын анықтайды.

«Жедел жауап» әдісі

Сұрақтарға жауап беріңдер:

– Бүгінгі сабағымызда не жайында айтатын боламыз деп ойлайсыңдар? (электр жайында)

– Электр күші мейірімді күш пе, мейірімсіз бе? Жауаптары:

– егер электр күшін дұрыс қолдана білсең, ол – мейірімді күш!

– электр қуаты – әлемдегі ең жақсы көмекші!

– электр тогы – қауіпті әрі қорқынышты жау!

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бүгін біз электр күшін қалай дұрыс пайдалану керек және біздің қауіпсіздігіміз жайлы сөз ететін боламыз.

Кері байланыс

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау



Шаттық шеңбері

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



«шаңырақ»әдісі



«Жедел жауап» әдісі

сұрақтары.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Әр адам кез-келген спорт түрлерімен шұғылдана ала ма?

Әлде ол үшін ерекше бір қабілет қажет пе?

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Оқулықтағы иллюстрациямен жұмыс жасаймыз. Суреттерге қарап шығыңдар. Электр қуатымен жұмыс істейтін тұрмыстық құралдарды атаңдар. Олар қандай қызметтер атқарады? Бұл құралдарға тән ұқсастықтар қандай?

Оқулықтағы бірінші азат жолдан бастап аяғына дейін оқу. Электр құралдарының атауларын жазыңдар. Мұғалім: Электрмен, электр құралдарымен байланысты болатын қауіптер тек қана сыртта жүргенде, көшеде болмайды, ондай қауіптер үйде де, пәтерде де болуы мүмкін. «Үкі тәтейдің сабақтары. Қауіпсіздік сабағы» циклынан «Электр құралдарын қауіпсіз қолданудың ережелері» мультфильмін көру.

Дескриптор:

«Электр қуатын сақта» жадынамасын құрастырады және сол бойынша қорытындылар шығарады

Кері байланыс

Бағалау: Бағдаршам арқылы бірін-бірін бағалайды

Топтық жұмыс «Кір жайғыш» әдісі

Оқушылар кір жайғышта ілінген конвертті таңдап алады. ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

1- топ

Электр құралдарын қолданудың ережелерін оқыңдар. Ережелерге графикалық белгілердің суретін салыңдар.

2-топ

Оқулықтағы белгілерге қарап, электр құралдарын қолданудың ережелерін құрастырыңдар.

3-топ

Шеңбердің ішіне электр құралдарын қолдануға қатысты графикалық белгілердің суретін ойдан салыңдар. Оларға ережелер құрастырыңдар.

Дескриптор:

Электр құралының қолдану жолын оқиды.Ережелердің суретін салады.

Оқулық бойынша электр құралдарын қолдану ережелерін құрастырады.

Электр құралын қолдануға қатысты сурет салады.

Кері байланыс

Бағалау: «Гүлдер»арқылы бірін-бірі бағалайды


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сергіту сәті


1 дегенде тұрайық,

2,3,4 алақанды ұрайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып,бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай ,

Орнымызды табайық.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

«Электр әлемінде»тақырыбында ертегі құр.

Оқушылар берілген тақырып бойынша ертегі құрап жазаады.

Кері байланыс

Бағалау: «От шашу»арқылы бірін-бірі бағалайды.


«Ойын уақыты» әдісі

Әр топқа ақ қағаз беріледі. әр топ өздеріне берілген аққағазға электр құралдарының атауларын жазады.

Кері байланыс

Бағалау: От шашу арқылы бағаланады.


СҰРАҚ-ЖАУАП «Шын және жалған»

Оқушыларға «ШЫН» және «ЖАЛҒАН» сөзі жазылған таяқшалар жазылады. Мұғалім сөйлемдерді оқиды,ал оқушылар қолдарындағы таяқшаларды көтеру арқыллы мұғалімнің сөзіне жауап береді.


РЕФЛЕКЦИЯ «Құлақ,көз,жүрек»

Оқушылар өздеріне берілген стикерге сабқа барысында көздерімен көргендерін, құлақтарымен естігендерін,жүрекпен сезгендерін жазып,тақтаға іледі.,


Ертегі құрастыру















Кері байланыс жазу «Құлақ,көз,

жүрек»

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі