400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Проблеманы анықтау. 8- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика 8 сынып 4 тоқсан

Тақырыбы

Проблеманы анықтау.

Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары

8.3.1.1- программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру.

Жұмыс барысы

Программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешудің кезеңдері бойынша есептің моделін құрастыруды үйрету.

Сабақты түсіндіру

 Программалау ортасында берілген есепті орындау қандай кезеңдерден тұрады?

Программалау ортасында берілген есептер негізінен белгілі бір оқиға немесе құбылысты компьютерде модельдеуден тұрады (1-сұлба).

Lazarus-та «Ағашты тең бөліктерге бөлу» жобасын қарастырайық. 

https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/792 сілтемеден толық ақпаратты көруге болады. «Алматыкітап баспасы», 2018ж(137-142бет)

Тапсырма

  1. Берілген есептің шартын дұрыс түсіну. Есеп шарты бойынша екі шарт туындайды:
​   
1-шарт: Ұзындығы N метр ағашты М бірдей бөлікке бөлу.
​   
2-шарт: Бірдей бөлікке бөлу мүмкін болмаған жағдайда бөліктердің ұзындық айырмашылығы бірден артық болмайтын бүтін бөліктерге бөлу. Есепте басқа жағдай туындамайды. Өйткені ағашты бөлікке бөлуде міндетті түрде осы екі шарттың бірі орындалады.

   2. Есептің математикалық моделін құрастыру.
​
Берілген 1-мысалдан көрініп тұрғандай N саны М-ге қалдықсыз бөлінсе ғана ағашты тең бөліктерге бөлуге болады. Яғни, 1-шарттың орындалуы үшін NmodМ=0 шарты қанағаттандырылуы тиіс. Егер бұл шарт орындалмаса, онда есептің нәтижесі 2-шарт бойынша табылады. Егер берілген мысалдарға қарасақ, есептің орындалуында өзіндік заңдылық бар екені байқалады.

 2-мысалды қарастырайық. 13 санын 4-ке бөлгенде бөлінді 3-ке, қалдық 1-ге тең болды. Есептің жауабы (К=3) ретінде К-ны М–Р рет, яғни 3 рет және Р рет (К+1)-ді жауап ретінде шығару керек. Бұл заңдылықты басқа да жағдайларға тексеруге болады.

 3. Алгоритмін құрастыру. Есептегі негізгі заңдылықты тауып, математикалық моделін жасап алдық. Бұл есептің программасын жасау үшін оны жүйелеп, қадамдарға бөлуіміз қажет. Әрбір қадамда орындалатын командалар тізімін жоспарлаймыз.

4. Жоба пішінін құрастыру. Жобаның пішінін құрастыруда Edit, Image, Label, Button компоненттерін таңдадық. Image компонентін таңдауда мақсат есепке иллюстрация кірістіру арқылы көрнекілігін арттыруды жоспарладық (1- сурет).

5 . Алгоритмді программа тіліне аудару. Жоспарланған алгоритм бойынша есептің программасын құрастырдық. Программаны құрастыру барысында қолданылған барлық компоненттердің бір-бірімен үйлесімді жұмыс жасауын үнемі қадағалап отыру қажет.

6. Деректерді енгізу және тестілеу. Жоба дайын болғанда оны іске қосамыз. Жоба іске қосылғанда 2-суреттегі жобаны орындау пайда болады. Деректерді енгізу барысында назар аударатын жайт – есептің шартында берілген шектеулерден тыс деректер енгізілмеуі тиіс.

Үйге тапсырма

5.1 тақырыпты оқу

Сұрақтар

1.Программалау ортасында берілген есепті орындау қандай кезеңдерден тұрады?

2.Жобаның компонентін таңдауда қандай мәселелерге назар аудару керек деп ойлайсың?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі