400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Мономерлер мен полимеолер" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
биология пән мұғалімдеріне сабақ жоспары ретінде пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың атауы: 8.1В Молекулалық биология Мектеп:

Күні: Мұғалім:

Сынып:8 Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып, полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Мономер мен полимерлерді түсіну;

Полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықтарын ажырату

Бағалау критерийі:

Полимерлер және мономер түсінігін жіктейді.

Кейбір полимерлер түрлерін сипаттайды.

Полимерлер мен мономер арасындағы айырмашылықтарын ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықтарын біле отыра, оларды салыстырып ажарата алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Полимерлер

Мономерлер

Ретті полимерлер

Ретсіз полимерлер.

Құндылықтарға баулу

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке баулу.

Пәнаралық байланыс

Жасушаның химиялық құрамы зерттеу кезінде химия пәнімен байланыстырады.

Бейнелеу өнер – мономер және полимер суреттерін құрастырады.

Алдыңғы білім

7 сынып бойынша органикалық заттардың мономерлерден полимерлер түзілетінін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы





3 минут

Психологиялық ахуал тудыру.

Елбасымыздың:«Үштілділік қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаhандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген салиқалы үндеуі жастарға жаңа берері сөзсіз. 3 тілде амандасу арқылы:

Сәлеметсізбе – здравствуйте – Hello


Топқа бөлу . «Атом. Молекула» әдісі арқылы 4 топқа бөлінеді.

Ортаға барлық оқушылар шығады. Кеністікте оқушылар сендер физика, химия пәндерінен атомдар кеністікте еркін қозғалатыны білесіңдер. Атомдар-молекуладан құрайды. Кеністікте атомдар сияқты қозғалыңдар. 1,2,3,....6 атомнан құралынған молекула құрыңдар.



Сабақтың ортасы




10 минут
















5 минут



8 минут











5 минут

Жаңа сабақты түсіндіру. Тақырыпқа ену үшін оқушыларға интербелсенді тақтада «Полимер дегеніміз не?» бейнероликтен үзінді көрсетіледі.

«Сұрақ менен – жауап сенен» әдісі арқылы бейнероликтен бойынша не түсінгендері сұралады.

  1. Видеодан не байқадыңдар? (полимер, мономер, нәруыздар, көмірсулар, аминқышқылдар )

  2. Полимерлер дегеніміз не? Ол қалай пайда болды?

  3. Мономерлер дегеніміз не?

  4. Синтетикалық материалдарда полимерлер кездеседі ма? (резина және пластмасс

  5. Полимерді кім ашты (Лео Байкеланд)

  6. Күрделі көмірсулардың полимері (қанттар)

  7. Аминқышқылдардың полимері (нәруыздар)

  8. Нуклеодиттердің полимерлері (ДНҚ, РНҚ)

  9. Жасунық қандай полимер түзеді (өсімдік жасуша қабықшасы)

  10. Тырнақ, шашта қандай полимерлер болады (кератин)

  11. Бунақденелерде қандай полимер болады (хитин)

Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Оқулықтан мәтінмен танысу. «Модельдеу»

Берілген заттардан мономер және полимер түрлерін құрастырындар және сипаттау.

1-топ: Мономер түрлерін құрастыру (әртүрлі түрлі түсті қағаз)

2-топ: Полимер түрлерін құрастыру (әртүрлі түрлі түсті пластилин және сіріңке)

3-топ: Ретті полимер түрлерін құрастыру

4-топ: Ретсіз полимер түрлерін құрастыру


Бағалау. «Қол шапалақтау» әдісі.

Қол шапалақтау әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.


«Жұбынды тап» әдісі

1.Мономер

А.Тіршіліктің химиялық негізі

2.Полимер

Б.Олар түрлі бірдей моншақ немесе түсі бірдей моншақтардың қайталанып отыруына ұқсайды.

3.Ретті полимерлер

В.Буындарынан тұратын молекулалардың ұзын тізбегі

4.Ретсіз полимерлер

Г.Органикалық заттар көбінесе химиялық байланыспен тізбекке қосылған қарапайым молекулалардың үлкен санынан тұрады

5.Органикалық заттар

Д.Олар түсі бірдей моншақ немесе түсі бірдей моншақтардың қайталанып отыруына ұқсайды


Бағалау критерийі

Дескриптор

Бағалау

Аталған терминдердің

дұрыс анықтамаларын сәйкестендіреді.

Барлығын дұрыс сәйкестендірді

Жоғары

Тек қана 3 жауапты дұрыс сәйкестендірді.

Орташа

Тек қана 1 ғана жауап дұрыс

Төмен



https://www.youtube.com/watch?v=5wujkYBklpM


Интернет, бейнеролик, интербелсенді тақта
















Түрлі түсті қағаздар, пластилин, сіріңке,

























Сабақтың соңы


10 минут


«Kahoot» тест сұрақтарға жауап береді.


Бағалау. «Жетістік» баспалдағы әдісі.

Жетістік баспалдақ әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.


Жетістік баспалдағынан орыныңды тап

10 – 8

7 - 4

3 - 1

Қолымнан келеді

Түсінемін

Білемін





Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады


Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдағы.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолда у көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақта оқушылар тапсырма арқылы сараланады. Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға күрделірек, жоспарлауды қажет ететін тапсырмалар беріледі. Мысалы, «Kahoot» әдісі арқылы оқушылардың сабақта меңгергенін бойынша сараланады.

Сабақ барысында оқушылар полимерлер және мономерлер арасындағы айырмашылықтарын меңгеру үшін «Сұрақ менен – жауап сенен» әдісі, модельдеу, салыстыру кестесі әдісі және модельдеу сияқты белсенді оқыту әдістері қолданылды.


Сабақта пәнаралық байланысты орнату үшін басқа пән мұғалімдерінің кеңесі қажет.

Сабақ барысында оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне еш қатер төнбейді.

Оқушылар сабақ барысында қосымша мәлімет алу үшін АКТ-ны қолдану дағдыларын жетілдіре алады.

Сабақбойыншарефлексия


Сабақмақсаттарынемесеоқумақсаттарышынайы, қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
1407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі