400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Нүктенің координаталары және қозғалыс бағыты 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика


Тақырыбы: Нүктенің координаталары және қозғалыс бағыты

Мектеп:


Мұғалімнің аты-жөні:Жумаканова С.

Сынып: 3ғ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.3.3.1 жазық фигурада белгіленген нүктелердің орнын бір-біріне қатысты анықтау.


Жазықтықта нүктелердің орналасуын қалай атауға болатынын түсіну.

Жазықтықта нүктелерді орналастыру және сипаттау.

Графикалық суреттерді құрастыру.

Тілдік мақсаттар






Жазықтықта нүктелердің орналасуын сипаттау.

Пәндік лексика және терминология:

Нүкте, координаталар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Нүкте қалай орналасқан?

Нүктелердің орналасуын анықтау үшін қандай мәліметтер қажет?

Жазу:

Координаталарды жазу.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Геометриялық фигураларды атау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


0–3


Ынталандыру.

Сабақ тақтада көрсетілген слайдтағы суретті әңгімелеуден басталады.

Кинотеатрларға, концерттерге барғанда өз орныңды қалай табасың, нені пайдаланасың? Ойланып көр.

Шахмат тақтасындағы фигуралар орны туралы не айтар едің?

Әр фигура орны әріптер мен сандардың қиылысуында орналасқанына көзіңді жеткіз.

Дойбы тасының орны туралы не айтар едің? сұрақтары арқылы тақырып мазмұнын ашу.

«Не қайда орналасқан?» Топтарға карта беріледі сол карта бойынша нысандардың координатын анықтауға тапсыру. Қай координатта не орналасқан?Әр нысанды тапқаннан кейін сыныппен бірігіп тексеру, алайда есеп шығаруда жақсы дағдылары бар

оқушыларға жұмысты өз бетінше орындауына мүмкін-

дік беру.Нысанды тапқан сайын нысанды қоршайды, осы арқылы топ оқушыларының неше нысанды қай уақытта тапқындығыбілінеді.

  1. (11,9)-кітапхана

  2. (1,9) –қонақ үй

  3. (2,4)-дүкен

  4. (6,1)-досымның үйі

  5. (9,7)-саябақ

  6. (9,11)-театр

Бұл тапсырманы орындау барысында балалар координаттардың не екендігін анықтауға мүмкіндік алады.

Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) — жазықтықтағы, кез келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар.

«Тауып көр» үш топқа торкөз қағаздан координаттық тор дайындап беріледі сол торға берілген координатта нүкте салады.

Бірін-бірі бағалау.

(2,3) (2,9) (8,9) (8,3)

«Кім жылдам?».Алдыңғы тапсырмаға кері тапсырма ретінде орындауға тапсыруға болады. Топтарға фигуралар салынған координаттық торды беріледі, фигураларды атап сол фигура төбелерінің координаттарын анықтауға, жазуға тапсыру.

Смайликтер арқылы бағалау жүргізу





















4–6


Белсендіру.

Күнделікті өмірде қандай жағдайларда нүкте координаталары деген түсінікпен ұшырасамыз, қай кезде нүкте координаталарын қолдана білу керек? Сондай жағдайларды еске түсірейік.

(Координаттар– нысанды табуға болатын кейбір мәліметтер).

– Координаттардың қалай берілгенін немесе қалай беру керек екенін түсіну маңызды

– Біз нысанды табамыз ба, жоқ па – осыған байланысты.

Ол үшін мына тапсырмаларды орындау арқылы белсендіру жұмысын жүргізуді ұйымдастырыңыз.

«Дұрысын тап»

F(5,2) дұрысы (5,2)

Е (8,2) дұрысы(8,2)

С (7,5) дұрысы (5,7)

В (5,7) дұрысы (7,6)

А(8,7) дұрысы (8,7)

«Шапалақ» арқылы бағалау жүргізіледі.

Нүктенің дұрыс координатын табу үшін координаттарды анықтау алгоритмін жасаймыз.

   Нүктелер координаттарының алгоритмін анықтау.

1. Көлденең ось бойынша бірінші координат нүктелерін табу.

2.Тік ось бойынша екінші координат нүктелерін табу.

3. Қиылысты табу.

Практикалық жұмыс.

Балалар алдымен нүктелерді тауып, содан кейін дұрысын белгілейді.


Геометриялық фигуралар.

















7–11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят).Теңдеу шешемін тап. Күрделі теңдеуді шешу жолдары жайлы білімдерін еске түсіре отырып есептеуге берілген. Шешімін табу үшін қарапайым теңдеуге келтіріп алу керектігі ескеріледі. Бұл тапсырмада күрделі теңдеулерді шешу үшін алдымен амалдардың орындалу ретін анықтап,ең соңғы орындалатын амалды табу керек,белгісіз компонентін анықтап,оны табудың ережесін қолданып,теңдеудің түбірін тауып,тексереді.

652 – х = 14 + 38    140 + в + 300 = 770  56 + с + 14 = 100

652 – х = 52       440 +в = 770              70 + с = 100

х = 652 – 52     в = 770 – 440               с = 100 – 70

х = 600                 в = 330                                  с = 30

652 – 600 = 14 +38  140 + 330 + 300 = 770  56 + 36 + 14= 100

  1. = 52               770 = 770                     100 = 100

Амалдарды орында:Балалардың үш таңбалы сандарды баған қосып, азайту дағдыларын дамытуға берілген, жақшалы өрнектерді шешу жолдарын қайталауға берілген тапсырма. Оқушылар жұпта амалдардың орындалу тәртібін естеріне түсіріп,амалдарды орындайды. Оқушыларға жұптық жұмысты мына түрде орындайды: тапсырманың бірінші бөлігін бірінші оқушы орындайды, ал екіншісі – тексереді, содан кейін екінші оқушы келесі бөлігін орындайды, ал бірінші оқушы оның дұрыстығын тексереді

(608-134)+(237-194)=517

(487-334)+(756-481)=428

805-(234+358)+198=411

516-(457-253)+434=746

«Бармақ» арқылы бағалау

«Ойлан, тап»

Фигурадан кіші тіктөртбұрышты боя, боялмаған фигура ауданын тап. Фигура ауданын табу жолдарын, аудан формуласын еске түсіре отырып орындайды. Жұмыс топта орындалады.




































12–29


4см

3 см

Shape4 Shape3 6 см

Shape5

4 см




S=3см*4см= 12см кв

S=4cм*6cм=24cм.кв

24cм-12cм=12cм.кв

«Сөздік бағалау» жүргізіледі.


Оқулық.









30–35


«Ойлан , тап» Тіктөртбұрыштың ауданы 80 см кв, ұзындыңы 10 см. Тіктөртбұрыш енін және периметрін тап. Оқушыларға тапсырманың берілгені таныстырылады. Есепті шығару үшін, қай формулалар керек болатыны сұралады. Бір оқушы тақтаның басқа жағына есепті шығару үшін шақырылады. Барлық оқушы есепті шығарған соң, өз шешімдерін тақтада шығарылған есеппен салыстырутапсырылады. Шешімін талдайды. Тапсырма аудан мен периметрді табумен байланысты геометриялық есептерді шығаруың дағдысын дамытуға бағытталған

а – 10дм S – 80дм² b -?
Ш: 80: 10 = 8 (дм)
Ж: ені 8дм
, Р= (10дм+8дм)х2=36дм

«Сөздік бағалау» жүргізіледі.

«Кім жылдам» Берілген кестеден координаттар арқылы сөздерді табуды және ол сөздер туралы не білетіндіктерін айтып беруді ұсыныңыз.


1

2

3

4

5

6

1

Й

К

Х

А

Р

Т

2

Е

Ә

У

Н

Б

Д

3

Ы

К

М

Ш

З

У

4

С

О

И

П



1 (1,4) 2 (4,1) 3 (1,6) 5 (1,4) 6 (2,4) 7 (1,4) Астана

1 (1,3) 2 (1,4) 3 (2,4) 4 (3,4) 5 (1,4) 7 (1,6) 8 (3,1) 9 (1,4) 10 (3,1) Хан-Шатыры

1 (1,4) 2 (4,1) 3 (1,6) 5 (1,4) 6 (2,4) 7 (1,4) 8 (4,2)

9 (4,4) 10 (2,10) 11 (1,5) 12 (1,4) Астана Опера

1 (2,6) 2 (2,3) 3 (3,3) 4 (1,4) 5 (2,4) Думан

Әр сөзді тапқан сайын « Шапалақ» арқылы бағалау

Тапсырмалар соңында өзіне-өзі тексеру жүргізіледі.

Мен:

  • – нүктелердің координаталарын жазуды;

  • – жазық фигурада белгіленген нүктелердің орналасуын анықтауды.

Оқулық


















40


Рефлексия.

Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;


Жетістік сызғышы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
2213
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі