400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Менің талпыныстарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі:

«--------» ------------ 2018ж

---------------------------------


Мектеп: Үстірт орта мектебі Мерзімі: 26.09.2018ж

№ 4 сабақ Тақырыбы: Менің талпыныстарым

Мұғалім: Н. Уразниязова Сынып: 5 «а», «ә», «б», «в»

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: ізденімпаздық, жігерлілік, мақсаткерлік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға талпыныс, ұмтылыс ұғымдарының мағынасын түсіндере отырып, ізденімпаздық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды алға қойған мақсатына жетуге талпынуға үйрету арқылы жігерлілік қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды мақсаткерлікке тәрбиелеу

Ресурстар:оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі 5«Т»еске түсіру.

Жағымды күйге келу. Тыныс алу жаттығуы

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6- 8 рет)

Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы Василий Сухомлинский «Өмірдегі басты нәрсе не?» мәтінін оқып мазмұндап келу.

Мәтін бойынша сұрақтар:

Адамның өмірдегі басты мақсаты не деп ойлайсыңдар?

Өз ісіңе адал болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам бақытқа қол жеткізуі үшін не істеуі керек?

Өздерің үшін басты нәрсе не?


Дәйексөз

Ізденген жетер – мұратқа

Халық нақылы

* Ұлдарға хормен оқыту.

* Қыздарға хормен оқыту.

* Дәптерлеріне жаздыру, мағынасын аштыру.

* Оқушылардың жауабына сүйене отырып, қорытынды жасау.


Әңгімелеу Бала Бұлбұл


Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:

- Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың? – деп сұрады.

Шәкiрт ойланбастан:

– Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.

– О-о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың талаптарынашыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,– дедi ұстазы.

– Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес.

– Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң, - деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады.
Әншi болудан басқа ойы жоқ балауса Бұлбұл ұстаз сөзiнен ешнәрсе түсiне алмады.Ертесiне ата-аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да қатысты. Барлық ата-анамен жеке сөйлескен ұстаз кезегi келгенде Бұлбұлдың анасына:

- Балаңыз туралы айтыңызшы. Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру керек. Бүгiн оның мiнезi мен iс-әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, – дедi.Ұстаздың көкейiндегiсiн түсiнген ана:

- Бұлбұлдың балалығы болар, – деп, сөзiн жұмсақ бастады. Онысы баланың көңiлiн ойлай сөйлесейiк дегендi меңзегенi едi.

-Көп ұйықтайды, арманшыл. Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi де аз. Бала ширақ болу керек емес пе?! Ата-анаға қазiр қолғабыс тигiзбегенде, қашан тигiзбек? Әйтпесе…

Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қып-қызыл боп кеттi. Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша қалды. Ұстаз тағы да жұмбақтап:

  • Әншi болу үшiн ұстаздың талаптарына шыдау керек демеп пе едiм. Қалай, шыдайтын түрiң бар ма?–дедi.

Әлi де болса сөздiң мәнiсiн толық түсiнбеген шәкiрт:

– Мұғалiм, ендi ерте тұратын боламын, – дедi балалық мiнез танытып.

  • Тек ерте тұру ғана емес, ата-ана алдындағы балалық парызды ақтау бар. Тәртiпке өз-өзiңдi көндiруiң керек. Келесi жиналыста анаңның саған деген алаңдаушылығын қуанышқа айналдырарыңа сенемiн, – дедi.

Бұлбұл үнсiз басын изедi.

Шынында да ол осы оқиғадан соң, ата-анасын таң қалдырды. Ерте тұрып, барлық шаруаға үлгердi. Сабақты да жақсы оқыды. Сахнада ән де салды.


  • Ұстаз шәкіртіне қандай талаптар қоюымүмкін?

  • Оларды орындау тәрбие жағынан қандай нәтиже береді?

  • Осы мәтіннен қандай құндылықтарды байқадыңыздар?

  • Сендер болашақта қандай кәсіп иесі болғыларың келеді?

  • Ата-аналарының айтқан ақылдарын тыңдап ой түйесіңдер ме?Отбасында кімді үлгі тұтасыңдар? Әңгімелеп берсеңдер.



Шығармашылық жұмыс:

1-тапсырма: өзінің не шін талпыныс жасайтынын, не нәрсеге ұмтылатынын таңдап жазады.

2-тапсырма: «Менің талпыныстарым» тақырыбында эссе жазу

3-тапсырма: «Патшаның даналығы» аңызды оқу, сұрақтарға жауап беру


Топпен ән айту

Айгөлек

Н.Баймұхамедов

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында,

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?


Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айгөлек деп ән шырқа,

Ел бөбегі, кел, бөбек!


Асыл сөздің ұстасы –

Ақын болар ұрпақпыз.


Үй тапсырмасы: Оқулықтағы «Қожа Ахмет Йассауи» аңызын оқып мазмұндап келу.


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабағымыздан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, көкейімізге түйіп алайық. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
682
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі