400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Өзіңді табу 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған шағын қысқаша сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану бейнесабағының жоспары

Сынып

11 «Б»

Күні

26.10.2020

Тарау

I ТАРАУ. Таным жолында

Сабақтың нөмірі және тақырыбы

№8 сабақ. Өзіңді табу

Құндылық

Дұрыс әрекет.


Қасиеттер

Адалдық, жауапкершілік


Сабақтың мақсаты

Оқушыларға өмірді жақсылық жағынан танып – білу – өзін – өзі танудың негізі екенін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып түсіндіру.

Міндеттері

  • Оқушыларды адамның ойы, сөзі, ісінің жақсылыққа бағытталуының үйлесімділікте өмір сүру негізі екенін ұғындыру.

  • Оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баулы отырып, үйлесімділікте өмір сүруге үйрету

  • Қайырымдылыққа, ризашылыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім сөзінің мәтіні


Ресурстар

(материалдар, дереккөздер)

Bilimland



Мұғалімнің кіріспе сөзі

Жағымды күйге келу

Балалар ережені есімізге түсіріп, тәртіпті сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік


Дәйексөз

Айнымайтын ақжүрек пен

Таза ақылды адамның

Таппасы жоқ өмірде,

Осынымды ұқ, балам!

Шәкәрім

Дәйек сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер? 



Оқиға әңгімелеу

Бейнефильм

Бейнероликке сілтеме беріледі



Әңгімелесу

  • Бейнефильмдегі адамдардың өмірлік ұстанымдары қандай құндылықтармен қасиеттерге негізделген?

- Бейнефильмдегі оқиғаны «Жақсылық жалғасын табады» деп қорытындылауға бола ма?

- Бейнефильмнен қандай ой түйдіңіздер?


Шығармашылық іс-әрекет


  1. Тапсырма

Лев Толстойдың «Жастарға өсиет» атты мәтінінен түрлі адамдардың(ізгі, тоғышар) өмірлік ұстанымдарын салыстырып, кестені толтырыңыздар. Ойларыңызды дәйектеңіздер.


Кейіпкерлер

Құндылықтары мен сипаттары

Нәтижесі

Ізгі



Тоғышар




  1. Тапсырма

Лев Толстойдың «Бақытты болу үшін қалағаныңды істемей, істеп жүргніңді жан-тәніңмен қалауың керек» деген ойын басшылыққа алып эссе жазыңыздар.


Жоба жұмысы

Жоба күнделігі.



Сабақтың аяқталуы

Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
3776
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі