15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Отбасы жарыстығы" 5 сынып
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Покровка орта мектебі
Мерзімі:
Сабақ №11
Мұғалім: Омарова Динара Аскаровна
Сынып: 5
Оқушылар саны:
Тақырып: Отбасы жарастығы
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: татулық, сыйластық, шынайылық;
|
Сабақ мақсаты: Сүйіспеншілік құндылығы негізінде отбасындағы ізгі қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, дәптер, үн таспа, плакат, маркер. |
|
|
Сабақ барысы:
Тыныштық сәті. Мұхит аралына саяхат. Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз. Бүгін су астына саяхат жасаймыз. Көз алдыңызға мұхит жағасын елестетіңіз. Толқынның бір-бірімен алысқан шолпылына, шағаланың даусына құлақ түріңіз. Жалаң аяғыңыздың астындағы құмды сезініңіз. Мұхиттың ортасында қара нүктеге сіздің көзіңіз түсті. Ол нүктенің жақындап келгенде кит екенін білдіңіз. Ол сізді мұхит астына саяхат жасауға алып кетуге келді. Ақырын киттің арқасына отырып, мұхиттың астына саяхатқа кеттіңіз. Киттің арқасында отырып, өзіңізді жайлы және қауіпсіздікте сезіну, су түбіне саяхат жасау қандай тамаша! Айналаңызға назар аударыңыз: кемпірқосақ секілді бір-бірінен өткен әдемі, түрлі түсті балықтар көздің жауын алады. Мұхиттың түбіне терең жүзе отырып, айналаңыз қалай өзгергенін байқайсыз, әдемі су өсімдіктері су түбінде қалқиды. Қараңыз, қандай үлкен балықтар, ал енді келесі жаққа қараңыз, қандай үлкен сегізаяқ, ол сізге күлімсіреп қарайды, жүзі жылы. Су астында қандай қызықты әлем! Сездіңіз бе, мында қандай тыныштық?! Өзіңізді толық тыныштықта сезініңіз. Ал қазір жоғарыға өзіміздің әлемге кетуге дайындалыңыз. Айналаңызды есте сақтардай тағы қарап шығыңыз. Айналаңыздағы су асты әдемі және бойыңыздағы тыныштықты сезініңіз. Бұл тыныштық сізге таза ауадай әсер етеді. Кит сізді келген жолыңызбен су бетіне шығарады. Киттен түсіп, сізге жақсы саяхат жасатқаны үшін оны сипап алғысыңызды айтып, ол алыстап кеткенше көзбен шығарып саласыз. Өзіңіз сыныпқа қайтып оралып, орындығыңызға отырасыз. Су түбінен алып келген тыныштықты жүрегіңізде, бойыңызда сақтап, көзімізді ашамыз. - Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай? |
Сабақ барысын талдау: |
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. №10 сабақ. Дәптермен жұмыс. 12 беттегі ІІ тапсырманы талқылау. |
||
|
3. Дәйексөз. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Халық мақалы 3.1.Дәйексөзді оқыту 3.2.Дәйексөзді дәптерге жазу 3.3.Дәйексөздің мәнін ашу - мақал не туралы айтылған? |
|
|
|
4.Әңгімелеу. Отбасы татулығы (аңыз әңгіме)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
Сұрақтар:
|
|
|
|
5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. 5.1.Топқа бөлу (кампит арқылы) 5.2.Топтың жұмысын түсіндіру 1 топ – Өлең шығару. Бақытты отбасы (4 жол) 2 топ – Шағын әңгіме құрастыру. Асыл әжем (5 сөйлем) 5.3. Топтық жұмысын қорғау 5.4. Мұғалімнің тапсырма жұмысын қорытындылау |
|
|
|
6.Топпен ән айту.
Сөзін жазған: Х. Талғаров Әнін жазған: И. Нүсіпбаев 1.Айтқан таңда тыңдаймыз Әке мен ананың Еңбек етіп шыңдаймыз Білім мен сананы Қайырмасы Біз бақытты баламыз Айтқан тілді аламыз Аман болсын әке мен анамыз 2 рет 2.Мейірім мен шапағат Анашымнан тарайды Әділдік пен парасат Әкешімнен арайлы 3.Ата анамның айтқанын Жадымызда сақтаймыз Жарқыратып әр таңын Сенімдерін ақтаймыз |
|
|
|
7. Үй тапсырмасы * «Менің отбасым» туралы сурет салып келу. №12 сабақ «Сыйластық» А.Самғоллаұлының өленің жаттау. |
|
|
|
8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті (баяу музыка қосылады). Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайық. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен жақсы ойларыңызды естеріңізге түсіріп көріңіздерші. Ол өздеріңізбен бірге қалу үшін жүректеріңізге сақтап, ата-анамызға деген үлкен сүйіспеншілік сезімдерімізді алақанға салып, барша әлемге сыйлайық. Әр күндеріңіз нұрлы, болашақтарыңыз жарқын болсын деген тілекпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Көздеріңізді ашуға болады. Рахмет. |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген