жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары Ойдың, сөздің және істің бірлігіндегі өмір 5 сынып
Тақырыбы:
Шаңырақ жарастығы
Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «махаббат » құндылықтары
туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-шаңырақ жарастығы; сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру.
-жағымды қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық ,дәптер,шаңырақтың суреті сызылған
плакат,суреттер.
Шаттық шеңбері:
Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім сабақты жақсы көңілмен, жылы
сөздермен бастайды.
-Сәлеметсіңдер ме,менің аяулы достарым.Мен барлығыңды жанымдай,
бауырымдай жақсы көремін.Біз бүгінгі сабақта шаңырақ жарастығы
туралы әңгімелесеміз.Әрбірің өз шаңырақтарыңа жақсы тілек айтып
шығыңдар
Мысалы:
-Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін.
-Мен шаңырағыма сәттілік тілеймін.
-Мен шаңырағыма бақыт тілеймін. т/б
Е.Өтетілеуовтің «Мен қазақ баласымын» атты өлеңіноқиды.
Балалар бір шаңырақ астында тұратын адамдарды қалай атаймыз?
-Отбасы.
-Бір шаңырақ астында тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы
айтып беріңдер.
Мұғалім:
-Иә,дұрыс айтасыңдар балалар, бір шаңырақ астында тұратындардың
бір-біріне сыйластығы, махаббаты, бауырмалдығы,татулығы,бірлігі
шаңырақ жарастығын құрайды.
Мәтінмен жұмыс.»Сүйіспеншілік» мәтінін оқу
Сұрақ:
«Сүйіспеншілік бар жерде байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай
түсінесіңдер?
Оқушылардың жауабын тыңдау
Мұғалім:
Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын
адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды.Сол себепті бір
шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым
болса, ол үйде сыйластық та, ынтымақ та, береке де болады.
Тыныштық сәті.
Балалар, денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып
отырыңдар.Көздеріңді жұмуға да болады.Ауаны терң жұтып, еркін
тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналаджағы барлық тіршілік
иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқандай сезініңдер.
Тұла бойларың жақсылыққа, қунашықа толғанан сезінуге болады(2 мин
отырады)
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар үйден алып келген отбасымен бірге түскен фотосуреттерін
көрсетіп шағын әңгіме айтады.
Тақтадағы «Шаңырақ сәні - сыйластық» деген халық мақалының
мағынасын ашу.
Ойын: Жарасымды шаңырақ
Балаларға қиылған таспа кесінділеріне үлкен әріптермен жазылған
сөздерді таратып беремін.
Балалар,біздің сыныбымыз бір шаңырақ сияқты, ал осы шаңырақтың
жарасымды болуы біздің қолымызда.Олай болса,өздеріңе берілген
«уықтардағы» сөздерді дауыстап оқып, сол оймен келіссеңдер
шаңыраққа қадайсыңдар.
Дәптермен жұмыс.
Балалар, сендер әр күндеріңді қуанышты етіп өткізуге дағдылануларың
керек.Қалай дейсіңдер ғой? Ол үшін мерекелік кесте жасап алу қажет
деп ойлаймын.
Оқушылар дәптерде берілген кестенің бірінші бағанасына күнді қалай
атайтындарын жазады, ал екінші бағанасына мерекелік іс шараларды
жазады.
Тапсырма нәтижесі қорытындыланады.
Міне, көрдіңдерме, балалар,шаңырақта көңілді де қуанышты, қызықты
да жақсы өмір сүру өзіміздің қолымызда.
Оқулықпен жұмыс.
«Көмек» өлеңін оқу.
Оқушылар өз көмектері жайлы айтып береді.
Бес жолды өлең құрастыру «Отбасы»
Қорытындылау. Слайд.
Бүгінгі сабағымыз не жайында болды?
Отбасы неден құралады екен?
Отбасы:
1.өзара түсіністік 2.сыйластық 3.мейірімділік 4.төзім 5.сенім
6.қамқорлық т.б.
Жүректен ж
Пән: Өзін – өзі тану
Мектеп:
Күні:
№: 27
Мұғалімі:
Сыныбы: 5
Оқушылардың саны:
Сабақтың тақырыбы: Ойдың, сөздің және істің бірлігіндегі өмір
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер:жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық, ойдың, сөздің және істің бірлігі
|
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ойдың , сөздің және істің бірлігінде өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу Білімділік: оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. https://massaget.kz 2. audio.nur.kz 3. www.inform.kz |
|
Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастырукезеңі. 5 Т – ережесі:
Жағымды көңіл – күйге келу. Орманға ойша серуен. (Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек). Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!Рахмет! 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №26 – сабақ. Табиғат туралы мақал – мәтелдер жазу. 2. Келесі сабақ. №27, Мұхтар Құл-Мұхаммедтың «Әл - Фараби» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1.
Мұхаммедтің суға ағып бара жатқан күшікті құтқарып алуына |
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Үш-ақ нәрсе адамның
қасиеті: Сұрақтар: 1. Адамның жақсы қасиеттеріне нелер кіреді? 2. Дәйексөзден қандай ойтүйдіңіз? |
|
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы) Қанатты барыс туралы аңыз Сонау көне заманымыздан бері келе жатқан ұлы даламыздың құпиясы мол тарихынан сыр шертер аңыз әңгімелер көп-ақ,солардың бірі «Қанатты барыс туралы аңыз». Түн болатын, ел-жұрт жым-жырт ұйқыда жатты.Бірде хан сарайын күзетіп тұрған сақшының құлағы бір дыбысты естиді, бұл тегін дауыс емес, жан-жағына қарайды, бірақ ешкім көрінбейді.Кенеттен дүркіреген дауыс шапшаңдай түсіп, жау әскері хан сарайын қоршап алады.Ханның қолбасшысы жедел түрде ханға жау шапқанын естіртеді, сонда хан қолбасшыға қарап: - Сезіп тұрмын Сардар, енді бәріде кеш, жалғыз ұлым саған аманат, тұяғымды құтқар,ер жетіп батыр жігіт болсын, -деп баласының мойнына қанатты барыстың суреті бейнеленген тұмарды іліп, жанына ханның серігі болған сұңқарын қосып жедел аттандырады. Осылайша хан баласын алып бара жатқан қолбасшының алдынан жау әскерлері шығып қалады.Ешбір амалы қалмаған қолбасшы өзенге секіруге мәжбүр болады, мұны көрген жау әскерлері: -Бұл өзеннен ешкім тірі шықпаған, кеттік, - деп, қайтып кетеді. Алайда олар тірі қалады. Арада бірнеше жыл өтеді. Хан баласының ес білер шағы. Ол өзінің мойнындағы тұмарына қарап, жанындағы Сардар ағасынан сұрайды:
Сонда Сардар қолбасшы: -Еее, балам, сенің жетінші атаң Бөріхан жүрек жұтқан батыр әрі аңшы болған.Күндердің бір күнінде Бөріхан осы Жабағалы тауының басында арқар аулап жүріп барыстың үңгіріне тап болады,балаларына жем іздеген барыстың жоқтығын білген бе, алпыс құлашаждаһажыланбарыстыңбалаларына қиянат жасамақшы болғанда, Бөріхан алмас қылышпен аждаһа жыланның жолына тосқауыл болған,сол кезде келіп үлгерген қанатты барысты көрген батырда таң қалып қарап қалады,балаларын құтқарып қалған батырға барыс тіл қатады: -Ей адамзат, мен енді саған өмір бақи қарыздармын,осы жылан менің балаларымды жылда жалмап кетуші еді, ұрпағымды сен аман алып қалдың, менде сенің жетінші ұрпағыңа дейін қызметіңе әзірмін. Басыңа қиын-қыстау күн түссе, көмектесемін, - деп осы бойтұмарды сенің бабаңа табыс етеді.Міне Сауран, сен Бөріханның жетінші ұрпағысың, ханның аманатыда менің мойнымда, қанатты барыстан көмек сұрар кез келді,бірақ сенің әлі қабырғаң қатпаған,батыр болып өсемін десең бүгіннен бастап өзіңді жауынгерлікке баулимын, - дейді. -Мен дайынмын, -дейді Сауран. Осылайша Сардар қолбасшы хан баласы Сауранды жауынгерлікке баулып,қайсар әрі өжет батыр қылып шығарып,қолына алмас қылышты ұстатып былай дейді: -Міне, Сауран,сенің қанатты барысқа барар уақытың келді,тәңірім жарылқап жолың болсын, - деп Самұрық құсты жол бастаушы қылып бірге аттандырады. Сауран айлап жаяу жол жүреді,жолда небір қиындықтар мен қорқыныштарға тап болады, бірақ Сардар ағасы үйреткен жауынгерлік рухтың арқасында бәрін жеңіп, қанатты барыстың құз басындағы мекенінеде жетеді. Алғашында Сауран бұл жер барыстың мекені екенін білмейді. Самұрық құс оған: -Ары тұр, -деп белгі бергенше, қанатты барыс адам баласына шабуыл жасап, енді тістемекші бола бергенде,Сауранның мойнындағы бойтұмарды көрген барыс бірден ашуы тарқап, иіле кетеді де былай деп тіл қатады: -Адам баласы,сені бұл жерге не айдап келді? – дейді. - Мен Сауран мен Бөріханның жетінші ұрпағымын, есімім - Сауран. Бабама берген уәдең бойынша келіп тұрмын, - дейді. – Ия бабаңның алдында қарыздармын, - деп, бас иеді. – Не мұқтаждығың бар, Сауран? - деп сұрайды қанатты барыс.
Ол басқарған елдің туы қанатты барыстың суретімен бейнеленеді.Міне «қанатты барыс туралы аңыз» тарихта осылай бейнеленеді. Сұрақтар: 1. Қолбасшы Сардардың ханға адалдығын қай жерден көруге болады? 2. Қанатты барыстың адамдарға сенім артуына не себеп болды? 3.«Жауынгерлік рух» деген ұғымды қалай түсіндіре аласыз? 4. Бұл аңыздан қандай ой түйдіңдер? |
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: |
|
|
6. Топпен ән айту Мейірім |
|
|
7. Үйге тапсырма. 1. №27 – сабақ.«Ар демек – адамшылық» тақырыбына эссе жазу. 2. Келесі сабақ. №28, Жақау Дәуренбековтың «Адалдық» мәтінін оқып келу. |
|
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет! |
|
|
|
Мұғалімнің аты-жөні: Күні: |
|||||
|
СЫНЫП: 7 Сабақ 27-28 |
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Адамның рухани әлемі |
|||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
7.3.3.1. - ізгілік ұғымы туралы түсінік алады беру. |
|||||
|
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамытады. . Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: адами қарым-қатынас жасау ізгіліктерін түсінеді; Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||
|
Тілдік құзіреттілік |
кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездеме |
|||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
|||||
|
Алдыңғы оқу |
Қазтуған жыраудың «Туған жермен қоштасу» толғауы |
|||||
|
Сабақтың жоспары |
||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||||
|
Басталуы 5 минут |
Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Кімде кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз» деген нақыл сөзін талдау. - Сендер үшін ізгі іс дегеніміз не? - Ізгілік не? Тегі қандай ? Түсі қандай өзінің |
Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын. |
||||
|
Жаңа білім 10 минут
|
«Сен қандайсың?» Өз аттарын жоғарыдан төмен қарай жазып, өсіміне кіретін әріптерден басталатын, өз бойында бар қасиеттерді жазу. Мысалы: М – мейірімді Ұ - ұқыпты Р – рақымшыл А - ақылды Т– талапты ІІ. Мақал – мәтел жазу. Жазған мақал – мәтелдердің өмірлік мақсаттарыңды білдіреді. «Білім шыңы» Білім шыңына жету үшін адамда қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың? «Өмірдегі ең басты мәселе не?» Проблемалық сұрақтарға жауап беру. -Әрқашан да адал болу керек пе, әлде жағдайға сәйкес өтірікті пайдалануға болама? -Бақытты болуды тек материалдық байлыққа жету деп түсінесіз бе? - Болашақ мамандық таңдауда шешеуші рөл атқарушы – дәрежесі жоғары институтта оқу ма, жоғары еңбекақы алу ма, шетелге жиі іс – сапарға шығу ма, әлде өз қабілетіңізді толық ашу ма?
|
Оқулық, мәтіндер. |
||||
|
Ортасы 10 минут
|
Әңгімелесу. Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында адами қарым-қатынас жасау неліктен адам өміріндегі бағалы құндылықтар болып табылатынын түсіндіріп, оқушылар назарын сүйіспеншілік сезіміне аударады. Өз ісіне шын ықыласпен, өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар ғана ұлы жаңалықтар аша алады, қалалар салады, бақтар өсіреді, ұрпақ тәрбиелейді. Сонымен қатар адам сезімінің көрінісі ретінде тамаша әндер мен өлеңдер, ғаламат шығармалар дүниеге келетінін түсіндіреді. § Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады? § Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай? § Әдепті сөйлеуді адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай? § Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?
Назар аударыңыз Ғ.Мұстафин Мұраларды ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.
Зенон Сөзді бағасы бес белгімен айқындалады: дұрыстық, айқындық, қысқалық, орындылық, әрлеу. Дұрыстық дегеніміз – айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді. Айқындық дегеніміз – ойдың мазмұнын дұрыс бере білу. Қысқалық деп мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады. Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау. Әрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу.
Шығармашылық жұмыс Әр топқа «Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңыздылығы» тақырыбында коллаж жасайды. Коллажды тақтаға іліп, қорғайды және әр топ бір-біріне сұрақтар дайындап қояды, сұрақтарға өздері қосымша ой қосады.
Тыныштық сәті Оқушылар ыңғайланып отырып, аңыз ән тыңдайды. Бар ойын сол аңызға аударып, ондағы мағынаны түсінуге ұмтылады. Аңызды мазмұнын талдай отырып, оқушылар қарым-қатынас кезінде сабырлыққа, ашуды ақылға жеңдіруге үйренеді. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларға «Мейірімді және ықыласты болуға жетелейтін игі істер мен жақсы әрекеттер топтамасын жасау» ұсынылады. |
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық. |
||||
|
Сергіту сәті 2 минут |
«Қыдырып қайтайық!» би билеу
|
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
||||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез |
Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы
|
||||
|
Бағалау
5 минут
Кері байланыс 3 минут |
|
Кері байланыс кемесі |
||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||
|
· |
· |
· |
||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз |
Мұғалімнің аты-жөні: Күні: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
СЫНЫП: 2
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
Жаңа білім дағдыларын жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындай отырып меңгереді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Балалық шақтан қызықты оқиға» Мақсаты: эмпатияны дамыту. Нұсқаулық: «Сіздердің алдыызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді. Талдау: Өздеріңізді қалай сезінудесіз? |
1-топ: Жазушылар 2-топ: Зерттеушілер 3-топ: Суретшілер
«Балалық шақтан қызықты оқиға» Тренинг. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді. |
Оқулық, мәтіндер. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы 10 минут
|
Қолдану Дәптермен жұмыс. Талдау Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді. |
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті "Қара жорға
|
видеожазба |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез «АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ» әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру. |
«АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ» әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау
5 минут
Кері байланыс 3 минут |
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
«Белгілер» әдісі |
Бағалау парақшасы
«Белгілер» әдісі. Рефлексия парағы. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген