400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары. Өсімдік жасушасының құрылысы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары Биология мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады. Дәстүрлі сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

§4Мерзімі...............

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік жасушасының құрылысы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға өсімдік жасушасының құрылысы, қызметі жайлы білім беру, түсіндіру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, сұрақ- жауап, кесте толтыру

Сабақ көрнекілігі: кітап, плакат

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, түгендеу, журнал толтыру

  • Сыныптың гигиеналық жағдайы

2. Үй тапсырмасын тексеру

- Оқушылардан жекелей сұрау, сұрақтар қою, карточкамен жұмыс

3. Жаңа тақырыпты меңгерту



Қысқаша конспект



Жасушаның құрылысы:

  • Жасуша қабықшасы

  • Цитоплазма

  • Ядро

  • Пластид

  • Вакуоль

Жасуша қабықшасы:

  • Жасушаның сыртын қаптайды

  • Өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа қосылыстарда ерімейді

  • Жасунықтан (целлюлозадан) тұрады

  • Жұқарған жерін Саңылау деп атайды

  • Белгілі пішін, мықтылық қасиет береді

  • Ішкі бөліктерінің зақымдануынан

  • Кеуіп кетуден қорғайды

Саңылау арқылы:

  • Бір жасуша екінші жасушамен байланысады

  • Өзара су, газ, зат алмасады.

Цитоплазма:

  • Гр «цитос»- жасуша, «плазма»- сұйықтық

  • Жұмыртқа ақуызына ұқсас, мөлдір, желім тәрізді созылмалы, қоймалжың зат

  • 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, 1% бейорганикалық заттар.

  • Органоидтар цитоплазмада орналасады

  • Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады

  • Үздіксыз қозғалыста болады.

Ядро:

  • Тығыз, сыртында 2 қабат қабықшасы бар

  • Көбеюге қатысады

Пластидтер:

  • Тек өсімдік жасушасына тән денешік

  • Бактериялар мен саңырауқұлақта болмайды

  • 3 ке бөлінеді

  • Хлоропластар- өсімдікке жасыл түс береді, хлорофилл бар, органикалық зат түзуге қатысады.

  • Хромопластар- гүл күлтелерінде, күзгі жапырақтарда, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді.

  • Лейкопластар- өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз ұсақ денешік.

  • Өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады.

Вакуоль:

  • Сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы

  • Шырынның құрамында- органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады.

  • Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді

  • Сулы ортаны қалыптастырады

  • Улы заттарды ыдыратады

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу

3,4,5 суретпен жұмыс

Ү. Бекіту. А,В,С деңгейлік сұрақтарына жауап беру.

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма §4 , кесте толтыру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1444
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі