15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары Прокурорлық бақылау және прокуратура органдары
№ ___ сабақ жоспары
Топ |
Күн |
ҚТ 21 |
|
Пән: Құқық қорғау органдары
Тараудың тақырыбы: Құқық қорғау органдарының жүйесі
Сабақтың тақырыбы: Прокурорлық бақылау және прокуратура органдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге прокуратура органдары мен прокурорлық бақылау туралы ақпарат беру.
Дамытушылық: Студенттердің прокуратура органдарына деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Студенттерге прокуратура органдары айта отырып, оларды заңды білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: жеке ауызша сұрақ, слайд
Пән аралық байланыстар: Құқық негіздері, Конституция, Азаматтық құқық
Сабақтың жабдықталуы: проблемалық сұрақтар, таратпа материал
Қолданылатың әдебиеттер: М.М.Алиев. ҚР-ның Сот жүйесі және құқық қорғау органдары
Қосымша әдебиеттер: М.К,Самалдыков "правоохронительное органы" Алматы 2000
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі-5 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау -15 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру-35 мин
4.Сабақты бекіту-10 мин
5. Сабақты қорытындылау -5мин
6. Білімдерін бағалау-5 мин
7. Үйге тапсырма-5мин
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Студенттермен амандасу:
- студенттерді түгендеп, журнал толтыру;
- сабақтың тақырыбын таныстырып мақсатын қою;
- сабақ барысымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау
Балама тест арқылы «Берілген тапсырмаға «иә» немесе «жоқ» деген екі жауаптың біреуімен шектелуі тиіс»
Құқық қорғау органдарының жұмысын реттейтін нармативті актілерді де екіге бөліне ме? Иә.
Соттар және судьялардың мәртебесі туралы заң 1995 жылы 20 желтоқсанда қабылданды ма? Иә
Соттар мен судьялардың мәртебесі туралы заңның 1 бабында Қазақстан Республикасының сот іс-әрекетінің негізгі принциптері туралы айтылған ба? Жоқ
Президенттің жарлығын бақылауды жүзеге асыратын бірден-бір орган прокуратура деп атала ма? Иә
Мемлекетіміз бойынша заң системаларының ішінде ең күштісі Конституция болып санала ма? Иә
4 бабында Қазақстан Республикасында сот әділеттігі тек сот арқылы шешіледі деп жазылған ба? Жоқ
Соттар өз іс-әрекетін Қазақстан Республикасының атынан жүргізеді ме? Иә
Референдум арқылы қабылданған нормативтік құқықтық акт арыз деп атала ма? Жоқ
Қылмыстық кодекстің баптарының санкциясында өлім жазасы көрсетілген қылмыстық істерді 5 судья болып көру міндеттелген бе? жоқ
Адамдардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғайтын мемлекеттік орган нотариус деп атала ма? Жоқ
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Парламент сенатының келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады. Бас прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.
Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді. Басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерін, айрықша тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, аға прокурорлар мен басқармалардың және бөлімдердің прокурорларын қызметке Республиканың Бас прокуроры тағайындайды және қызметінен босатады.
Бас Прокурор — мемлекеттегі заңдардың мүлтіксіз орындалуын қадағалайтын ең жоғары лауазым иесі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры елдегі прокуратура органдарының орталықтандырылған жүйесіне басшылық жасайды. Өз уәкілетін жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға тәуелсіз болады, тек республика Президентіне ғана есеп береді. Қазақстан Республикасының Конституциясында Бас Прокурорды өз уәкілетін атқарып жүрген мерзім ішінде Сенаттың келісімінсіз тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот төрелігімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайтыны көзделген. Ол қылмыс үстінде ұсталған не ауыр қылмыстар жасаған реттерде ғана тікелей қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Парламент Сенатының келісімімен ҚР Президенті Бас Прокурорды 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды және босатады.
4.
Сабақты бекіту
Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан . Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалай аталады? ҚР прокуратурасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының тағайындалуына қандай мемлекеттік орган қатысады? Парламент сенаты
Бас прокуратураның өкілеттілік мерзімі неше жыл? 5 жыл
Бас прокурорды бес мерзімге кім тағайындайды? Президент
Мемлекеттегі заңдардың мүлтіксіз орындалуын қадағалайтын ең жоғары лауазым иесі Бас прокурор
Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және кімнің алдында есеп береді? ҚР Президентінің
Қазақстан Республикасының Конституциясының қай бабы прокурорға арналған? 83 бабы
ҚР-ның прокуратурасы қай жылы құрылды? 1991 жылы
Прокуратура органдары жүйесіне кіреді: Бас Прокуратура облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар
Қазіргі таңдағы ҚР бас прокуроры кім? Қайрат Қожамжаров
5. Сабақты қорытындылау
Бағалау
Сабаққа қатысқан студенттерді бағалау
Қазақстан РЕспубликасының Бас прокуроры туралы слайд жасау
С.К. Жүрсімбаев Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары 11-15 б.б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген