Сабақ жоспары "Натурал сандар және 0 саны" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Натурал сандар және 0 саны" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша дайындалған, 2-сыныптың математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-күн үлестірме материал


Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А – Сандар мен цифрлар

Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Отарбаева К.Ж

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Натурал сандар және 0 саны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.2 бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды

Көптеген оқушылар: сандарды бір-бірінен ажыратады;

Кейбір оқушылар:

бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) көрнекі етіп көрсетеді.

Бағалау критерийлері

Біртаңбалы сандарды таниды және атайды.


10 көлеміндегі сандарды жазады және салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Сан, цифр, 1-ден 10-ға дейінгі сандардың атауы

Құндылықтарды дарыту

Еңбекке және шығармашылыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Видеожазба

Бастапқы білім

Оқушылар 1-ден 10-ға дейін тура және кері санай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.












5 мин.

(С) Оқушыларға сындарлы сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

1.Оқушыда неше күнделік болады? 1

2.Адамда неше көз болады? 2

3.Сыныпта неше терезе? 3

4.Жылқыда неше аяқ болады? 4

5.Адамның 1 қолында неше саусақ болады? 5

6.Сыныпта неше шам бар? 6

7.Аптада неше күн болады? 7

8.Сыныпта неше қыз бала отыр? 8

9.Сыныпта неше ер бала бар? 9

10.Екі қолымызда неше саусақ болады? 10

Осы сұрақтарға берілген жауаптарды талдай отырып, сабақтың мақсаты анықталады. Дұрыс жауаптарға оқушылар қол шапалақтап қошемет көрсетіліп отырады.

Сандар туралы бейнежазба көрсетемін.

Балалар, бейнежазба не туралы болды?

1-ден 10-ға дейінгі сандар суреті

Сабақтың ортасы

7 мин.




5 мин.














10 мин.












8 мин.

(Ж) Әңгімелеу әдісі бойынша «Барлығы өзім туралы» тақырыбында жұптарда әңгіме жүргізеді және нәтижелерін өз жұбымен салыстырады.

Мысалы: киімінде 5 түйме, 4 дәптері, 3 кітабы , 2 інісі бар т.б

Арманның киімінде 5 түйме Асхатта 6 түйме



(Ұ) Сәйкестендіру әдісі. Суреттерді сәйкес сандармен байланыстырып сызыңыз. Сандарды оқыңыз.









(Т) сынып оқушыларын «Атом мен молекула» ойынын ойната отырып, 3 топқа бөлемін.

Берілген санды топпен бейнелеп, белгіленуін көрсетіп, сол санға мысалдар келтіреді.

















(С) Салыстыру әдісі.Үлкен доптарды және кіші доптарды санап, бос торкөздерге жазады. Сандарды салыстырады.




Балалардың киімдеріндегі түймелері, оқу құралдары т.б






























Доптар





Сабақтың соңы

Рефлексия

5 мин.

1 минут әдісімен сынып оқушылары 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері бағытта кезекпен айтып шығады.

«Пантомима» . Қолдарын жоғары көтерсе –сабақ жақсы өтті, басы төмен-қанағаттанған жоқ, беттерін қолымен жауып алса –ұнамады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

(Т) сынып оқушыларын «Атом мен молекула» ойынын ойната отырып, 3 топқа бөлемін.

Берілген санды топпен бейнелеп, белгіленуін көрсетіп, сол санға мысалдар келтіреді.

(С) Салыстыру әдісі.Үлкен доптарды және кіші доптарды санап, бос торкөздерге жазыңыз. Сандарды салыстырыңыз.


Оқушылар сабақ соңында:


  1. он көлемінде санауды;

  2. заттардың саны мен сандар арасындағы сәй-кестікті табуды меңгереді.

Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін мынадай сұрақтарды қоямын:

— Санауды қай саннан бастаймыз? (1 санынан бастап санаймыз.)

— Суреттегі заттарды санаңдар. Қанша …? (10 көлеміндегі заттардың суреттері бар парақ-шаларды көрсетемін.)


— Санағанда сандарды қалдырып кетуге бол-майды. Неліктен? Сен қалай ойлайсың?


Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін.


Денсаулық сақтау технологиялары.

«Атомдар мен молекулалар» ойынын ойнай отырып, бойларын сергітеді.




1

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі