400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық, биотикалық. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда 7 сыныпқа арналған "Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық, биотикалық" тақырыбындағы сабақтың жоспары берілген. Сабақ жоспары биология пәнінің мұғалімдеріне арналған. Оқушыларға жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу туралы түсінік беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Икласова Асель Сериковна

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы

№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы

биология пәнінің мұғалімі


Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық, биотикалық


Сабақтың тақырыбы:

Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер).

Мұғалімнің аты-жөні: Икласова А.

Күні:

СЫНЫП: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.3.1.1 - жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау

критерийі

Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Экология, экологиялық факторлар, биотикалық, абиотикалық, антропогендік факторлар.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

6-сыныпта өткен білімді пысықтау

Сабақтың жоспары

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс- шаралар


Оқыту ресурстары

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

  • Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар!

  • «Мармозетка» деген не?

  • Бұл сөзді естігенде көз алдыларыңызға не келді!

Оқушылардың жауабы тыңдалғаннан кейін, мармозетканың суретін интербелсенді тақтадан көрсету.

Тосыннан келген сұрақ арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа білімді меңгеруге дайындау.

Топқа бөлу

«ClassDoja» бағдарламасы арқылы топ мүшелерін кездейсоқ таңдау арқылы 3 топқа бөлемін.

1 топ, 2 топ, 3 топ.

  • «ClassDoja» бағдарламасы арқылы сабағыңызды жүргізсеңіз, сабақ қызықты әрі нәтижелі болады

Мармозетканың суреті














https://teach.classdojo.com


Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

  • Берілген көрсетілім (презентация) арқылы сабақты ашып, бастап берсеңіз болады.

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Экология – тірі ағзалардың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология бөлімі. Барлық тірі ағзалар қоршаған табиғи ортасыз тіршілік ете алмайды. Ал табиғат жанды және жансыз заттардан тұрады, сондықтан барлық экологиялық факторлар негізгі екі топқа бөлінеді. Табиғаттың жансыз құрам бөліктерінің (компонент) әсерін біріктіретін факторлар абиотикалық деп аталады. Оған ауа температурасы мен ылғалдылық, жергілікті жер бедері, климат ерекшелігі, ылғалдылық (өзен, көл және т.б.) болуы т.б. жатады. Абиотикалық факторларға жергілікті жерге тән жансыз табиғаттың барлық басқа көрсеткіштері кіреді. Биотикалық экологиялық факторлар – тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі.


«Қар кесегі» әдісі

(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)

Ортақ сұрақтар:

Естеріңе түсіріңдер, көктемде күннің жылынуы және күзде суықтың түсуі жылда бір мезгілде болады ма?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы

Балл

- оқушылар cұраққа жауап іздеу арқылы өткен білімдері мен қазіргі білімдерін анықтайды.

- оқушылар алдымен жұптасып, кейін топтасып сұраққа жауап іздейді

- әр дұрыс жауапқа 1 кәмпит

Барлығы

1

ҚБ : Кәмпит































Оқулық.

«Қар кесегі» әдісі.

О ртасы

10 минут







Қолдану

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Абиотикалық факторлар. Маңызды экологиялық факторлардың біріне қоршаған орта температурасы жатады. Жергілікті жерде тірі ағзалардың қандай бірлестігі (сообщества) қалыптасатыны температураға (құрлықта оған қоса жауын-шашын мөлшеріне) байланысты. Қоршаған ортаның температурасы – маңызды экологиялық факторлардың бірі. Экваторда ылғалдылық және Күннің қызуы жоғары.

Тағы бір маңызды абиотикалық факторға ылғалдылық жатады. Жауын-шашын мөлшері Жер бетіне біркелкі тарамайды. Экваторда жоғары ылғалдылық және Күннің қатты қызуынан джунгли қалыптасқан. Бұл – аудан бірлігіне шаққанда өсімдіктер мен жануарлардың көптеген саны кездесетін ылғалды экваторлық ормандар. Біздің ғаламшарымыздың табиғи жарығы – Күн. Барлық тірі ағзалар соның ерекшелігіне бейімделген.


Талдау

Топтық жұмыс.

«Фрайер» әдісі. Топқа таратпа постерлер беріледі. Әр топ постерде жазылған экологиялық фактордың 3 түрін 5 критерий (анықтамасы, маңызы, қызметі, ерекшелігі, мысал келтіру) бойынша ашады.

Мақсаты: Экологиялық факторларды анықтау .

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы

Қазына

Оқушылар экологиялық факторларды анықтайды

Оқушылар берілген критерийлер бойынша биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторлардың анықтамасын, маңызын,қызметін, ерекшелігін анықтауы керек

Егер толық мақсатқа жеткен болса 3 кәмпит

Барлығы

3

«Кері байланыс бутерброды» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалап шығады.

ҚБ : сандық ішіндегі Қазына






Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер





Сергіту сәті

1 минут

«Көбелекті тордан шығару» әдісі.

  • Оқушылар көздерін жұмып, торды елестетеді. Мұғалім көбелектің жүру бағытын айтып отырады. Көбелек тордан шыққанда шапалақ соғу керек.












Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

  1. Экологиялық факторлардың табиғат зоналарының пайда болуына әсерін анықтаңдар.

  2. Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    2 ұстаз жүктеп алған
    15 қараша
    1385
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі