400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Моңғол шапқыншылығының салдары" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы пәнінен 6-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Моңғол шапқыншылықтарының салдарлары


Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6.3.1.8 – Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау

Бағалау критерийі

-XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтайды;

- Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтайды

- Монғол мемлекетінің қыпшақтар мен монғолдардың өміріне әкелген өзгерістерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Оқылым, айтылым, жазылым

Тарихи концепт

Себеп-салдар

Ойлау дағдылары

Білу қолдану

Алдыңғы оқу

Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басы

7 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Қызыл гүлім-ай» би

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Үй тапсырмасы «Сақина салмақ» әдісі



Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.

Ортасы

10 минут


М Сынып оқушыларына моңғол мен қыпшақтың баспаналарымен, киім үлгілерінің суреттері көрсетіледі. Оқушылар берілген суреттердің 2 айырмашылығы мен ұқсастығын табуы тиіс. Жетелеуші сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбына шығымын.

Зерттеу сұрақтары

-Моңғол шапқыншылығынан кейін, Қазақстан аумағындағы халықтардың өмірінде қандай өзгерістер орын алды?

-Орталық Азияда орын алған өзгерістерге кімдер ықпал етті?

-Жергілікті халықтың құрамы, антропологиясы және тілі өзгерістерге ұшырады ма?


М Оқушыларға «ассимиляция» ұғымымен түсіндіріп, бұл құбылыстың біздің территориямызда, тарихымызда орын алғанын түсіндіріп, моңғолдар мен түркі тайпалары ассимиляциясының ерекшеліктері туралы айтамын.

Зерттеу және талдау

Ж/Б Оқушыларға дереккөздерінен алынған мәтіндерді ұсынылады.. Әр оқушы мәтінмен жұмыс жасаған кезде төмендегі өзгерістерді анықтайды.

І.Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген моңғолдар, өйткені...

1. ...........

2. ....................

3. .............................

ІІ. Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген қыпшақтар, себебі...

1. ...........

2. ......................

3. .............................

А дерегі.

«Жалпы тарихтың толық баяны» кітабынан:

«ХІІІ ғасырда Ибн әл-Асир крест жорықтарына Бағдад әмірлерінің елшісі ретінде қатысты. Қытай төңірегінен бір халық шықты. Бұл халық Түркістанды басып алды және сол жақтан Мәуереннахрға шабуыл жасады. Монғолдар Қыпшақ елінде бөгелді. Қыпшақтардың жайылымдық жерлері өте көп. Олар қыпшақтардың Суздақ деген қаласын басып алды. Қала тұрғындары жан-жаққа қашты. Қыпшақтардың бір бөлігі тауларға жасырынды. Бір бөлігі мұсылмандарға бағынып, Ұрым мемлекетіне кетті. Олардың бір бөлігі орыс жерлеріне қоныстанды. Қыпшақтар мен орыстар бірігіп, моңғолдарға қарсы соғысты. 1223 жылы моңғолдар орыс жеріне басып кірді де, олардың біріккен әскерін талқандады».


Б дерегі.

Ибн Фадлаллах әлОмар ХІV ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Ол Мысыр сұлтандары сарайында қаржы министрі болған.

«Ірі қалалары бар мемлекеттерге шолу жолдары» кітабынан:


«Бұл мемлекеттің жері суға және жайылымға бай. Егер мұнда бидай отырғызса, мол өнім береді. Бірақ бұл жердің халқы бір жерден екінші жерге көшіп жүреді. Олар дәнді дақылдар өсірумен емес, мал шаруашылығымен айналысады. Моңғолдар бұл жерлерді басып алғанға дейін жергілікті тұрғындар жер өндеумен айналысқан. Олар жүзім, анар, алма, өрік, жаңғақ өсірді. Қазір бұл дақылдар өте аз өсіріледі. Көптеген бақтардың қурап қалғанына қарамастан, кейбір қалалық және таулы аймақтардағы бұрынғы пайдаланылған жерлер жақсы сақталған. Адамдар қалада көптеген көгөністер өсірді. Мысалы, шалқан және қырыққабат. Баяғыда бұл жерлер қыпшақтарға тиесілі болған, бірақ кейіннен моңғолдар басып алып, солардың бақылауына өтті. Біртіндеп қыпшақтар мен моңғолдар жақсы қатынаста болып, жақындасып кетті. Тұрмыстары ұқсас болғанымен, қыпшақтар мәдени даму тұрғысынан моңғолдардан бірнеше саты алдыда тұрғындықтан, қыпшақтардың арасына сіңіп кетті.»


Оқушылар тиісінше дәйектер келтірулері тиіс, мысалы:

Моңғолдардың келуімен: 1. құрылтай жүйесінің ауқымы мен ролі ұлғая түсті. 2. әскери мыңдық, жүздік, ондық жүйесін құрып, әскери жорықтық салтанат рәсімдері барынша жетілдірілді. 3. көшпенділер мемлекеттік жүйесінде таңба, мөр ұстау, ел билеушісін «хан, қаған» деп атау, елін жүзге бөліп басқару, шекара әскерінің таңдаулы тобын жасақтау, хан ордасының әкімшілік ісін жүргізудің біршама дамыған үлгісі моңғолдың ұлыстық билігі тұсында одан әрі жетілдірілді.

Қыпшақтардың әсерімен: 1. Жошы ұлысы аумағында қыпшақ тілі мемлекеттік тіл деп есептелді. 2. 1265 жылы Берке хан, одан 45 жылдан кейін Өзбек хан Ислам дінін өз елінің мемлекеттік діні деп қабылдағаннан кейін Ислам діні Моңғол ұлыстары дәуірінде мемлекеттік дәрежеге ие болып, көшпенділер арасына да кеңінен тарала бастады. 3. «қыпшақтану» («түркілену») үдерісінің орын алды.


Қ/б: «алақан-жұдырық» арқылы


Тапсырма 2

XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің дамуындағы өзгерістерді төмендегі кестеге толтырыңыз.

Этноәлеуметтік


Шаруашылық


Территориялық


Саяси



Дискриптор:

  • XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы этноәлеуметтік өзгерістерін сипаттайды;

  • XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы шаруашылық өзгерістерін сипаттайды;

  • XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің территориялық өзгерістерін сипаттайды;

  • XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің саяси өзгерістерін сипаттайды.


Қ/б: «Бағдаршам» арқылы





Оқулық,

Мәтіндер






Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі этностық өзгерістер (мәтін) -.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут











Рефлексия


Үй тапсырмасы


Тапсырма 3

«Орталық Азияға қыпшақтар мен моңғолдардың келуімен .............»

Shape1 өзгерді өзгермеді


қорытынды

дискриптор:

-Оқушылар кемінде 3 дәлел келтіреді.

-қорытынды жазады.


Қ/б: «Басбармақ» арқылы


«Инсерт» әдісі

Тақырып бойынша ақиқат/жалған сұрақтар құрастыру



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
3518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі