15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Менің үйім" 1-сынып Дүниетану пәні
Сабақ жоспары
|
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бізді қоршаған орта |
|
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақ тақырыбы |
Менің үйім |
|
Осы сақбақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау. 1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау |
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Өз мекенжайын, өз көшесін біледі. Көпшілігі:Өз қаласындағы басты көшені, ғимараттарды және көрнекі жерлерді сипаттап айтады. Кейбір оқушылар:Өзі тұратын елді мекенінің географиялық орналасқан жерін ғаламтор желісінен көрсетеді. |
|
Бағалау критерийлері |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Баспана-жилище-house Мекенжай-адрес-address Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Бұрынғы кездегі баспана мен қазіргі баспананың қандай айырмашылығы бар? -Сен тұратын көше қалай аталады? -Сенің көшеңде қандай ғимараттар бар? -Сен тұратын жердегі көрнекі жерлерді сипаттап айт. -Үйдің мекенжайы деген не? Үйдің мекенжайына нелер кіреді? |
|
Құндылықтарды дарыту |
-қарым-қатынас жасау қабілеті; -өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау. |
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика, орыс тілі, ағылшын тілі, көркем еңбек. |
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, аудиотаспа, бейне таспа. |
|
Бастапқы білім |
Оқушылар бастапқыдан өздерінің отбасындағы мерекелер туралы біледі. |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||
|
Сабақтың басы10 мин 1 мин Айтылым 2 минут
7 минут
|
Психологиялық дайындық: Күн! Мен сенен жылу аламын Жүрегіме саламын. Досыма сыйлаймын Сәттілік тілеймін. Топқа біріктіру: Шымкент қаласының көшелерінің, ғимараттарының, көрнекті жерлерінің суреттері бойынша топқа бірігеді. 1 топ:көшелер 2 топ:ғимараттар 3 топ:көрнекті жерлер «Миға шабуыл»(жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында) «Шымкент қаласы»атты бейнекөрініс көрсету. Сұрақ: -Бейнекөріністен нені көрдіңдер? - Бейнекөріністен өз үйлеріңе ұқсайтын үйді көрдіңдер ме? -Сонымен, біз бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін? -Иә, бүгінгі сабақта үй туралы айтамыз. Сабақтың тақырыбы-«Менің үйім»деп аталады. -Бүгінгі сабақта өз үйлерің, өз көшелерің туралы және ондағы көрнекі жерлер туралы айтасыңдар. -Баспана түрлерімен танысасыңдар. -Бұрынғы кездегі баспана мен қазіргі кездегі баспананы салыстырасыңдар. |
Шымкент қаласының көшелерінің, ғимараттарының, көрнекті жерлерінің суреттері бар кеспе қағаздар. Бейнекөрініс Интернет желісінен «Шымкент қаласы» Shymkent 2016 Приложение You Tobe |
|||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 25 минут 5 минут Айтылым және тыңдалым 8мин Айтылым Тыңдалым Жазылым Сергіту сәті 2 минут 10 мин Айтылым |
Ұжымдық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.
Б Оқулыққа назар аударыңдар. Баспаналарды пайдалану уақытына қарай ретімен атаңдар. 1-тапсырма Жұптық сараланған жұмыс. «Сұхбат» әдісі «Қонаққа шақыру» айдары.Оқушылар жұпта өз үйлеріне бір-бірін қонаққа шақыру үшін мекенжайларын, көшесіндегі ерекше ғимараттарды сипаттап айтып, қай жерде тұратынын түсіндіреді. Оқушының әңгімесі: -Мен сені қонаққа шақырамын. Мен Шымкент қаласында тұрамын. Менің үйім Ж.Нұрлыбаев көшесінде. Бұл көшенің басында «Фиркан» сауда орталығы бар. Біздің үйдің жанында шағын дүкен бар.Мен 18 үйдің 5-пәтерінде тұрамын, - деп жауап беруі ықтимал. Қолдауды қажет ететін оқушылар өз мекенжайын ауызша айтса, қабілетті оқушылар өз мекенжайын ғаламтор желісінен анықтап, оныпараққа сызып көрсетеді. Бір-біріне қоятын ықтимал сұрақтар: -Сен тұратын көше қалай аталады? -Үйдің мекенжайы деген не? Үйдің мекенжайына нелер кіреді? -Сенің көшеңде қандай ғимараттар бар?
Бірін-бірі бағалау:Жұптар бірін-бірі, қол қысу арқылы бағалайды.
С Музыка «Қыдырып қайтайық» -Әннің өлең жолында өз қаламыз туралы айтылды ма? Топтық жұмыс: 2-тапсырма «РАФТ» әдісі бойынша шағын әңгіме, сахналық қойылым немесе жарнама құрап айтады. Бірлескен жұмыста әр топқа сурет беріледі. 1-топ: Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесі туралы әңгіме құрайды. 2-топ Өзі тұратын елді мекеннің ғимараттары жайлы сахналық қойылым қояды. 3-топ Өзі тұратын елді мекеннің көрнекі жерлерін жарнамалайды.
Топтар бірін-бірі «басбармақ» бойынша бағалайды:
|
Бұрынғы кездегі баспана мен қазіргі баспананың суреттері.
Парақ, қалам, ғаламтор
Аудиожазба интернет желісінен: kazVIP.kz-musik-toregali_torali_fari
|
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы 10 мин
|
Кері байланыс: «Доп лақтыру» әдісі - Үйдің мекенжайы деген не? -Үйдің мекенжайына нелер кіреді? -Баспананың қандай түрлері бар? -Мекенжай сөзін үш тілде айтыңыз. Рефлексия: «Блоб ағашы» Әр оқушы сабақты қалай меңгергенін көрсетеді. Өзінің орнын тауып, бояйды.
|
Доп
Блоб ағашының суреті бар парақшалар. |
|||||||||||||
|
Саралау-оқушыларға қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? |
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||
|
Саралау жұмысы жеке жұмыста жүреді. Қолдауды қажетететін оқушылар өз мекенжайы, ондағы ғимараттар туралы айтады. Қабілеті жоғары оқушыларөз мекенжайын ғаламтор желісінен көрсетіп, параққа сызбасын сызып көрсетеді. |
Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін «Бас бармақ» және «Бір-бірінің, қолын қысу»әдіс-тәсілдерді қолданамын. |
Сергіту сәтінде музыка әуенімен би қимылдарын жасайды. Топпен жұмысты орындату кезінде -қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау құндылықтары дарытылады. |
|||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңызтуралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||||||||
ұрынғы
кездегі баспана мен қазіргі баспананың қандай айырмашылығы
бар?
ергіту
сәті





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген