жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "Миуалы ағаш" 5-сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді тарау атауы: Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі Сабақ тақырыбы: Миуалы ағаш |
Мектеп: №32 ЖББОМ |
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:Улыкбанова Ж.Б.
|
||||
СЫНЫП: 5 Т1 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар:0 |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.4.3.1-омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану. |
||||
Сабақ мақсаттары |
Омоним, синоним,антонимді көркемдік ерекшеліктеріне сай және орынды қолдану. |
||||
Бағалау критерийі |
Антоним,синоним сөздердің көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана біледі. |
||||
Тілдік құзіреттілік |
Пәнге байланысты сөздер мен терминдер: миуалы, күнгей, мәуелі, қурай, зәулім т.б. Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным.... Менің ойымша.... Мен ойлаймын.... |
||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» идеялары бойынша Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білкге баулу. Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті |
||||
Алдыңғы оқу |
«Ғажайып ағаштар» |
||||
ЖОСПАР |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 7 минут |
Мотивациялық кезең 1.Сәлемдесу, түгелдеу Жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастыру. «Сен де емдік ағаштай......» әдісі. Оқушылар шеңберде тұрып, табиғаттың ғажайыбына өз үлестерін қосуы жайында бір-біріне тілектер айтады . 4 топқа бірігеміз «Жеміс ағаштары» суреттері арқылы оқушыларды топқа бөлу. 1-топ:Алма ағашы 2-топ:Алмұрт ағашы 3-топ: Шие ағашы 4-топ: Өрік ағашы «Ашық микрофон» әдісі арқылы үй жұмысына байланысты сұрақтар қойылады, пысықтайды. 1.Еліміздің аумағында ағаштар бар ма? 2.Олардың ішінде қандай емдік ағаштар бар? 3.Емдік қасиеттерінің себебі неде?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийімен таныстырамын. |
|
|||
Сабақтың ортасы 28 минут
|
Мағынаны түсіну және тану Оқылым 1-тапсырма. « Ойлан, топтас, талқыла» әдісі. Мәтінді оқып, мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңдар.
Майтөбе жайлауындағы күнгей жағындағы қия жолмен екі салт атты аяңдап келеді.Жамбыл мен Әлиасқар тік қияға өрлеп кетті. Қарасай шоқысының алаңына шыққанда алдарындағы қойнауда өсіп тұрған ағаш көрінеді. Бар бұтағын төрт құбыласына кең жайыпты. -Мен бұл ағашты көрмегелі он шақты жылдай болыпты-ау,-деді Жамбыл атынан түсіп жатып. –Атты жетелеп, жаяу баралық.Қасиетті ағаш қой. Екеуі ағашқа жақындағанда,шошып қалды.Біреу қолына балта алған.Ағашты сарт-сұрт ұрады. -Ей,тоқта , кімсің өзің! –деп Жамбыл ата шыдамай,айғайлап жіберді. Әлгі жасы қырықтың ішіне келген,қаба сақалды,орта бойлы біреу екен. Балтасын жерге тастап,бұларға қасы беттеді.Жақын келіп, сәлем беріп еді,Жамбыл қолын алмай,сілтеп тастады: -Сен өзің денің сау адамбысың?Ағашқа неге балта шабасың?Көзіңді ойып алайын ба?-деді. -Жамбыл атам екенсіз ғой.Кешіріңіз. Мен бір қу бұтағын кесіп жатыр едім,-деді әлгі жігіт. -Бопты,жүр,көрелік-деді Жәкең жөнді шешіле қоймай. Үшеуі мәуелі ағаштың түбіне келді.Жоқ, Әлімжан өтірік айтпапты.Шынында,бір жуан бұтағы сайға қарай қисая салбырай өскен екен.Мәуелі доланың сиқын кетіре,теріс шығып,жеңді білектей болған.Қурап тұр екен. Жамбыл ата сабасына түскендей болып,қалпағын қолына алып,отыра кетті. -Ал,жігітім,жөніңді айтшы!Бұл-Сүйінбай атаңның тіккен ағашы екенін білемісің? -Білемін,Жәке.Біз ауыл болып бұл мәуелі ағашты қасиетті санаймыз.Мен жылына екі-үш рет келемін.Қураған бұтағы болса,кесіп тастаймын.Мал бағамын.Күн ыстықта осы ағаштың көленкесіне келіп саялаймын,-деді Әлімжан. –Мына бір қисық бұтақты талай рет қайыспен тартып байлап жүрдім.Түзелмей, ақыры қурап тынды. Жамбыл орнынан тұрып,мәуелі ағашқа бағдарлай ұзақ қарап: -Иә, балаларым жердің көркі-ағаш та адам сияқты.Мына қисық бұтақ қисық мінезді,қиқар,жаман адамдай.Тәрбиеге көнбеді, мерт болды.Мына зәулім ағашқа қарағанда кешегі өткен Сүйінбай ақын,бүгінгі ардагер інілерім-Сәкен мен Ораз, жайлаудағы Қисаділ есіме түседі,-деді. (М.Етекбаев) Дескриптор: - мәтінді оқиды; -мазмұнын түсінеді; - ақпаратты анықтауға байланысты сұрақтар құрастырады; - Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жүзеге асырылады.
Жұптық жұмыс 2-тапсырма. Берілген сөз тіркесінің мағыналарын түсіндіріңдер. Оларды қатыстырып, сөйлем құраңдар.
Сабасына түсу – ашуы тарқау Қисық мінез – қырсық адам Мерт болу – қайтыс болу Жеңді білектей – жуан Төрт құбылаға жайылу – жан-жаққа жайылып өсу Балта шабу – шауып тастау Тәрбиеге көнбеу – айтқан ақылды тыңдамау Үлгі: Оның кесірінен сабасына түсті. Дескриптор: -сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді; -Сөйлем құрайды; -Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» арқылы жүргізіледі.
Жеке жұмыс 3-тапсырма «Кім тапқыр?» (жазылым) Оқылым мәтініндегі қою әріппен берілген сөздерді мәндес, қарсы мәндес сөздерді тауып, сөйлем құрап жазыңдар. Мысалы: күнгей- күнсіз, жаяу-атты, қасиетті-қасиетсіз, жақын-ұзақ, денің сау-ауру, жуан-жіңішке, өтірік-шын, теріс-оң, ыстықта-суықта, қисық-түзу, ұзақ-жақын, зәулім-аласа.
Дескриптор: - мәндес және қарсы мәндес сөздерді табады; -берілген сөздерді қатыстырып,сөйлем құрастырады ; Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.
Топтық жұмыс: 4-тапсырма. Елімізде ағаш егу күніне байланысты бейнежазбамен танысып, оқушыларды ағаш егуге шақыратын жарнама жазыңдар.
Дескриптор: -бейнежазбамен танысады; -жарнама жазады; Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.
5-тапсырма. «Диктоглас» әдісі бойынша мұғалімнің оқылым мәтінінен таңдап оқыған сөйлемдерін тыңдаңдар. Естеріңде қалған сөздерді қағаз бетіне түсіріп, сөйлем құрап жазыңдар. Соңында кітаптағы нұсқамен салыстырыңдар. Дескриптор: -оқылым мәтінін тыңдайды; -естерінде қалған сөздерді дәптерге жазады; -жұппен сөйлем құрап жазады; Қалыптастырушы бағалау: «Қошемет» сөздер арқылы жүргізіледі.
|
4 топқа бірігеміз «Жеміс ағаштары» 1-топ:Алма ағашы 2-топ:Алмұрт ағашы 3-топ: Шие ағашы 4-топ: Өрік ағашы
5-сынып Қазақ тілі «Арман ПВ»
қағаз, түрлі-түсті маркерлер
https//www.youtobe.com/watch?v=PXD6oNgpmIU |
|||
Сабақтың соңы 5 минут
|
Рефлексиялық кезең «Табыс баспалдағы» әдісі бойынша
Қиын емес, Қиын,бірақ Қиын, бірақ Қиын, бірақ Қиын, соған қара -бірақ түсінуге бар мүмкінді- сабақты мастан барлық сәл тырыстым. гімді қолдана игерген тапсырмаларды қиналдым. білдім.сияқтымын.орындап шықтым
Үйге тапсырма: 6-тапсырма, 50-бет. «Жердің көркі –ағаш» деген тақырыпта айналада өсіп тұрған ағаштар туралы әңгіме (сөз саны – 40 ) жазыңдар.
|
|
|||
Қосымша ақпарат |
|||||
Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Денсаулық
және қауіпсіздік |
|||
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, «Бағдаршам» әдісі, «Менің ескертуім» әдісі, «Бас бармақ» әдісі, «Қошемет» сөздер арқылы жүргізіледі. |
Жеке, жұптық, топтық жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
|||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
|
||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген