Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Оң қолымда бес саусақ даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары өтпелі тақырыптарға сәйкес даярлық топ тәрбиеленушілеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Күні: 05.04.2018ж.


37 "Өркен" балабақшасы

Топ: даярлық тобы

Мұғалімнің аты-жөні: Темірғалиева А.Е.

Пән атауы: қазақ тілі

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағаны: -

Бөлім

Денсаулықты қалай сақтау керек?

Сабақтың тақырыбы

Оң қолымда бес саусақ

Сабақтың мақсаты

Балаларда саусақтар жөнінде түсінік қалыптасады.

Бағалау критерийі

"Шапалақ", "Бес саусақ", "Смайликтер", "Бағдаршам"

Құндылықтарға баулу

5-ші құндылық: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс

Сурет, математика сабағы

Алдыңғы білім:

Отбасы мүшелерін біледі

Лексикалық минимум

Саусақ, оң қол, сол қол

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Қызығушылығын ояту кезеңі

1 минут

Психологиялық ахуал туғызу.

"Ақырын, жылдам" ойын әдісі

Шарты: балалар өлең сөздерін еске түсіріп, мағынасына орай жаттығуларды ақырын, кейін жылдам орындау керек.

Орныңнан тұршы,

Бетіңді жушы,

Шашыңды тарашы,

Айнаға қарашы,

Аяғыңды басшы,

Бойыңды жазшы,

Айналаға қарашы,

Орныңа отыршы.

Мультимедиялық тақта




Сабақтың ортасы


Мағынаны тану кезеңі


7 минут











6 минут


















5 минут










Сергіту сәті


2 минут








5 минут

1-тапсырма. «Бес саусақ» жаттығу әдісі

Шарты: Осы 4 жол өлеңнен не түсінгендеріңізді айтыңыздар.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Тең болады он саусақ.

Демек, оң – правый, сол – левый, саусақ – палец, оң қол – правая рука, сол қол – левая рука. Осы сөздер мен сөз тіркестері қайталау әдісімен бірнеше рет қайталанады.


Дескриптор

1. 4 жол өлеңді түсінді.

2. Жаңа сөздерді меңгерді.


ҚБ «Шапалақ»


2-тапсырма. «Ойлан, тап» әдісі

Шарты: Отбасы мүшелерін суреттегі алақанның бес саусағына жабыстырыңыз. Отбасы мүшелерін атай отырып, неліктен сол саусаққа орналастырғандығыңызды түсіндіріңіз.

Бірінші саусақ - атам

Екінші саусақ - әжем

Үшінші саусақ - әкем

Төртінші саусақ - анам

Бесінші саусақ – мен.

Суретте қай қол салынған? (Сол қол)


Дескриптор

1. Отбасы мүшелерін саусақтарға үлкеннен кішіге қарай орналастырды.

2. Сөз тіркесін құрастырды.


ҚБ: "Бес бармақ"



3-тапсырма "Алақанды бастыру" әдісі

Шарты: Балалар өз алақандарыңызды қағаз бетіне қойып, қарындашпен үстінен басыңыздар. Әр саусақтың үстіне сандарды жазып шығыңыздар.


Дескриптор

1. Өз алақандарын қағаз бетіне бастырды.

2. Әр саусақтың үстіне сандарды орналастырып, санап шықты.


ҚБ: «Смайликтер»






















«Банан» ойыны әдісі

Шарты: Өлең мазмұнына орай, қол қимылдарымен жаттығу жасау керек.

Банан аламыз, банан, банан аламыз,

Банан тазалаймыз, банан, банан тазалймыз,

Оң жағын аштық, сол жағын аштық,

«Хоп» жеп қойдық!


ҚБ: «Шапалақ»



4 тапсырма – «Кім алғыр» әдісі

Шарты: Үстелден бананды алып, қазақ тілінде сөз тіркестері мен сөйлемдер құрай отырып, бананды тазалау керек. (Бұл банан. Оның түсі сары. Оң қолмен ұстаймын. Сол қолмен ашамын. Бірінші оң жағын тазалаймын, сол жағын тазалаймын т.с.с.)


Дескриптор

1. Бананға қатысты сөз тіркестері мен сөйлем құрастырды.

2. Бананды сөйлей отырып тазалады.


ҚБ «Бағдаршам»







Сабақтың соңы


Ойтолғаныс кезеңі


2 минут


















2 минут

«Сұрақ-жауап» әдісі

Шарты: Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. Сабақ басында өткен "Бес саусақ" өлеңін еске түсіріп, өз ойларыңызды айтыңыздар.

Бұл қай қол? (Оң қол, сол қол)

Оң қолыңда неше саусақ? (Бес саусақ)

Сол қолыңда неше саусақ? (Бес саусақ)

Сабақ басында өткен «Бес саусақ» өлеңін қайталашы?

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Тең болады он саусақ.


Дескриптор

1. Сұрақтарға жауап берді.

2. "Бес саусақ" өлеңін еске түсіріп, мағынасын толық түсінді.



Рефлексия

Балаларға үш түрлі суреттер беріледі. Үш суреттен біреуін таңдап алып, қаламмен дөңгелектеп белгілейді.



- толық түсіндім;

- сұрақтарым бар.

- түсінбедім;


Орнымыздан тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!


Мультимедиялық тақта





















Смайликтер

Нәтижеге қол жеткізу

Балалар оң қол мен сол қолды ажырата алады. Саусақтар арқылы отбасы мүшелерін үлкеннен кішіге қарай топтастыра алады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
2604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі