Сабақ жоспары: Оқу құралдыр хикаясы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Оқу құралдыр хикаясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем әдебиет пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар Көркем әдебиет

Сабақтың тақырыбы: «Ормандағы шыршы тойы»

Мектеп:Ақбидай негізгі мектебі

Күні:15.12.2017ж

Педагогтың аты-жөні: Амирханова.К.Ж

Мектепалды сыныбы:

Қатысқандар саны: 5

Қатыспағандар саны:қ

Сабақтың оқытылу мақсаты

0.1.1.1.Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау.

0.1.2.1. Шағын мәтін, ертегі, әңгіме өлеңдердің мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

0.1.3.1. Жанрларды ажырату (жұмбақ, ертегі, өлең және т.б.)

0.1.6.1. Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу.

0.1.6.2. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу

0.1.7.1. Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл т.б) қолдану.

0.1.8.2. Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрап айту.

0.1.8.1. Берілген сюжетті иллюстрация, сурет, сызбанұсқа бойынша әңгіме құрап айту.

0.1.9.1. Кейіпкердің іс-әрекетіне байланысты өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ұнамайды, себебі)

0.1.10.1. Кейіпкерге тән ерекшеліктерді жеткізу.

0.2.1.1. Иллюстрациялар бойынша сұрақтар қоя білужәне оларға жауап беру.

0.2.2.1. Иллюстрацияларды ертегі бөлімімен сәйкестендіру.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс айта алады.Ертегі мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады. Жанрды ажырата алады. Әңгіме құрап айта алады.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Қарым-қатынас барысында әдептілік сөздерін қолдана алады.

Тақырып аясында диалогке қатыса алады.

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, қарқынын қолдана алады.

Сюжетті иллюстрация бойынша әңгіме құрап айта алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Кейіпкердің іс-әрекетіне байланысты өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіре алады.

Кейіпкерге тән ерекшеліктерді жеткізе алады.

Иллюстрациялар бойынша сұрақтар қоя біледі және оларға жауап бере алады.

Иллюстрацияларды ертегі бөлімімен сәйкестендіре алады.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер:

Ертегіні талқылау барысында қайсы? қандай құстар? Не істеп отыр? Қайда? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.

Ертегі туралы әңгімелесу.


Көптілділік: құстар-птицы-birds

Жаңа жыл-новый год-New Year

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Кеудесі қызыл құс, шыршаны безендірейік.

Сабақтағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары:

-Ертегі қалай аталады?

-Қандай мереке жақын еді?

-Балалар орманда не істеді?

-Олар жаңа жылды қалай қарсы алды?

Өткен сабақтардан алған білім

Әртүрлі ертегілерді біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


I. Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату


0-2мин








(Ұ)Педагог психологиялық жағымды көңіл-күй қалыптастырады:

«Балалар, барлығымыз орманға саяхатқа шығамыз. 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарып, көзімізді жұмамыз.Жалғызаяқ жолмен жолмен келе жатырмыз. Жан-жағымызда емен, қайың, терек, шырша ағаштарының бұтақтары аппақ. Біз бәріміз ормандамыз. Орман іші суық, айнала аппақ, тым-тырыс. Ауасы өте таза. Демімізді ішімізге тартып, мұрнымызбен таза ауа жұтайық. Керемет! Енді көзімізді жайлап ашайық. Топқа да келіп қалыппыз.

Не көрдіңдер? Не сезіндіңдер?»

Музыкалық сүйемелдеу











II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5мин

(Ұ) Ертегінің не жайында болатыны туралы болжамдайды.

Қандай ертегілерді білеміз?

Ондағы кейіпкерлерді есімізге түсірейік.










Сабақтың ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс.

6-27мин


Бүгін әдеби көркем жанрдың бір түрі-ертегімен танысуды жалғастырамыз.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жұмбақ шешейік:

Қыста да, жазда да,

Өзгермейтін бір түсте. (шырша)

Педагог «Ормандағы шырша тойы» туралы әңгімені оқып береді.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:

Руслан ата-анасымен қайда тұрады?

Жаңа жыл қарсаңында қонаққа қаладан кім келеді?

Екі бала шыршаны қалай безендірді?

Шыршаға ілген тамақты қандай құстар жеді?

Балалардың шыршаны жейтін нәрселермен безендіргені дұрыс па?

Сендерге балалардың әрекеті ұнады ма?

Көптілділік: : құстар-птицы-birds

Жаңа жыл-новый год-New Year

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

-Балалар қандай мерекені қарсы алмақшы?

-Балалар шыршаны немен безендірді?

-Отбасындағылар не туралы айтып отыр деп ойлайсың?

(Т) Саусақ жаттығуы:

Шыршалы өзен жағасы, (ауада шырша салу)

Аққала толы арасы. (екі қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен аяқ жасап, әр жаққа жүру)

Аққалалар бірін-бірі іздейді, (қолды шекесіне қою)

Шақырады (алақандарын жұмып аузына апару)

Шаттық биін билеуге , (ауада аққаланың суретін салу)

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1.Сөздікпен жұмыс:

Безендіру-әшекейлеу.

Суықторғай-кішкентай торғайдың бір түрі.

2.Ребусты шеш.

Шыршаны безендір, боя

(Т) Лексикалық жаттығулар

Қарама-қарсы ұғымдарды ата:

Шырша сөзін қатыстыра отырып, қарама-қарсы сөздерді айтамыз.

Мысалы: Шырша биік-аласа. Шырша жуан-жіңішке. Шырша ұзын-қысқа.



Әліппе-дәптер















Әліппе-дәптер





Саусақ жаттығуы









Әліппе-дәптер


IV. Сабақтың қорытындысы.

Рефлексия

28-30минут

Педагог сабақты қорытындылайды.

-Бүгінгі сабақта қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?

-Сендерге не ұнады?

Тәрбиеленушілер сабақта өзінің жұмысына баға береді.

ештеңе түсінбедім-қызыл түспен;

түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын-сары түспен;

бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын-жасыл түспен.


Әліппе дәптер








Қосымша ақпарат

Жіктеу-балаларға көмектесуді қалай жоспарладыңыз? Қабілеттірек балаларға қандай тапсырмалар беруді ойластырдыңыз?

Қабілеттірек балаларға ойын барысында көшбасшылық танытуға және өз ойын қорытып, қорытынды жасауға мүмкіндік беру.

Қабілеттірек тәрбиеленушілерге ашық түрде қосымша сұрақтар ұсыну.


Бағалау-тәрбиеленушілердің прогресс-білімін бақылауды қалай жоспарладыңыз?

Топтағы балалардың жұмысын, олардың өздік жұмыстарын қадағалай отырып


Дәптердегі жұмыстарын (қорытынды, тапсырмалар) қарай отырып


Оқушы рефлексиясының қорытындыларын талдай отырып

Пәнаралық байланыстар: «Өзін-өзі тану»

«АКТ»

Құндылықтар

Өнер заттарының сұлбасын бояй білумен байланысты ғылыми күнделіктегі тапсырмалар.

Құндылықтар-досыңа көмек көрсету, серіктестік, құтқару.

Пропедевтика(даярлық, алдын ала оқыту)-физика, ботаника, зоология, астрономия

Байқаулар

Оқытудың/сабақтың мақсаттары қолжетімді болды ма?

Тәрбиеленушілер бүгін неге үйренді?

Оқыту ахуалы қандай болды?

Балалар арасында жіктемелеу бойынша әрекеттер табысты болды ма?

Уақытша кестені ұстандым ба?

Жоспардан тыс қандай ауытқулар болды және неге?

Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз.

Өзіңіздің сабағыңыз туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Сынып жайында және оның жеке балалары жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі сабағымды өткізуіме әсерін тигізе ме?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
648
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі