400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Менің сыныптасым 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға керек. Оқушыларды сыныпта ауызбіршілікті, ұйымшылдықты сақтауға үйрету. Сынып оқушыларымен жақсы қарым-қатынас жасап, бір-бірімен тілтабыса алуға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану пәнінің жоспары

Мектеп: «А.Байтұрсынов атындағы №5 ЖОМ» КММ.Мерзімі: 29.01.2019ж

Сабақ№20. Сабақтың тақырыбы: Менің сыныптасым Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық. Мұғалімі: Абаева Н.Т. Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Менің сыныптасым» - туралы түсініктерді сүйіспеншілік құндылығы арқылы ұғындыру

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға кешірімшіл болу туралы түсініктерді кеңейту;

Дамытушылық: оқушылардың бойында жанашырлық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар

Оқулық, бейнефильм, дәптер т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Жағымды күйге бөлену. Ойша орманға саяхат.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің сыныбым, менің мақтанышым» тақырыбына жазып келген эсселерін оқиды.

  • Жұбаныш Рәзиямен арада болған жағдайдан қандай сабақ алды деп ойлайсыңдар?

  • Адамның өзгелерді сыйлауының мәні неде?

  • Сыныптағы ұлдар мен қыздардың арасындағы сыйластық қандай қасиеттерді арттырады?

  • Бірлігі жарасқан сыныпты қандай мінездемелермен сипаттар едіңдер?

  • Өздерің сыныпта қаншалықты сыйласып жүрсіңдер?

  • Сыныбыңның қандай қасиеттері басым деп ойлайсың? Неге?

  • Жағымсыз қасиеттері болса өзгерткің келеме? Қалай өзгертер едің?

Музыка қойылады



Тыныштық сәті (топқа бөліну)


3.Дәйексөз

«Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады». Халық мақалы

  1. Дос жылатып айтады дегенді қалай түсінесің?

  2. Нағыз дос деп қандай адамды айтамыз?

  3. Дұшпан неліктен күлдіріп айтады?

  4. Дәйексөзден қандай ой түййдіңдер?


Дәйексөзді талқылау.

4.Әңгімелеу:

Жексен Бердібек Соқпақбаев

  • Жексеннің ұжымға кіруіне не себеп болды?

  • Сыныптастардың арасын бірлік неліктен мектеп қабырғасымен шектелмеуі тиіс?

  • Бірлікшіл ұжымдағы қарым-қатынас адам бойында қандай қасиеттерді тәрбиелейді?

  • Өздерің сыныптастарыңмен қаншалықты татусыңдар?

  • Тату болу үшін бойымызда қандай қасиеттер басым болу керек?

Ролик көру

Сұрақ –жауап

(пікірталас)




5.Шығармашылық жұмыс. Оқушылар топтасып, оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

1-тапсырма: Қанатты сөздердегі негізгі ойларды анықта, бүгінгі өмірмен байланыстырып түйінде.

«Шынайы достықсыз өмірдің мәні жоқ» Цицерон

«Достық – бұл екі денеде өмір сүретін бір жан» Аристотель

«Мінсіз дос іздеген – доссыз қалады» Әль-Фараби

«Шын дос сыртыңнан мақтайды» Б.Момышұлы

«Достық – асықпай өсетін өсімдік секілді, ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек»

2-тапсырма: Жағдаяттарды шешімін тауып, жалғастыр.

1-жағдаят: Бүгін сыныпта партада бірге отыратын ұл екеуің кезекшісіңдер. Сабақ аяқталғаннан кейін сыныптың терезелерін ашып, желдетіп, орындықтарды партаның үсті -не шығарып, еденді, тақтаны мұнтаздай етіп сүртіп, терезе алдындағы гүлдерге су құюларың керек. Соңғы сабақтың алдын да қасыңда отыратын ұлға бүгінгі кезекшілікті ескертсең де, ол кезекшілікке қалмапты. Барлық жұмысты өзің атқаруыңа тура келді.Қатты шаршадың.Ертесіне сыныпқа кіресала сен...

2-жағдаят: Бүгін алгебра сабағынан қорытынды бақылау жұмысы болды. Барлық сабақтарға үзбей қатысып, сабақ мазмұнын толық меңгергендіктен саған бақылау жұмысының есептерін шығару көп қиындық туғызбады. Есесіне, есеп шығаруға қиналып отырған сыныптастарың сенен есеп жауабын өтініп сұрады. Мұғалімге білдірмей сұрағандардың барлығына таратып бердің. Келесі күні мұғалім жұмыстың бағалары қойылған парақшаларды таратып берді. Сыныптағы барлық оқушыларға «бес» деген баға қойылып, саған ғана екілік бағасы қойылыпты. Мұғалімнің мұндай шешімін ішің сезе қойды. Уәж айтуға батылың бармады. Сенің әрекетің қандай?.......

3-тапсырма: «Достық» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. (85 бет)

  • Досы көп адамдар қандай қасиеттерімен сипатталады?

  • Адал дос болу үшін өзіңді-өзің қалай тәрбиелейсің?


6.Топпен ән айту

Бір досың керек екен Жабығып қалғаныңда, Көңілге нұр беретін Таусылып талғамым да. Өмірге бір келетін Арылып ауыр мұңнан, Не көрсе бір көретін Бір сәтке алдануға. Бір досың керек екен.

Қасымда бір болатын Жалғыздық батқанында Жасысам сынға алатын Атпай бір ақ таңымда Жапанда жаяу қалсам Көңілім тұманданып Аямас мінген атын. Құлазып жатқанында.

Шаттығым кернегенде Елге дес бермегенде. Шарықтап сөйлегенде, Қолыңды сермегенде.


7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: 1. №21

2. «Асыл арман» Бәкір Тәжібаев өлең жолдарын жаттап келу.

Күнделікте ріне белгі леп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті: Баяу әуен ойнатылады.

Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2

  1. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтаймыз

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
4226
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі