400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Менің Қазақстаным" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аталған сабақ жоспарын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үлгі есебінде қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту.

2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту.

3. Отанды, туған жерді құрметтей, сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, Қазақстан, Астана туралы суреттер, т.б.

Сабақтың типі: білімді жүйелеу және бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, интерактивті, практикалық, мақтау-мадақтау, т.б.

Сабақтың формасы: жеке, жұппен, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а/ оқушылармен амандасу;

ә/ сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстыру:

Білуіміз керек:

1. Қазақстан туралы:

* жері;

* облыстарының құрылу тарихы;

* кен байлықтары;

* мемлекеттік мерекелері;

* мемлекеттік нышандары;

* астанасы.

2. Сан есім туралы:

* ережесі;

* сұрақтары;

* құрамына қарай бөлінуі;

* тұлғасына қарай бөлінуі;

* мағыналық түрлері.

Іске асыруымыз керек:

  1. Қазақстан Республикасына шолу жасау.

  2. Сан есім туралы қайталау.

  3. Тапсырмалар орындау.

  4. Тест жұмысын жасау.

Сабақта:

Қазақстан Республикасына шолу жасау: /слайдтар арқылы/

  1. Қазақстан жері /1 оқушы Қазақстан жері туралы айтады/.

  2. Қазақстан облыстарының құрылу тарыхы /1 оқушы айтады/.

  3. Қазақстанның кен байлықтары /1 оқушы айтады/.

  4. Қазақстанның мемлекеттік мерекелері /оқушылар айтады/.

  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары:

    • гимн тыңдау;

    • елтаңба туралы сұрау;

    • ту туралы білімдерін тексеру.

  6. Астана қаласы /слайдтар арқылы Астана қаласы туралы көрсетіледі, бір оқушы Астана қаласы туралы тақпақ айтады/.

Астана

Сарыарқаның төсінде,

Төне түсіп Есілге:

Бой көтеріп Астана

Ілесті өмір көшіне.


Тауып тыңнан текті жол,

Сағат сайын өсті ол:

Әлемді жалт қаратып,

Шуақ нұрын төкті мол...

Ел тілегі бұрынғы,

Астана боп тірілді:

Көне Отырар, Сауранның

Көзіндей ол бүгінгі...


Тасқа қашап текті өлең,

Арпалысқан өртпенен:

Күлтегіннің астана-

Ақ арманы көксеген.


Еркін елдің қызыры,

Қызығы да: қыз, ұлы!

Гүл жайнаған Астана-

Тәуелсіздік тұғыры!

Тұғырлы ел – ғұмырлы!

  1. Қазақстан Республикасының президенті.

/Оқушылардан көрсетілген слайдтар бойынша сұрау, бекіту/.

Сан есім туралы қайталау /кесте арқылы/

Жаттығу жұмыстары:

  1. Қазақстан туралы мәтінмен жұмыс:

  • мәтінді тыңдау;

  • 3 топ 3 азат жолды аудару;

  • оқу, аудару.

  1. І топ – мәтін бойынша диалог құрастыру;

ІІ топ – мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазу;

ІІІ топ – мәтін бойынша класстер құрастыру.

Бекіту: өткен тақырыптар бойынша тест жұмысын орындау.

Үйге тапсырма: Қазақстан, туған жер туралы бір тақпақ жаттау, сан есімнің ережесін қайталау.

Бағалау.

Өзіңдікі – Туың да,

От пен ауа, суың да.

Жаса, Қазақстаным

Белді бекем буын да! – деген өлең жолдарымен сабақты аяқтау.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі