|
Мақсаты:
Оқушыларға отбасылық
дәстүрлерінің адам өмірінде алатын орны туралы түсіндіру арқылы
сүйіспеншілік құндылығының мәнін
ашу.
Міндеттері:
-
Білімділік: Оқушыларға отбасы дәстүрлері туралы білімді
қамқорлық қасиеті арқылы түсіндіру.
-
Дамытушылық: Оқушыларды отбасылық дәстүрлерді құрметтеуге,
сақтауға үйрету.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
|
|
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, тәртіпті
сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты
сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
Жағымды күйге келу.
Оқушылар бір біріне жылы
сөздер, тілек айтады
|
|
|
3.
Сабақтың дәйексөзі.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің.
Нақыл
сөз
• Дәйексөздің мағынасын
түсініп алыңдар.
Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата-ана
және басқа отбасы мүшелерінің бүкіл тәрбиелік қағидаларды
орындауымен қатар, отбасы өмірінің жүйелі, ата-ана ара-қатынасы
жақсы болуы шарт.
|
Оқулық,
дәптер
|
|
Бірге
оқимыз!
Тағы бір жай ойыма
оралады...Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай
жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен...
Әкем дастарқан шетінде қымыз
құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене,
аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?» –деп сыбырлады. Мен
қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық
басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып:
«Ассалам-алейкум, аталар!» деп әр сөзді қадап-қадап
айттым.
Бұған әрине бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен мені
араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан
«Әлейкүмас-салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы
маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен
әкемнің
тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап
отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан
үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сөйтеді» –
дейтін. Міне, әке тәрбиесі осы.
• Әкесі кішкентай Бауыржанды
қандай әдептілікке
үйретті?
• Сәлем беру дәстүрі туралы не
білесіңдер?
• Өз
отбасыларыңда қонақ келгенде қандай
дәстүрді сақтайсыңдар?
• Өз
отбасыларыңда тағы қандай дәстүрлер
сақталған?
• Саған қандай отбасылық дәстүр
ұнайды?
Неліктен?
|
оқулық
|
-
Жаңа
ақпарат
Әр ұлттың отбасысында өзіндік
дәстүрі бар. «дәстүр» деген сөздің өзін – латын тілінен
аударғанда «аманат ету, беру» деге мағынада.Дәстүр сөзінің
өзінде отбасылық дәстүрді амнат етіп, бір біріне беру, қалдыру
ұғымы жайында айтылған. Осыған қарап айтуға болады: әр ұлт өзіндік
дәстүрлер негізінде бала дүниеге келгенен бастап, балаларын отау
құрғанша өз отбасынын дәстүрін білгенін жасап, үйретеді.
Отбасы әр адамның алтын ұясы.Отбасы ұлттық дәстүрлерді
қалыптастыруда маңызды.Қазақ отбасында ұл баланы , қыз баланы
тәрбиелеуге мән берді. Отбасында ұлға үйдің күрделі , ірі
жұмыстарын үйретеді.Қызға тамақ пісіруді , киім жууға
үйретеді.Отбасылық дәстүрлерді әрбір
отбасы өздері құрайды. Отбасылық
дәстүрлер отбасы мүшелерін бір-біріне
жақындастырады, сүйіспеншіліктерін арттырады. Отбасылық
дәстүрлерді жалғастыру ұрпақтан-ұрпаққа
аманат болады. Отбасылық дәстүрлерді
құрметтеу отбасы мүшелеріне парыз болып
саналады. Оны ұқыптылықпен, мұқият қарау
– үлкен жауапкершілік. Отбасылық
дәстүрді сақтаубірлікке, ынтымаққа, татулыққа
жеткізеді.
|
Оқулық,интернет
|
-
Жақсылық жасайық
Оқушылар
үш топқа бөлінеді.
1-тапсырма. Отбасы дәстүрлері
түрлерімен танысып, өз отбасыңдағы дәстүрлер туралы айтып
бер
2-тапсырма. Отбасылық дәстүрлерді
сақтаудың адам үшін пайдасы
қандай екенін жалғастырып
жазыңдар.
Бірлік
Татулық
...
3-
тапсырма. Отбасылық дәстүрлер туралы
сурет
салыңдар
|
Оқулық,
дәптер
|
-
Топпен ән айту.
Туған
күн
Өлеңін жазған Фариза
Оңғарсынова
Әнін жазған Ибрагим
Нүсіпбаев
Ойнаған, бірге
жүгірген,
Досым-ай, саған бүгін
мен
Құттықтай
келдім,
Құттықтай
келдім,
Сені туған
күніңмен!
Биіктей берсін
талабың,
Қуанышы бол
анаңның!
Сен туған
күні,
Сен туған
күні
Шаттанып ән
саламын.
|
|
|
7. Үй
тапсырмасы.
«Туған күн» мәтінін
оқу
|
|
|
8. Сабақтың қорытынды
сәті.
Мұғалім: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Отбасы
дәстүрлерін әрқашан сақтауға
тырысайық.
|
|