400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1А бөлім:

Натурал сандар және нөл саны

Мектеп: Дарын мамандандырылған мектеп-интернаты

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мақсұт Нұрсара Мұқатайқызы

Сынып: 5

Қатысқандар :

Қатыспағандар :


Сабақтың тақырыбы

5.1.2 Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.3 Санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлығы : Есептерді шығаруда арифметикалық амалдар қасиеттерін қолданады

Көпшілігі:. арифметикалық амалдар қасиеттерін тура және кері ретпен қолданады

Кейбіреулері:: Есептерді шығаруда тиімді тәсілдерді қолдана алады.

Бағалау критерийлері

-Қосу мен көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, санды өрнектің мәнін табады.

- Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолданып, мәтін есепті шығарады.

Тілдік мақсаттар

1. Қосудың a + b = b + a ауыстырымдылық қасиетін және (a + b) + с =

= a + (b + с) терімділік қасиетін пайдаланып, қосылғыштардың

орындарын ауыстыруға, топтауға (жақшаға алуға) болады.

2. Көбейтудің a • b = b • с ауыстырымдылық қасиетін және (a · b) ·· с = a · (b · с) терімділік қасиетін пайдаланып, көбейткіштердің

орындарын ауыстыруға, топтауға (жақшаға алуға) болады.

3. Көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін

(a + b) • с = aс + bс

( a – b) • с = aс – bс пайдаланып, тиімді тәсілмен есептеуге болады.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдану арқылы...;

-қосындыны(айырманы)санға көбейтуді орындау үшін...;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға тапсырмалар орындату арқылы азаматтық жауапкершілік,бір-біріне құрмет,ынтымақтастық құндылықтарын дамыту

Пәнаралық байланыстар

Жүрілген жол, уақыт, жылдамдыққа берілген және үй жануарларының қозғалысының сандық бейнелеріне байланысты есептерді шешуде жаратылыстану пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

5.1.2.2 амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәндерін табу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

«Ақылды доп» стратегиясы.

Мақсаты:Өткен сабақты қайталап, кері байланыс алу.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады, мұғалім допты бір оқушыға сұрақ қойып лақтырады, олқағып алып жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қойып лақтырады... Ойын осылай жалғаса береді.(сұрақтар бүгінгі сабаққа қатысты болады, қосудың және көбейтудің орын ауыстырымдылық қасиетін тұжырымда, қосудың және көбейтудің терімділік қасиеті анықтамасын айту, көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін айту, т.б)

Топқа бөлу:

« Қағаз қиындылары» - арифметикалық амалдар қасиеттерінің үш түрлі формулалары шығатын қағаз қиындылары таратылып, әр оқушы жұбын іздеп тауып, толық формула құрастырып, 3 топқа бөлінеді.

ОМ анықтап алу

  • Натурал сандарға арифметикалық амалдардың қасиеттерін қолдануды меңгеру


Математика 5-сынып оқулығы



Сабақтың ортасы

(Ұ.Т) Сабақ барысы: «Карточкадағы термин»

Мақсаты: Есептеулерде натурал сандарға арифметикалық амалдар қасиеттерін қолдануды тұжырымдай алады

Оқушыларға карточкалар таратылып беріледі.Әр карточкада бүгінгі сабақ бойынша бір термин жазылады.Сыныпты аралап жүріп осы терминді өзге топтардағы 5 оқушыға түсіндіріп береді.

Берілетін терминдер: қосудың үлестірімділік қасиеті, қосудың терімділік қасиеті, көбейтудің қосуға қатысты, көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті

Кері байланыс:

Сендвич әдісі: 1 -бөлік-позитивті комментарий,не ұнады;

2-бөлік-сындарлы сын,нені жақсарту керек;

3- бөлік- келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы..........

1-тапсырма (ЖЖ) «Тапсырма алмасу» әдісімен оқушылар жұпта орындайды

Мақсаты: қосудың және көбейтудің қасиеттерін қолдану арқылы әріпті өрнектерді түрлендіру

Көбейтудiң үлестiрiмдiлiк қасиетiн пайдаланып, қосынды, айырма түрінде жазыңдар:

1) 3(х + 3); 3) 8(5 + у); 5) 9(m + 6); 7) 12(a + 5);

2) 2(х – 4); 4) 4(у – 7); 6) 8(n – 11); 8) 9(b – 1)

Тапсырма 7 мин беріледі

Саралау: сыни сұрақтар қойылады, жақшаның сыртындағы сан Өрнектің ықшамдалған түрінің оның алғашқы түрінен айырмашылығы неде?

Бағалау: жұбының дәптерін алмасу арқылы бағалау


Арифметикалық амалдар қасиеттерін тура және кері ретпен орындау мақсатында 2-тапсырма (ТЖ,МК ) топқа беріледі.

Оқушылардың көпшілігі орындайды- қолдау көрсететін оқушылар бар

Велосипедші мен мотоциклші бірдей уақытта А пунктінен бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Велосипедшінің жылдамдығы 14 км/сағ, ал мотоциклшінің жылдамдығы

40 км/сағ. Олар 2 сағ жүргенде бір-бірінен неше километр қашықтайды?

Бағалау:



3-тапсырма Сурет бойынша есеп құрастырыңдар.

Оқушылардың кейбіреуі орындайды


3 секунд

16м/с 8м/с

1) 16 – 8; 2) (16 – 8) • 3.

Өрнектердің мағыналарын анықтайтын сұрақ қойыңдар. Қандай шаманы табу керек?

Мақсаты: Сурет бойынша мәтін есептер құрастырып , шешімдерін түсіндіре алады;

Бағалау:


Бағалау барысында оқушылар қай бармақпен,не үшін қойғанына түсінік беріп кетеді

Ширату жаттығуы: Оқушылар тақтада 5*5*5*5=100 деп жазылған теңдеуді жұлдызшаның орнына арифметикалық амал не жақша қою арқылы шешу керек.

Қағаз қиындысы, плакат

































Матема-тика

5-сынып оқулығы


























Интербел-сенді тақта




















Сабақтың соңы












Кері байланыс

«Шығу парағы» -сабақ аяғында оқушылар сұраққа(2-3сұрақ) жауап береді,ол сұрақтар сабақты қорытындылап, оқушының алған білімін, сабақтың қалай өткендігін бағалайды.

  1. Бүгін не үйрендіңіздер?

  2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

  3. Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек?


Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша қорытынды жасайды














Тақтада сурет ілініп тұрады











Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетудіжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

-Натурал сандарға арифметикалық амалдарды қолдануда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсетіледі;

-топта жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

-диалогта қатысады

-өзін-өзі бағалауға үйренеді


Бағалауда сендвич,бағдаршам,басбармақ,тазалық әдістері қолданылады.

Ширату жаттығулары








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 мамыр
918
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі