400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Программалық қамтамасыз ету" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұны бойынша құрылған сабақ жоспыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика 5 класс

Қысқа мерзімді жоспар



Сабақтың тақырыбы

Программалық қамтамасыз ету

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты

5.1.2.1 «Программалық қамтамасыз ету» ұғымын түсіндіру

Сабақтың мақсаты


(2 сағатқа негізделген 1-сағат)

Барлық оқушылар: Программа, программалық жабдықтама, операциялық жүйе, утилиттер, драйвер ұғымдары туралы түсінік қалыптастырады..

Оқушылардың көпшілігі: Неліктен компьютерге программа орнату қажеттігін, программалық жабдықтаманың түрлерін, қызметін, жүйелеу тәсілдерін түсінеді.

Кейбір оқушылар: Программалық жабдықтама түрлерін қолдану салаларын ажырата алады.

Бағалау критерийі

Білімалушы
«Бағдарламалық қамтамасыз ету» ұғымына анықтама береді.
Компьютерлік бағдарламалардың бағдарламалық
қамтамасыз ету типін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: Программа, программалық қамтамасыз ету, программалық жабдықтама, драйвер, утилита, интерфейс, дербес компьютерде кең тараған операциялық жүйелер: WINDOWS WINDOWS NT UNIX MacOS т.б.


Сұқбатқа арналған пайдалы сөздер:

  • Программа – нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында ...........................жасайды. (компьютер белгілі бір әрекеттер немесе деректерді өңдейді)

  • .............. компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. (операциялық жүйе)

  • ..................... адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

  • Утилиттер - ........ қызметтер көрсететін шағын программа (мұрағаттау, файлдарды іздеу,)

Құндылықтарға баулу

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ МЕН ИННОВАЦИЯЛАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу Программалық жабдықтама туралы түсінік қалыптастыра отырып, ел экономикасына үлес қосу жолдарын, өмір бойы білім алудың маңыздылығын ұғындыру

Пәнаралық байланыс

Шет тілі: ағылшын және орыс тілі (сөздік арқылы жаңа сөздерді меңгерту)

қазақ тілі (тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау)

Алдыңғы білім

Ақпарат, оның түрлері туралы біледі. Ақпараттық процестерді жүзеге асыруда компьютердің маңыздылығын түсінеді.








Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Психологиялық тренинг: «Біз қандаймыз?» (1 мин)

Мақсаты: Ашық сұрақ беру арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру

Нұсқау: «Біз мықтымыз ба? «Біз алғырмыз ба? «Біз бүгінгі сабақта белсенділік таныта аламыз ба?» сынды сұрақтар қойылады. Оқушылар «Иа» жауабын үш рет қайталау арқылы жауап береді.

Үй тапсырмасын тексеру: «Миға шабуыл» әдісі (МАҮМ 123б)

(5 мин)

Мақсаты: Өткен тақырып бойынша білімдерін жинақтау, қайталау. Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау арқылы тілдік дағдыларын жетілдіру.

Нұсқау: Көбірек жауап алу үшін сыныпқа сұрақ қойылады.

  • Ақпарат дегеніміз не?

Мүмкін жауаптар: Ақпарат – символдардың еркін тізбегі, кезкелген сөз.
Ақпарат – нақты құбылыстардың таңбалар мен сигналдар арқылы өрнектелуі.
Ақпарат – адамдардың қоршаған ортадан қабылдау арқылы бойына сіңірген білімдері
мен мəліметтері.

  • Сіздер ақпаратты қайдан аласыздар?

  • Ақпарат қандай жолдармен таратылады?

  • Ақпарат түрлері қандай?

  • Ақпарат қалай жүзеге асырылады? т.б.

Үй тапсырмасын гул дестелері арқылы бағалаймын.

Топқа бөлу: «Әнмен бой сергіту» әдісі:

«Астана», «Ақтөбе», «Шалқар жастары» (4 мин)

Мақсаты: Жан-жақтылық, жүйелілік арқылы ұжымдасудың маңыздылығын арттыру. Ұлттық құндылық, отансүйгіштікке тәрбиелеу

Нұсқау: Гүл дестелеріне ән атаулары жазылады және дестенің біріне белгі қойылады. Белгіге сәйкес ән бастау қажеттігі ескертіліп, белсенділіктері сыйлық арқылы бағаланатындығы алдын ала ескертіледі.


Слайд1













Слайд2













Гүл дестелері

Сабақтың ортасы


30 минут

















































Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру мақсатында бағалау сыйлықтары таратылады.

ДК және олардың құрылғылары туралы еске түсіріледі. (2 мин)

Тақырыпты ашу: «Ой қозғау» әдісі (5 мин)

Мақсаты: Алдыңғы білімге сүйене отырып, жаңа білімді ұштастыруда қызығушылықты ояту

Нұсқау: Интербелсенді тақтада сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.

  • Операциялылық жүйе дегенді қалай түсінесіндер?

  • Windows деген қандай мағына береді?

  • ОЖ бізге қаншалықты қажет деп ойласындар?

Жетелеу сұрақтары негізінде ашылған сабақ тақырыбы және күннің жады тақтаға және дәптерге жазылады.


Әр топқа мазмұнды сызбамен жұмыс жасау тапсырылады. (10мин)


І топ: Жүйелік программалық жабдықтама

ІІ топ: Қолданбалы программалық жабдықтама

ІІІ топ: Операциялық жүйе


Постер қорғайды. (топтық жұмыс арқылы «білу», «түсіну» тапсырмаларына қорытынды жасап оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады.)


Топтар бір-бірін : «Аспан. Жер. Су» ойын тәсілі арқылы

бағалайды.

Аспан – түсінікті

Су- толықтыруды қажет етеді

Жер- түсініксіз тұстары басым


Білім алушы: Программа, ПЖ,ОЖ, утилиттер, драйвер ұғымдары туралы түсінік қалыптастырады


«Жеке – Жұптық -Топтық» тапсырмалар беріледі: (5 мин)


1. Анықтама беріңіз.

Бағдарламалық қамтамасыз ету–бұл_____________________

___________________________________________________



3. Оқушылар өздігінен және басқа топтардан үйренгендері бойынша компьютерде мына тапсырмаларды орындайды: компьютердегі жұмыс столында не турғанын және компьютерде қандай программа қондырылғандығын айтады.

«Жеке – Жұптық -Топтық» тапсырмаларды орындауда

оқи отырып оқыту тәсілі негізінде өзін-өзі таныту,

басқаларды бақылау және хабардар болу дағдылары

қалыптасады

Бағалау: Өз білімдерін саусақ әдісі арқылы бағалайды. Басбармақтың жоғары бағытталуы – Маған бәрі түсінікті болды. Басбармақтың көлденең бағытталуы - Маған қиындық тудырған сұрақтар болды. Басбармақтың төмен бағытталуы – Маған тапсырма түсініксіз болды



Білім алушы:

- ПЖ-ға анықтама бере алады

- Программалық жабдықтама түрлерін таниды.

- Компьютердегі ПЖ туралы біледі

Деңгейлік саралау тапсырмалары: (8 мин)

Мақсаты: Оқушылардың оқу материалын меңгеру мүмкіндігі және қабылдау қабілетіне сәйкес тапсырмалар беру арқылы мақсатқа жету жолында ынталандыру

I деңгей тапсырмалары Бос орынға тисті сөздерді жаз.

(2 балл)

  • Программа – нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында ...........................жасайды. (компьютер белгілі бір әрекеттер немесе деректерді өңдейді)

  • .............. компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. (операциялық жүйе)

  • ..................... адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

  • Утилиттер - ........ қызметтер көрсететін шағын программа (мұрағаттау, файлдарды іздеу,)

II деңгей тапсырмалары (3 балл)

Себебін анықта:

  1. Компьютерде операциялық жүйе не үшін қолданамыз?

  2. Компьютердегі программаларды неліктен 3 топқа бөлеміз?

  3. Неліктен қолданбалы программалық жабдықтаманы екі топқа бөлеміз?

III деңгей тапсырмалары (4 балл)

Дұрыс жауаптарды белгіле.

1.Программалық жабдықтама деген не ?

А. Компьютер тобы. Ә. Компьютерде сақталатын барлық программалар жиынтығы. Б. Операциялық жүйе

2. Опреациялық жүйе дегеніміз не?

А. Компьютердің қосымша құрылғыларын басқарды

Ә.вирустық программалар

3. Интерфейс дегеніміз не?

А. Компьютердегі қосымша құрылғылар

Ә. Қолдану мақсатына қарай қолданылатын программалар

Б. Адам мен компьютер арасындағы қарым- қатынас


«Сөздік бағалау» (ауызша кері байланыс) әдісі

Оқушыны тапсырмаларды жақсы орындағаны үшін мақтап-мадақтай отырып, толық нұсқада орындалмаған тапсырмаларға бағыт-бағдар беріледі осылайша ауызша кері байланыс орнатылады.

Білім алушы:

  • ПЖ-ға анықтама бере алады

  • Программасыз кез-келген ақпараттық технология ешқандай қызмет атқармайтындығын түсінеді

  • Программалық жабдықтама түрлерін таниды.

  • интерфейсі құрамына анықтама беруді біледі

  • windows ОЖ-ның іске қосуды меңгереді

- операциялық жүйенің басты қызметін сипаттайды


Информатика пәнінен 5-сыныпқа арналған «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар» жинағы (17 бет)


ДК құрылғыларының суреттері







Слайд 3







Дәптер





Оқулық



Слайд4

















Слайд5







































Слайд 6









Дәптер





Компьютер

































Слайд 7

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісімен

Мақсаты: Жаңа оқу материалын қаншалықты меңгергендіктерін анықтау

Нұсқау: Топтастыру кезеңінде таратылған гүл дестелеріне сабақ барысы туралы пікірлерін жазып, сатыға орналастырулары қажет.


1-ші баспалдағы Мен ............. БІЛЕМІН,

2-ші баспалдағы  Мен ............ ТҮСІНЕМІН

3-ші баспалдағы  Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН.

Үйге тапсырма: «Программалық қамтамасыз ету» тақырыбын оқу мысалдар келтіре отырып эссе жазу.

Плакаттағы саты көрінісі

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

-Диалог және қолдау көрсету арқылы.


-Шығармашылық ойлауды талап ететін

Дағды қалыптастыру бойынша:

  • оқылымдағы зейін тұрақтылығы

  • жазылымдағы үлес салмағы

  • айтылымдағы белсенділігі,

  • тыңдалымдағы ынтымақтастық деңгейін

қадағалау арқылы

АКТ пайдалану барысындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы программалық жабдықтаманың маңыздылығына көз жеткізу







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі