Материалдар / Сабақ жоспары өзін-өзі тану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары өзін-өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мейрымдылык туралы малыметтер, түсініктер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2019
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану пәнінің жоспары

Оқу орны: Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі

Мерзім:26.10.19ж

Тақырыбы: Мейірімділік –асыл қасиет

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Мейірімділік, сүйіспеншілік, ізеттілік, сыйластық

Сынып: 3

Сабақ мақсаты: оқушылардың «мейірімділік», «қарапайымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Оқушыларға мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

2.Оқушылардың адамдарға деген мейірімділік пен сыйластық қарым-қатынасын дамыту.

3.Оқушыларға мейірімділік –асыл қасиет екенін түсіндіре отырып, оқушыларды адамершілік пен мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: белсенді тақта, дәптер, А3, фломастер, түрлі-түсті қарандаштар, әр түрлі фигуралар, видеоролик.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

«7Т»-ның сақталуын еске түсіру: Тәртіп, талап,

тазалық, тыныштық, татулық, төзімділік, терең ой.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену».

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


Ескертулер

Үй тапсырмасын тексеру.


Екі дос

    Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
    Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады. 
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
   Сонда досы:  «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.

Сұрақтар:

1.Ертегіден қандай ой түйдіңіздер?

2.Қай достың әрекеті дұрыс болмады?

3.Достарыңа қауіп-қатер төнгенде көмек бересіңдер ма ?



Дәйексөз.

«Мейірімділікті анадан үйрен».

Халық даналығы

Сабағымыздың дәйексөзі туралы өз ойларыңызды түсіндіріңіздер, дәптерлеріңізге түсіріп алыңыздар. Оқушылардың айтқан ойлары тыңдалып болған соң,

мұғалімнің қорытынды сөзі: үлкен мейірім

Ана- халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана . Ал барлық нәрсенің дүниеге келуші үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады.Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың да кіршіксіз мейірімнен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.


Мейірімділік туралы видеоролик көрсету,талдау.












Әңгімелеу


«Сары тауық пен балапандары»

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе ?Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен,-деді тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.


Ғаламтор желісінен


Сұрақтар:

1.Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

2. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіздер?

3.Сіздер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай

сезімге бөлендіңіздер?





Оқытушы сөзі:

Адамның бір-біріне деген мейірім шапағаты- әдептіліктің белгісі. Мейірімділік- адамның өзге біреуге жылулығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамның жоғарғы адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.


Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.

1-топ: «Мейірімділік» тақырыбында постер қорғау;

2-топ: «Мейірімділік» тақырыбында 1 шумақ өлең жазу;

3-топ: «Мейірімділік» тақырыбында сахналық көрініс көрсету;


Топпен ән айту.


Мейірімді болайықшы, ағайын!

Сөзі: С.Қали

Әні: Қ.Мақан

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де, болса деп!



Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.

Қаратайық Құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!



Үй тапсырмасы.

Дәптерге өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді жазып келу.



Соңғы тыныштық сәті.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.

  • Ал, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүректеріңізге салып сақтап жүріңіздер.

Рахмет, сау болыңыздар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!