Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Өзін- өзі тану 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қоғамда әйел адамның орны, рөлі туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығың мәнін ашу сабақ жоспарында мақсатын оқу мақсатындағы бағдарламаға сай келтірілді Шығармашылық жұмыста дебат ұйымдастырылды
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін:


Білім беру ұйымының атауы

247 орта мектеп

Пәні:

Өзін-өзі тану

Педагогтің аты-жөні

Ж.Алимова

Күні:


Сынып:9

Қатысушылардың саны

Қатыспағандардың саны

Бөлім:2

II. Адам болам десеңіз...

Сабақтың тақырыбы №12

Әйелдің орны, рөлі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


Отбасындағы және қоғамдағы әйел. Әйел – риясыз сүйіспеншілік бастауы. Бойжеткен қыздың адамгершілік бейнесі

Құндылық

Сүйіспеншілік

Қасиеттер

Сыпайылық, сыйластық, қайырымдылық


Сабақтың мақсаты

Оқушыларға қоғамда әйел адамның орны, рөлі туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығың мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

1. Білімділік: Оқушыларды адамгершілікке, сыпайылыққа баулу

2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы сыйластық қасиеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру/ кезеңі


1.Жағымды көңіл күй


3 минут

Сәлемдесу,түгендеу.


«Нұрға бөлену» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.

Нұрға бөлену

Оқушылар

Нұрға бөлену

жаттығуын жасайды.

Әуен.

Волшебная композиция Хрустальная грусть

https://mp3party.net/music/3230260

2.Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелесу)


7 минут


1. №11 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №12, «Өлімді жеңген ана» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Ананың баласына, өмірге деген сүйіспеншілігінің мәні неде? Оған қуат беріп, қайраттандырған қандай күш деп ойлайсыздар?

2. Ананың әрекеттерінен жалпыадамзаттық құндылықтар қалайша көрініс береді деп санайсыздар?

3. Ананың «Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем. Сені жеңем! Сондықтан сен маған әділ бола аласың!» деген сөздері оның бойындағы қандай қасиеттердің айғағы?

4. Айбатынан ай жасырынған қаһарлы Ақсақ Темірді орнынан тұрғызып, әйелге басын идірген қандай күш?

5. Сіздің пікіріңізше, ананың сөздері ұлы әміршінің бойындағы қандай қасиеттерінің жарыққа шығуына себеп болды? Жауабыңызды мысал келтіріп, дәйектеңіз.

6. Ата-ананың үмітін ақтау үшін қандай қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз керек? Әңгімелеп беріңіздер

Оқушылар сұрақтарға нақты жауап беріп, өз ойларын анық айтады.

9 сынып оқулығы.

Суреттер,

қалам, дәптер.

Слайд.

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)


3 минут

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді».

Мұхтар Әуезов

Сұрақтар:

  1. Әйел адам бір қолымен әлемді тебретеді дегенді қалай түсінесіз?

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Оқушылар дәйексөзді үш рет айтып,

дәптерлеріне жазады.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)


7 минут

«О, әйелдер, осындайсың бәрің де!..»

(толғаныс)

Нұргүл Хасанова Әйел!.. Әйел-Ана!!! Әйел-Жар!!! Әйел-Өмір!!! Жер бітіп, су аққалы, Адам Ата-Хауа Анадан тараған адамзат баласы жұмыр Жердің бетінде жұмбақ тіршілігін бастағалы бері қасиетті есіммен қадірленіп, ардақты атпен айшықталып келе жатқан осынау тылсым тірлік иесінің алдында баршамыз да баспалдақта тұрғандай бір саты кіші, иығымыз төмен, именшек жүзділеу екеніміз рас. Әйел деген – үлкен ұғым. Күллі тіршіліктің құлақ күйі Әйел жүрегінің дүрсіліне қарап түзеледі. Барлық жасампаз өмірдің жақсылық нұры ӘйелАналардың көңілінен көк бұлақтай мөлдір бастауын алады. Жалпақ жаһанның жаратушысы да, жасаушысы да – ӘйелАна. Бұл – барлығымыз да үнсіз ғана мойындап үйренген шындық. Осынау шындықты мойындау – мол кісілік пен зор кішіліктің, үлкен ізет пен үлгілі ілтипаттың, асқақ ар мен асқан адамгершіліктің белгісі. Әйел деген қастерлі ұғымнан қашанда қылықты Қыз, аяулы Ана, жауқазын Жар деген толғанысқа толы түсініктер туындайтыны қайбір санасызға болмаса, қаны бар қазақ азаматына айдай аян. Қалай дегенмен де, қадым замандардан бері қаншама қиямет-қайым сәттер мен қиын кезеңдерді басынан өткерсе де, Жер деген жетім орбитаны талақ етіп, тастап кетпеген Әйел атты ұлылық есте жоқ ескі замандардан бері өзінің Өмірмен ғана өлшенетін, толықтай Ізгілікке ие ғұмырбаянын тоқтатқан жоқ. Және маһшар23 күніне дейін маңызын жоймай, жасай бермек, жалғаса бермек! Ардақтасақ, алдымен Алла Тағаланы, сонан соң Алланың ақ ниетті елшісіндей ақ жүректі, адал ниетті Аналарды ардақтайық! Жер бетіндегі ел тұтқасы – ер-азаматтар осылай деп бар дауыспен байтақ дүниеге жар сала отырып, әлемге өмір себуші Әйел атаулыға «Сіздер де осынау аялы алақанға лайық, құрметтей білетін қолға ғана қонақтайтын қуаныш құсындай сыйлы да сымбатты, иманды да инабатты, арлы да абыройлы бола біліңіздер!» дейтіндей. Сонда ғана барша еркек басын иіп, аспан астын жаңғырықтырған алып дауыстар оркестрі «О, әйелдер, осындайсың бәрің де!!!» деген әсем әуенді шығандата шырқап, асқақтата айтатын болады...

Оқушылар сұрақтарға нақты жауап беріп, өз ойларымен бөліседі.

Плакаттар,

суреттер,

5. Шығармашылық жұмыс/ Жобалау қызметі

12 минут


Біздің сыныптың қыздары» тақырыбына таныс тырылым даярлаңыз. Сыныптас қыздардың қызығушылықтары, жетістіктері, ұмтылыс, мақсаттары туралы айтыңыз. Олардың болашағын қалай елестетесіз? Жинақтаған материалдарыңызды «Менің құрдастарым» жобасымен сәйкестендіріңіз

Сынып қыздарының жақсы жақтары мен теріс жақтарына пікір талас ұйымдастыру


Ұлдар таныстырылым жасайды

Дебат өтеді

.


7.Үй тапсырмасы

2 минут

1. №12 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №13, «Үміт үзгім келмейді» мәтінін оқып келу.


Оқулық,

дәптер,

қалам

Топпен ән айту

3 минут

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Сөзін жазған Исраил Сапарбай

Әнін жазған Рамазан Тайманов

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе – елдің көркі – деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған.

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,

Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Тағдырың қарауылға қанша ілінді.

Ерліктің қос қанаты деп білем мен,

Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Сүймеген сені азамат, азамат па?

Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.

Бәрін айт, бірін айт та лайықсың,

Қазақтың қызы деген ғажап атқа.

Оқушылар

мұғаліммен

бірге

ән айтады

Әні-Ербол Байырбеков, Сөзі-Ақмарал Леубаева)

https://www.youtube.com › watch


8. Сабақтың қорытынды сәті.

3 минут

Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!


(әуенмен)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2021
1063
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12