400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Отбасы-өмір аясы Өзін-өзі тану 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға отбасылық өмірдің маңыздылығын ұғындыру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзітану .

Мектеп: №38.С.АсановЖОМ.

Тақырыбы: Отбасы-өмір аясы

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, шыдамдылық ,мейірімділік

Сыныбы: 11 А



Мұғалім: Бейсенов М.Қ.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасылық өмірдің маңыздылығын ұғындыру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтыңміндеттері:

Оқушыларға қамқорлық жасаудың маңызды екендігін ұғындыру;

Оқушылардың бойындағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту;

Оқушыларды қамқорлыққа, мейірімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар (материалдар дереккөздер)

Сабақтынбарысы:

Ұйымдастырукезені.

5 «Т» ережесін ұстану

Тыныштық

Тәртіп

Талап

Татулық

Тазалық

Сабақтағы жағымды күйге келу.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайлап отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінеміз.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңыз ға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұрсіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат жәнеТыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.

Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде,оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.

РАХМЕТ!

Сабақ барысын талдау.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар:

- Тоқанның ержеткендігін неден білуге болады?

- Қартайдың отбасына қандай сипаттама берер едің?

- Отбасы берекесінің сыры неде?

- Жақсылық жасауды қандай түрде жеткізе аласың?

- Жақсылық қандай жетістікке жеткізеді?

3. Дәйексөз

« Қиянат жасамау шексізсүйіспеншілікті білдіреді...»

Махатма Ганди

1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2 . «Қиянат жасамау» нені білдіреді?

2 рет қыздарға айтқызу, 2 рет ұлдарға айтқызу.

Барлығы бірге айтып шығады. Дәптерге жазып алу.

Тақтаға жазу.

4.Әңгімелеу.Мұғалім сыйы.

« Жақсылық дәні» аңыз- әңгіме

Сұрақтар:

-Мәтіндегі отбасының жағдайы туралы не айтуға болады?

-Басына іс түскен адамға қалай көмек берді?

-Шыдамдылықтың арқасында қандай сый – сияпатқа ие болды?

- Сіздерге жақсылық жасағанда қандай күйде боласыңдар?

- Қандай адамның ойы,сөзі,іс-әрекеті бір?

- Өздеріңнің жақсы іс –әрекеттеріңізбен бөлісіңіздер.

5.Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс.

6.Топпен ән айту.

« Ата-ана парызы»

Әні:Ә.Темірханов

7.Үй тапсырмасы

17-сабақтың жұмысдәптеріндегі 42- беттегі 1-тапсырманы орындау.

18-сабақ. 80-82беттегі Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе»романын оқып келу.

8.Сабақтың қорытынды минуты.

Рахмет!

Сау болыңыздар!





Оқу ісінің меңгерушісі: Р.Әбенова.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
1091
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі