Материалдар / Сабақ жоспары: Ол - ұқыпты оқушы, 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары: Ол - ұқыпты оқушы, 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі, 3 сынып, Т2, бастауыш, сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
3060
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ол - ұқыпты оқушы

Мектебі №6 гимназия


Мұғалім: Жакупова Қ.О.

3 «Е» сынып

Қатысқандар

Қатыспағандар

Оқу мақсаты

Аудиовизуалды материалдардағы оқиғалардың мазмұнын түсіну және сипаттап беру;

Фильмдермен тыңдалған материалдағы оқиғаларды өз тәжирибелерімен салыстырып сипаттау;

Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін қолданып, сөйлем және қарапайым постер құрастыру;

Мұғалімнің көмегімен тыңдаған және көрген материалдар бойынша қысқа жазбалар жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:Берілген тақырыптар бойынша лексикалық бірліктердің мағынасын түсінеді.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тыңдалған, көрген материалдар бойынша сөйлесімге түседі.



Кейбір оқушылар орындай алады: Оқыған және тыңдаған материалдар бойынша өмірмен сабақтастырып, өзіндік көзқарасын білдіреді.


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: мәтінді тыңдай алады, түсінеді, сөйлесімге түседі, жұппен, топпен жұмыс істей алады, өз пікірлерін білдіре алады.


Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер: жыртпайды – не рвет, сызады – чертит, ұқыпты –аккуратный, жыртық – порванный.




Диалог құруға және шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: кітапты таза ұстау керек, кітапты жыртпа, кітаптың пайдасы зор, ұқыпты оқушы.


Талқылауға арналған сұрақтар: Кітаптың пайдасы қандай? Кітапты не үшін оқимыз? Жалқаубектің оқулықтары қандай? Әлібек қандай оқушы? Кітапты жыртуға бола ма?

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)



















Сабақтың ортасы (6 – 40 мин)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылармен амандасу.

Психологиялық ахуал туғызу. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір –біріне жүрекше беріп тілектер айтады. Оқушыларды топқа бөлу. Балаларға геометриялық пішіндер таратылады, оқушылар пішіндерді жинап, екі топқа бөлінеді.

1 топ «Ақылдылар» тобы. 2 топ «Тапқырлар» тобы.

Қызығушылықты ояту: оқушыларға слайд көрсету.

Ой шақыру әдісін пайдаланып, көрген слайд бойынша өтетін сабағымыздың тақырыбын ашамыз, сабақтың мақсатын айтамыз.


Мына суреттерде қандай оқушыларды көріп тұрмыз?

Не себепті ұқыпты оқушы деп ойлайсыңдар?

Мағынаны тану

Жаңа сөздермен жұмыс:

Суретті лексика бойынша оқушыларға жаңа сөздердің аудармасы берілмей, сурет түрінде беріледі.


Тыңдалым. Оқылым.

Аудиотаспадан мәтінді тыңдайды.

Әлібек ұқыпты оқушы. Әлібектің жеті оқулығы бар. Оның оқулықтары таза. Әлібек оқулықтарын жыртпайды. Әлібектің дәптері таза. Ол дәптерін сызбайды. Жалқаубектің оқулықтары жыртық, ескі, дәптері лас. Ол дәптерін сызады. Сен оқулықтарыңды жыртпайсың ба?

  • Балалар, осы тыңдалған мәтін бойынша Т –кестесін толтырамыз.

1 – Ақылдылар тобы Әлібек туралы, 2 – топ БТапқырлар тобы Жалқаубек туралы Т – кестесін толтырады. Олардың қасиетін айтады.

Формативті бағалау: Қол сигналдары арқылы бір – бірін бағалайды.

4. Айтылым. Тыңдалған мәтін, көрген презентация нәтижесінде оқушыдар тілдік қарым – қатынасқа түседі.

«Кубизм» әдісі бойынша топтарға тапсырмалар беріледі. Сұрақтар қойылады.

Формативті бағалау «От шашу» арқылы бағалайды.

5.Сергіту сәті: Көңілді күн

6. «Ұқыпты оқушы» постері.

Мақсаты: 2 топ А 3-ке ұқыпты және ұқыпсыз оқушының бейнесін құрастырады, суреттер арқылы.

Қорғау.

Формативті бағалау: екі топ смайликтер арқылы бірін – бірі бағалайды. 3 смайлик – 5 баға, 2 смайлик - 4 баға, 1смайлик – 3 баға.

«Екі жұлдыз бір тілек» Рефлексия. Оқушылар таратылған алма суреттеріне өз есімдерін жазып, тақтаға ілінген «Даналық» ағашына жапсырады. Қызыл алма – сабақ ұнады, сары алма –сабақ қызықсыз, жасыл алма –ұнады, бірақ түсінбедім.

Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы: «Мен ұқыпты оқушымын» деген тақырыпта шағын мәтін жазу.

Тіл дамыту сұрақтары қойылады.

  • Мынау не?

  • Сызғышпен не істейміз?

  • Қаламмен не істейміз?

Жүрекшенің суреті


Геометриялық суреттер




Презентация көрсету











Үлестірмелі қағаздар

(жаңа сөзер)






Қазір балалар, осы тақырып бойынша аудио тыңдаймыз.



Жаңа сөздерді табады



Екі топ осы мәтін бойынша сұрақтар қояды.


Т – кестесін толтыру

Екі топ бір – бірін бағалайды

Әлібек қандай?

Жалқаубек қандай?


Бағалау .



Текшені қолдану.







Өз жұмыстарын қорғайды



Постер құрастырады


Суреттер таратылады



Өз жұмыстарын қорғайды




Тілектерін айтады. Бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлерін ағашқа алмаларды жапсыру арқылы білдіреді.




Мәтін жазу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!