жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары Программалау тілдері 7 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Шешімдерді бағдарламалау |
||||||
|
|
|
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні : |
||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар Қатыспағандар саны: |
||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Программалау тілдері. |
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.1.2.1-«Программалау тілдері» және «Программалау жүйесі» ұғымдарын ажырата білу. |
||||||
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: |
||||||
|
Бағдарламалау тілдері және бағдарламалау жүйесі ұғымдарын білу. |
|||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
|||||||
|
Бағдарламалау тілін және бағдарламалау жүйесін ажырату. |
|||||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||||
|
Бағдарламалау жүйесін және бағдарламалау тілдері ерекшеліктеріне дәлелді мысал келтіру. |
|||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану |
||||||
|
Бағалау критерийлері
|
Бағдарламалау тілдерінің жалпы түсініктемелерін білу. Бағдарламалау тілін және бағдарламалау жүйесін ажырату. |
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
«Бағдарламалау тілдері» тақырыбы аясында ауызша түсіндіре алады. |
||||||
|
Лексика және терминология: Ассемблер, Транслятор, Компилятор, Интерпретатор, Pascal тілі, Borland Pascal Lazarus, Free Pascal |
|||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Бәсекеге лайықты,жан-жақты болуға,жаңашыл, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. |
||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі |
||||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Бөлімше алдыңғы тақырыптарда қамтылған дағдыларға сүйенеді. Алгоритм,блок-сызба,сызықтық,тармақталған, циклдік алгоритм. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|
|
|
|
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы Білу 2-3 мин
Топтастыру 2 мин
Үй жұмысын сұрау Вейр әдісі бойынша. 7 мин
ББҮ стратегиясы
Сабақ ортасы «Домино» әдісі бойынша Түсіну 12 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару, бағалау парағын тарату, сабаққа психологиялық ахуал орнату, оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар бір –біріне атының бас әріптерінен басталатын жақсы сөз немесе тілек айту арқылы сергіту жаттығуын жасайды. Мысалы: Жәудір – «жайдары», «жауапты» деген сияқты. Оқушылар «Алгоритм» және «Бағдарлама» сөзі жазылған қағаз қиындыларын құрастыру арқылы 2 топқа топтасады. Топ басшысы сайланады. Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Ж. Вейр жасайды бес қабаттық соның үш қабатына сұрақ жазадыда 2 оқушы бір-біріне өтілген тақырып бойынша cұрақтар қояды. Оқушылар вейрді алмасып сұраққа жауап жазады. Әр сұраққа 1 балл беріледі. Мысалы:
Екі топ бағдарламалау тілдері,бағдарламалау жүйесіне байланысты «ББҮ» стратегиясы бойынша «Білемін»кестесіне білетін ақпараттарын ойына түсіреді, «Білгім келеді» кестесіне не білгісі келетіні жайында сұрақтар құрастырады. Т. Оқушылар оқулықты оқып шығады. (3 мин) 2 топқа алдын ала дайындалған мәтіні бар парақты қиып тастаймын. Әр топ өзінің жаңа оқыған мәтінін құрастырады. І топ «Бағдарлама» деп компьютер түсінетін тілде жазылған командалар және нұсқаулықтарға айтылады. Демек, бағдарлама компьютерде белгілі бір тапсырманы орындауға арналған нақты команда тізбектерінен және нұсқаулықтардан тұрады. Бағдарлама жазу процесін бағдарламалау, ал бағдарлама жазатын адамды бағдарламалаушы деп атайды. Компьютер түсініп, қабылдай алатын тілді бағдарламалау тілі деп атаймыз. Компьютерлік бағдарлама компьютерді басқаруға арналған логикалық құрылы- мы мен реттілігі бар командалардан құралады. Компьютер процессоры машиналық кодта жазылған ақпаратты өңдейді. Бағдарламалау тілі – бұл жасанды тіл. Ол сөйлеу тілдерінен сөздік қорының аздығымен, жазу ережесінің қатаң сақталуымен ерекшеленеді. Машина кодына жақын тілде жазылған бағдарлама- ны «төменгі деңгейлі тіл» деп атайды. Үлкен көлемдегі қолданбалы есептерді шешуге арналған структураланған бағдарламаларды «Жоғары деңгейлі» бағдарламалау тілдері деп атайды. Процессордің тіліне аударатын бағдарламаларды транслятор деп атайды. Транслятордың 2 түрі бар: 1. Компилятор. 2. Интерпретатор. Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаны машина кодына айналдырып орындау үшін-компилятор қолданылады. Бір уақыттың өзінде бағдарламаны машина тіліне аударып, процессорға жеткізіп, ретімен орындап отыру үшін интерпретаторлар қолданылады. Бағдарламалау тілдері төмендегідей түрлерге бөлінеді.
ІІ топ Бағдарламалау жабдықтарына қамтитын бағдарламалар тобын бағдарламалау жүйелері деп атайды. Бағдарламалау жүйесі – пайдаланушының өзінің мәселелерін машиналық командалар тілінде жазу қажеттілігінен босатып, жоғары дәрежелі арнайы тілдерді пайдалану мүмкіндігін береді. Кейінгі 10 жыл көлемінде Borland Pascal бағдарламасының орнына Free Pascal бағдарламалық ортасы қолданысқа енді. Бұл бағдарлама 100 пайыз тегін, еркін қолданыста-ғы бағдарлама. Осы бағдарла- ма негізінде Delphi-ге ұқсас нысанға бағытталған, еркін қолданыстағы, тегін бағдарлама Lazarus жасалды. Lazarus – бұл Бағдарламалау жүйесі – ЭЕМ-дегі бағдарламалау процесін жүргізуге көмектесетін негізгі (базалық) бағдарламалық жабдықтаманың бір бөлігі. Бағдарламалау жүйесі – пайдаланушының өзінің мәселелерін машиналық командалар тілінде жазу қажеттілігінен босатып, жоғары дәрежелі арнайы тілдерді пайдалану мүмкіндігін береді. IDE (Integrated Develo-pment Environment) – бағдарламалар құрудың интеграцияланған ортасы болып есептелінеді. Бағдарлама ортасы компилятор FPC (Free Pascal Compiler), редакторының кодымен жұмыс жасайды. Сонымен қатар Lazarus –бұл RAD (Rapid Application Development) – жылдам қосымшалар жасайтын орта болып саналады. Lazarusты бүкіл әлемдік бағдарламалаушылар- дың біркелкі жасалған өнімі десек те болады. Себебі, бағдарламаны жасап, жетілдіруге барлық елдің бағдарламалаушылары ат салысып келеді.
|
Қағаз қиындылары
Бағалау парақшасы
Әр бір оқушыға парақ беріледі, маркерлер
ББҮ кестесі
Оқулық, кеспе қағаз.
|
|||||
|
Қорытындылау Шынжыр әдісі бойынша 10-мин
|
Т. Түрлі түсті қағаздарды қиып оқушыларға береміз. Олар сол қиынды қағаздан шынжыр жасайды. Әр қағаз қиындысына өтілген тақырыпта кездесетін термин сөздерді жазып шығады.Қай топтың шынжыры ұзын болса сол топ басым болады. Мысалы: Компилятор, Интерпретатор, Интерфейс, Алгоритм, Транслятор, Бағдарлама т.б сол сияқты.
|
Түрлі түсті қағаз қиындылары |
|||||
|
Сабақтың соңы «ББҮ» стратегиясы. Топтық жұмыс. 3 мин
|
Т. ж Екі топ тақырыпқа байланысты «ББҮ» стратегиясы бойынша «Үйрендім» кестесін толтырады. Екі топ бір-бірімен ақпарат алмасады. |
ББҮ кестесі |
|||||
|
Үй тапсырмасы: Дәптермен жеке жұмыс 2 мин |
Өтілген тақырыпқа байланысты (қосымша оқу) интернеттен бағдарламалау тілідерінің шығу тарихына шағын эссе жазу. |
Ғаламтор |
|||||
|
Бағалау критерийлері:
|
Дескрипторлар
|
||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||
|
Осы әдістерді қолдана отырып бағдарламалау тілдерін түсіну барысында бағыт бағдар беру. Бағдарламалау тілі және бағдарламалау жүйелерінен өз бетінше іздену арқылы ажырата біледі. Тақырыпқа байланысты сұрақтарға нақты жауап беру арқылы ынталандыру, қызығушылығын оята білу ерекшеліктері қарай.
|
1.Бағалау критерийлері мен дескприпторлар арқылы бағалау. Оқушылар: Бағдарламалау тілдерінің жалпы ұғымы жайында біледі. Бағдарламалау тілін бағдарламалау жүйесінен ажырата біледі.
2.Бағалау парақшасымен бағалау
|
Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру. |
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия 1.Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? 2.Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме? 3.Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? 4.Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? 5.Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? 6. Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген