15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Наурыз- жыл басы"
Бекітемін:
Күні: 19.03.19ж. Тәрбие сағаты 10А сынып
Тақырыбы:
Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты:
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру
арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін
көрсету және оны құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
ою-өрнектер, слайд сюжетті суреттер
т.б.
1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
2- жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын!
1-жүргізуші: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
2
- жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты
аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да
біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы
мейрам Наурызға шақырамыз!
1 -
жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ
құрып,
Қыс та ұзап барады жылап
тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да
жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).
2-жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
1 -жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Бейімбет ауылындағы болып жатқан Наурыз тойы баршаңызға құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Бейімбет Майлин - аса көрнекті суреткер жазушы, ақын, драматург. Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Тараз ауданы, казіргі Майлин атындағы кеңшарда туды. Әкеден ерте жетім қалған бала жалшылықта жүріп, ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды, кейін көрші ауылдағы медреседе екі жыл оқиды.
1913-1914 жылдары Троицкідегі "Уазифа" мектебінде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде оқиды. Медресе қабырғасында талапты жастармен бірге "Садақ" қолжазба журналын шығарысады. Алғашқы тырнақалды туындысы "Шұғаның белгісі" әңгімесі осы журналда жарияланады. Медреседе белгілі татар жазушылары Мұхит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимовтен сабақ алады, башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен бірге оқиды.
Денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмай, Бейімбет ауылға оралып, 1916-1919 жылдары ұстаздық етеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Бейімбет халық жағында болып, өлеңдер жазады. Жаңа үкімет тұсында 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына қатысады. 1925-1934 жылға дейін баспасөзде және баспа орындарында әр түрлі қызметтер атқарады.
1934-1937
жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің
редакторы болып істейді. 1938 жылы Бейімбет
Майлин өмірі биік белесіне енді шыға
бергенде әділетсіз сезілді. Бейімбет
Майлин бірі қысқа, бір нұсқа әңгіме
жанрының қазақ әдебиетіндегі мектебін
ашты. Ол елуден аса жарық көрген
әңгімелерінде ауыл өмірін бейнелеп,
қарапайым қазақ адамының шынайы образын
жасады.
2- жүргізуші: оқушылардан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:
1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.
3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.
4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
Ән-шашу.
«Наурыз думан» әні орындалады.
2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз.
Оқушы:Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай. Сондай дәстүрлердің бірі – тұсау кесу.
Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң-тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп,«балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.
Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады.Тұсаукесер тойы да сүндет той секілді әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен міндетті түрде аталып өтілетін дәстүрлі қуаныш.
Алдымен тұсаукесер күні белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады. Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпар тартқызып, арты думанды тойға ұласып кетуі ғажап емес. Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағылез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланып, арнайы «тұсау кесер» сыйлығы беріледі.
Әдетте қазақтар бала тұсауынала жіппен, қылдан ескен шыжыммен немесе ішекпен кескен. Мұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы кесілген күннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар ма деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе, кесіп құртуға тырыс дегені.
Тұсау кесер сәті алдында жиналғандар кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы бала-шағаға арналған дастарқан маңына, қызық тамашаға жиналады. Дастарқан жанына қазық қағып, аяғы тұсалғанбаланы арқандап қояды.Тойдың негізгі жанкүйерлері – балалар алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, озып келгені арқанды қиып, дастарқандағы бар дәмге ие болады, оған арнайы сыйлық беріледі.
Бұдан соң, «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектерді айта отырып, екі қолынан екі адам жетектеген баланың тұсауын таңдалып алынған адам кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығады да, тез-тез жүгіреді. Осы кезде«Тұсаукесер» жыры шырқалады:
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Қаз-қаз, балам, қаз балам.
Тақымыңды жаз балам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін,
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық,
Қаз-қаз, балам, жүре ғой...
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Міне, осыдан бастап шынашақтай қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимақтайды, қиындығы мен қызығы мол жаңа өмірі басталады. «Тұсаукесер» – баланың осы өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, Құдайға деген құлшылығы
Көрініс «Тұсау кесу»
Әжесі: Бүгінгі тойға келген қауымды дастарқан басына шақырамын.
(дастарқаннан дәм татады, көже ішіледі)
Бата беріледі
1-жүргізуші: Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі.
Күй «Ерке сылқым» -Амангосова Дильназ
1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар.
1. Асық ойынынан жарыс
2. Қол күрестен жарыс
4. Наурыз көже ішуден жарыс.
2-жүргізуші: Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген