15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: "О дыбысы және әрпі"
|
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні: Күні: |
Сауат ашу 2-бөлім . Менің мектебім. Ибраева Ж.С. |
||||||||||||
|
Тақырыбы: |
Менің мектепке барар жолым. О дыбысы және әрпі . |
||||||||||||
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||
|
Оқу мақсаты: |
1.2.9.1.Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру; 1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды, ұнамайды); 1.2.1.2 .Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу)қолдану; 1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. |
||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: |
||||||||||||
|
О дыбысы және әрпімен танысады, о дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келетінін біледі, таңбасын салуды үйренеді. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір- бірімен дұрыс байланыстыру және оларды каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігі қалыптасады. |
|||||||||||||
|
Оқушылардың көбі жасай алады: |
|||||||||||||
|
Дыбыстарды ажыратады, сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасайды. |
|||||||||||||
|
Оқушылардың кейбірі жасай алады: |
|||||||||||||
|
Мәтінге қатысты пікірін айтады және себебін түсіндіреді. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. |
|||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Мәтінге қатысты пікірлер айтады. Өз көзқарасын білдіреді. |
||||||||||||
|
құндылықтарды дарыту |
Құрмет- тыңдалым кезінде. Ынтымақтастық – топтық, жұптық жұмыс кезінде. Еңбек және шығармашылық – сөйлем құрастыру, саралау, рөлдік ойын кезінде. |
||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Математика- буын, дыбыс санын анықтау кезінде. Дене шынықтыру- оқушылардың гигиеналық талаптарға сай отыруы, сергіту сәті. |
||||||||||||
|
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта- Жол жүру ережесі туралы суреттер. Аудиотаспа- тыңдалым кезінде, «Мектебім», «Көңілді күн» әндері. |
||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Өзім туралы, Менің мектебім, сөз, дыбыс, буын, дауысты, дауыссыз дыбыстар, талдау. |
||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||
|
Сабақтың басы ( 0-5 минут) 0-2 минут 2-4 минут 4-5 минут |
1)Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. «Мектебім» әнін тыңдау. Сұрақтар қою.
2) Сабақ мақсатын анықтау. Ал, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық. «Оюда» бармын, «Түнде » жоқпын «Допта» бармын, «Кітапта» жоқпын. -Мен сонда қандай дыбыспын? (О) Диалог -Балалар,бүгінгі сабақта біз қандай әріппен танысуымыз мүмкін? -Құрамында о дыбысы бар қандай сөздерді білеміз? - О әрпі неге ұқсайды? 3) Нәтижеге бағыттау Сабақ барысында толық жауап бергендерге- қызыл доп. Жартылай жауап бергендерге- жасыл доп. Шамалы жауап бергендерге- сары доп. |
. Аудиотаспа «Мектебім»әні Қызыл, жасыл, сары доптар
|
|||||||||||
|
Сабақ ортасы 28 минут 5-7 минут 7-11 минут 11-14 минут 14-16 минут 16-18минут 18-21 минут
21-22 минут 26-28 минут 28-29 минут 29-30 минут |
(МТ). 1. О дыбысының айтылу процесімен таныстыру, артикуляциясын байқату. Артикуляция. Аузымызды дөңгелетіп о дыбысын айтамыз. О дауысты дыбыс екенін айту (қызыл түспен белгілеу). О әрпінің баспа және жазба түрлерін көрсету. 2.Оқулықпен жұмыс. (МК).Тыңдалым.Аудиотаспадан мәтінді тыңдайды. Арал мен Орал доп ойнады. Олар ойынның қызығына түсіп, жолға жығып кеткендерін байқамай қалды. Көлік жүргізушілердің бірі: -Жолда ойнамаңдар!Жолда ойнау –адам өміріне қауіпті, -деді. Олар қателерін түсініп, көлік жүргізушілерден кешірім сұрады. (Т). Қызыл,сары,жасыл алмалар арқылы топтарға бөлу. Мәтін астындағы сұрақтарға топтасып жауап беру. -Балалар кешірім сұрау үшін қандай сөздер қолданады? -Оралдың мұндай іс- әрекеттеріне қалай қарайсыңдар? -Жолды өткенде ненің ережесіне бағынуымыз керек? Ойын: «Жүргізуші мен жолаушы». Әр топтан бір оқушыдан шығады.Бір оқушы көлік жүргізушісі , екіншісі оқушы баланың рөлінде, үшінші бала бағдаршам рөлінде.Оқушылардың сұхбатқа түсуін ұйымдастыру. Мысалы: -Жолда ойнамаңдар! Жолда ойнау адам өміріне қауіпті. -Кешіріңіз! Бұдан кейін жолда ойнамаймын. “ Қол белгісі” әдісі арқылы топтық жұмыстарын бағалау. 3.(Ұ).Оқылым. О дыбысы бар сөздерді хормен- буындап, тұтас оқу; тізбектей, жекелей оқу. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі арқылы жаңа сөздерге талдау жүргізеді. Сөйлемдер құрастырады.
4. (Ж). «Іздену» тәсілі. Тапсырма: Оқушылар жұптарымен сызбаға сәйкес сөйлем құрастырады. Әншілер, бишілер сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасайды.
5. (Ө;Қ).
Сергіту сәті. «Көңілді күн» .
6)Дәптермен жұмыс. (Ө). Жазылым. Жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды сақтауды ескерту. Оо әрпін жазу. Бас әріп пен кіші әріпті бір-бірімен байланыстыру.
(Ж).Суреттердің астындағы сөздердің түсіп қалған әріптерін қою.
7. Ө. Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға: Тапсырма. Тиісті әріпті қой. Ш..ртан, т..ған, т..рғай. Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға: Тапсырма: Дыбыстық талдау жаса Орман, он, шопан Аз қолдауды қажет ететін оқушылар: О дыбысы кездесетін бір буынды , екі буынды, үш буынды сөздерді жаз.
|
Қызыл дөңгелекше Кеспе әріптер
Аудиотаспа
сары, қызыл, жасыл алмалар
Бағдаршамның суреті
Оқулықтың 43 беті
«Көңілді күн» әні
Дәптер (14бет)
Үлестірмелі парақшалар
|
|||||||||||
|
Сабақтың соңы 30-35 минут 30-32 минут
32-34 минут
34-35 минут
|
–Оо дыбысы қандай дыбыстар қатарына жатады? -Қай сөздерде О дыбысы кездеседі? -О дыбысынан басталатын сөздерді ата
2. «Бір минут» кері байланысы. Оқушылар жұптарға бөлініп бір- біріне қарама –қарсы тұрады. Оң жақта тұрған оқушылар 1 минут ішінде О дыбысынан басталатын 10 сөз айтып өз жұптасына адымдап жақындай береді. Жұптасы оған кері байланыс береді. 3.Бағалау.Сабақ барысында жиналған доп санымен оқушыларды бағалау. Мұғалім кері байланыс береді.
|
Орындық
Доптар |
|||||||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||
|
Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға: Тапсырма. Тиісті әріпті қой. Ш..ртан, т..ған, т..рғай. Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға: Тапсырма. Дыбыстық талдау жаса Орман, он, шопан Аз қолдауды қажет ететін оқушыларға: Тапсырма. О дыбысы кездесетін бір буынды , екі буынды, үш буынды сөздерді жаз. |
Сабақ барысында жиналған доп санымен оқушыларды бағалау. Мұғалім кері байланыс береді. |
«Көңілді күн» сергіту сәті. Оқушылардың гигиеналық талаптарға сай отыруы. Интербелсенді тақтаны уақытында сөндіру. |
|||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|||||||||||||
|
Сабақтың мақсатына жеттім бе?
Оқушылар не үйренді?
Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?
Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?
Жоспарланған уақытты ұстандым ба?
Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? |
Сабақтың мақсатына жоспарланған жұмыстарды уақытылы өткізу арқылы қол жеткіздім.
О дыбысы мен әрпін, сөздерге дыбыстық талдау жасау, сызба бойынша сөйлем құрауды Топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне көмек берді.
Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар тиісті әріпті қой тапсырмасын жылдам орындады. Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар дыбыстық талдау жаса тапсырмасын нақты орындады. Аз қолдауды қажет ететін оқушылар О дыбысы кездесетін бір буынды , екі буынды, үш буынды сөздерді жаз тапсырмасын жақсы орындады.
Уақыт тиімді пайдаланды.
Жоспарға өзгерістер еңгізілген жоқ. |
||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері: 1. Тыңдалым. Аудиотаспадан мәтінді тыңдату. 2. Саралау жұмысы Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт: 1. Сабаққа ойындар қосу. 2. Аз қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырманы күрделендіру . Осы сабақтан келесі сабақты өткізуге септігін тигізетін сынып және жеке оқушы жайлы не білдім? Дыбыстық талдау кезінде Аселге көмек көрсету.
|
|||||||||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген