Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: Нәтиже сабақ 8 орыс сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Нәтиже сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Күні: 19.09.2023

Сынып: 8 Б

Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация

Педагогтің аты-жөні: Ильясова Х.Н.

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

13. Нәтиже сабақ.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

8.5.1.1 болжалдық сан есімді

жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды. Болжалдық сан есімді

жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады.





Тілдік мақсаттар

Нешінші? Екінші, үшінші қабатта

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Достық шеңбері» жылулық шеңберін өткізеді. Балалар шеңберге жиналады.Педагог ортаға орындық қойп,кез келген балаға отыруды ұсынады (ұялшақ,өзіне сенімсіз,жасқаншақ баланы шақырғаны жөн).Педагог «Күлгін көзілдірікті» киіп «күн сәулесін қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірік жарайды),ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады да,ортада отырған баланың жақсы қасиеттерін айтады.Балалар қалаулары бойынша көзілдірікті кезекпен киіп,ортадағы баланы мадақтайды.


слайд


Суреттер













1-тапсырма. Айтылым.

Диалогті толықтырыңдар.

-Мектебіңдегі оқу жүйесін өзгерткің келе ме?

- .........................................

-Сен армандаған мектеп қандай болуы керек?

- .........................................

- Сабақ кестесін өзің құруға мүмкіндік берілсе, не істер едің?

- .........................................

-Сен армандаған мектепте қандай үйірмелердің жұмыс істегенін қалайсың?

- .........................................

-Мектепте атақты ғалымдармен кездесу өткізу саған жүктелсе, кіммен кездесу өткізер едің? Неге?

- ........................................


Оқушылар айтылым тапсырмасын орындайды.

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Оқулық

28 бет






























Оқулық

28 бет



2-тапсырма. Оқылым. Жазылым. Айтылым.


Сөздіктің көмегімен мәтінді оқы. Негізгі деректерді жазып ал. Мәтіндегі ақпараттарды тақырып бойынша өтілген мәліметтермен байланыстырып айт. Болжалдық сан есімдерді қолдан.


Бабыл сына жазуы.

Біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың II жартысында бабылдықтар мен ассириялықтар 300-дей белгі қолданған. Кейін Бабыл сына жазуы жетілдіріліп, дыбыстық жазуға ауысты. Мазмұнына қарай Бабыл сына жазуымен жазылған жазбалар іс қағаздары, тарихи оқиғалардың қысқаша баяны, эпостық жыр жолдары, сөздіктер және т.б. болып бөлінеді.


Оқушылар оқылым, жазылым, айтылым тапсырмаларын орындайды.

Дескриптор:

-Сөздіктің көмегеімен мәтінді оқиды;

-Негізгі деректерді жазып алады;

-мәтіндегі ақпараттарды тақырып бойынша өтілген мәліметтермен байланыстырып ацйтады;

-болжалдық сан есімдерді қолданады;

3-тапсырма. Жазылым. Айтылым.


Төмендегі тақырыптардың бірін таңда. Постер құр. Оны сынып алдында айт. Сөзіңде болжалдық сан есімдерді қолдан.


1.Мен армандайтын мектеп

2.Фантастикалық шығарманың ерекшелегі

3.Т.Сұлтанбеков – балалар жазушысы

4. Инновация – тарих пен инновация болашақтың алтын көпірі
.






Оқушылар жазылым, айтылым тапсырмаларын орындайды. Тақырып таңдайды. Постер құрады. Болжалдық сан есімдерді қолданады.




«Қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Оқулық

28 бет






Сергіту сәті.


4-тапсырма. Айтылым.


«Баскетбол» ойыны. Ойын екі кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің ұпай сандары қойылып отырады. Сынып төрт топқа бөлінеді. Тақтаға баскетболдың төрт тор себеті ілінеді. Ол тор себеттің біріне «Инновациялық мектеп», екіншісіне «Тіл үйірмесі», үшінсіне «Т.Сұлтанбеков», төртіншісіне «Ғажайып планета» деп жазылады.

Бірінші кезеңде мұғалім алдын ала дайындаған сөздерді үлестіреді. Оқушылар өз парақшасындағы сөздерді үлестіреді. Оқушылар өз парақшасындағы сөздердің қай тақырыпқа сай келетінін айтып, баскетболдың тор себетіне жапсырады. Дұрыс жапсырылған сөздер саны бойынша әр топқа ұпай беріледі.

Екінші кезеңде әр топ өзіне бөлінген себеттегі сөздерді қатыстырып, «Оймоншақ» тәсілімен біртұтас мәтін құрап айтады.


Сергіту сәтін орындайды


Оқушылар айтылым тапсырмасын орындайды.

«Оймоншақ» тәсілімен біртұтас мәтін құрап айтады.

Дескриптор:

-айтылым тапсырмасын орындайды;

-өз парақшасындағы сөздерді үлестіреді;

-мәтін құрады;

Оқулық

29 бет


Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия «Сауал» әдісі: Кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

Сауалдарға жауап беру арқылы арқылы жеткізеді.


Сіз бүгін сабақтан нені үйрендің?

Сен үшін маңызды болған не?

Сен бүгінгі сабақ барысы бойынша нені тағы білгің келеді?



Үй тапсырмасы: ереже жаттау

Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2025
84
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12