400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Оқу құралдармен таныс болайық. Сөз" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сауат ашудан жаңа бағдарлама бойынша жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар



Пән: Сауаи ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы

Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі

Күні: 12.06.17ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Егентаева Ф.А.

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Оқу құралдарымен таныс болайық.Сөз.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау

Сабақ мақсаттары

•Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды

Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтайды
Оқушылардың басым бөлігі:Тыңдалған мәтіннің

мазмұнын түсінеді.

•Кейбір оқушылар: Тыңдалған мәтіннің

мазмұнын түсінеді,жүйелі түрде баяндап береді

Бағалау

критерийлері

Оқиғаның ретін анықтайды.

Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.

Тілдік мақсаттар


Құралдар,қарындаш,қалам,сызғыш,өшіргіш.

Құндылықтарды

дарыту




Еңбекке сүйіспеншіліктерін арттырып, шығармашылыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану ,көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,үнтаспа

Бастапқы білім


Мектеппен,сыныптастарымен танысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин












10мин


Сабаққа кіріспе

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

«Құрақ құрау» әдісі бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді


(Ұ). « Мектепке жиналу» ойыны. Ойын мектепке қажетті заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Мектепке жиналған оқушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.

Бірінші топ керекті заттар тізімін айтады.

Екінші топ сол заттарды сөмкеге салады.

Үшінші топ ол не үшін қажет екенін айтып беруі керек.

Сабақтың тақырыбын ашып , мақсатымен таныстырамын.











Сөмке,қарындаш,қалам,

сызғыш,өшіргіш,дәптер ,күнделік,оқулық,

ойыншықтар


Сабақтың ортасы



10 мин



























7 мин



















(Т) Балаларға «Түлкі мен ешкі » ертегісін оқып беремін. Мұқият тыңдап отыру ескертіледі.

     Бір түлкі жүгіріп келе жатып абайсыз да бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға келіп, түлкіні көріп:

-  Әй,түлкі батыр, неғылып тұрсың?- депті.

Түлкі айтты:

- Ой,неғыласын, батыр, жаным рахат
тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім,апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен- деді. Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп, секіріп апанға түскенде, түлкі-екең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетті дейді.

Автор:

І топ Тыңдалған ертегіні баяндап береді ( мұғалімнің көмегімен)

ІІ топ Берілген суреттерден оқиғаға қатысты суреттерді іріктеп алады.

ІІІ топ Берілген суреттерден оқиғаға қатысты суреттерді А4 қағазға оқиға желісі бойынша желімдейді


( Қ) Балалар топтың жауабын «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды



( Ұ)Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Әсет пен Әлияның үйі қалада. Олардың ата-әжесі ауылда тұрады. Биыл жазғы демалыста олар ауылға барды. Бір күні әжесі Әсетті іздеп, таба алмады. Әжесі Әлиядан:

-Қызым, Әсетті көрдің бе? - деп сұрады.

-Әсет хайуанаттар бағында жүр. Енді ол кешке дейін сол жақтан шықпайды,- деді Әлия.


І топ Жұпта бір-біріңізге мәтіннің мазмұнын

айтып беріңіздер.

ІІ топ Балалар қайда келді?

Әжесі Әлиядан не сұрады?

ІІІ топ Әлияның «хайуанаттар бағы» деп тұрғаны не деп ойлайсыз? Ойыңызбен бөлісіңіз.
























Үнтаспа

Сабақтың соңы

5мин

«1мин» әдісі бойынша қорытындылау.

Оқушы бір минут ішінде оқу құралдарын атап шығу керек.

АShape1 йналадағы бәрінің атауы бар.Оны бір бірімізге сөз арқылы жеткіземіз. Сөз белгісі

Рефлексия

Өзін-өзі бағалау «Аралда» әдісі. Сынып қабырғаларында «түсіндім», «түсінбедім», «бос отырдым», «жаңа ақпарат алдым» аралдардың суреті ілініп түр, олардың қасына барып өздерін смайлик арқылы бағалайды.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
975
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі