Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Сабақ жоспары Науайы атындағы жалпы орта мектеп 3- өзбек сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән:Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлімЖақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:03.10.18

Сынып: 3-Г



Мектеп: Науайы

Мұғалімнің аты-жөні: Туланова Зайнаб

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

«Жақсы» деген немене?

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары

3.​1.​1.1 анықайтылғансөздітыңдап,түсінгенібойыншақарапайымнұсқаулардыорындау

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.

3.​5.​1.​2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Сөздер мен сөйлемдердіңмағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, жалғауларды дұрыс байланыстырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, ауызша және жазбаша сөйлеуде жіктік жалғауларын орынды қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі.

Бағалаукритерийлері

  1. Тыңдалым материалы бойынша нұсқауларды орындау;

  2. Берілген тақырып бойынша сұрақтар қою, сұрақтарға жауап беру;

  3. Жіктік жалғауын жалғап үйрену

Т ілдік мақсат

Ақылды, үлгілі, тентек.

Жіктік жалғау

Мен үлгілі+мін, мен ақылды+мын

Құндылықтарды дарыту

Жақсы әдет-дағдыларға баулу.

Пәнаралықбайланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолданудағдылары

PowerPoint таныстырылымы

Бастапқыбілім


І бөлім. Жанды табиғат

Сабақтыңбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері


Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)


Ертеңгілік шеңбер «Сиқырлы таяқша»

Балалар бір-біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б.


Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- Мәтінді тыңдап, нұсқауды орындаймын.

- Тақырып бойынша сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап беремін.

- Сөздерді дұрыс байланыстырамын.











Таныстырылым № 2

















Таныстырылым № 3

Сабақтың ортасы

(30 мин)


(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту:Ақылды, үлгілі, тентек.

1.Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттеріарқылы меңгерту

Жаңа сөздер

Мағынасы жақын сөз

Мағынасы қарама-қарсы сөз

ақылды

есті

ақымақ

үлгілі

өнегелі

сотқар

тентек

бұзақы

тәртіпті


2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

- дұрыс айтуға дағдыланады: үлгілі - үлгүлү

3. Сөйлемдер құрастыру.

Менің досым өте ақылды. Ол үлгілі оқушы.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.


(Ж)Тыңдалым. Айтылым. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды, таныс емес сөздерге түсінік беріледі.Қай сурет мәтіннің мазмұнына сәйкес келетінін көрсетеді, айтып береді.


Үлгілі Ақылды


Тентек


Дескриптор:

- тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша суретті анықтайды;

- өз жұбына сипаттап айтып береді.

Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?


(Т) Оқылым. Айтылым. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар шағын 3 топқа бөлініп, мәтінді оқиды. Жаңа сөздерді табады, сөз орамдары мен сөйлемдер құрастырады. Мәтіннің мазмұны бойынша диалогты толықтырады, топтар бір-біріне сұрақ қояды, өзара сұхбаттасады.

Менің досым ауылда тұрады. Ол ақылды, тентек емес. Ата-анасына көмектеседі. Сабақты жақсы оқиды. Ол аяғы сынған құсқа көмектесті. Ол – үлгілі бала.


.............................................. .

Менің досым ауылда тұрады.

............................................... .

Ол ақылды, үлгілі бала.

................................................ .

Ол ата-анасына көмектеседі.

................................................ .

Сабақты жақсы оқиды.


Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателер болды.

- тапсырманы орындау қиын болды.


Сергіту сәті. «Көңілді күн»

Оқушылар билейді


Ұ) Грамматикалық қоржын. «Жылдам ойлан!» ойыны. Мұғалім қоржынның ішіне қағазға жазылған жалғау түрлерін салады, оқушылар қоржыннан таңдап алады. Қай жалғауды алса, соған сәйкес үлгілі, ақылды, тентек сөздерінің бірін таңдап жазады, яғни тиісті қосымшаны жалғап жазады да, жұбымен сол сөзді қатыстырып, диалог құрастырады.

Үлгі:

  • Мен ақылдымын. Сен ақылдысың ба?

  • Иә, мен ақылдымын.

  • Асан тентек. Сен тентексің бе?

  • Жоқ, мен тентек емеспін. Мен ақылдымын.


Тиісті қосымшалар: -мын, -сың, -сің -мін, -сіз, -сыз.


(Ж)Айтылым. Оқушылар жұп болып сурет бойынша сұхбатқа түседі. Суреттегі екі балаға ат қояды, олардың қандай екендігін, қайсы кейіпкер дұрыс әрекет жасағандығы туралы айтады. Өз пікірлерін білдіреді. Мұғалім сырттанбақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы сұхбатты қажетті арнаға бұрып отырады.

Дескриптор:

  • суретке сәйкес диалог құрастырады;

  • сұхбаттасына сұрақтар қояды;

  • сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды;

- сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады.


(Т) «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі.

Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келугежағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады.

Жағдаят: Қыста тонып жүрген құстардыкөрдіңдер? Не істейсіңдер?

«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, бірнеше оқушының комментарийі тыңдалады.

Таныстырылым № 4













Таныстырылым № 5





Таныстырылым № 6




























Таныстырылым № 7










Таныстырылым № 8







Таныстырылым № 9







Таныстырылым № 10

Сергіту сәті "Көңілді күн"

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8&t=5s


Таныстырылым № 11












Таныстырылым № 12




















Сабақтың соңы

(5мин)


Рефлексия:



Үй жұмысы:

«Есте сақта!» айдарын оқы, 39 бет

Таныстырылым № 13














Таныстырылым № 12

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерініңтармақтары.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: 2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
258
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12