400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Психологиялық кеңес беру

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж оқытушы студенттерге анықтаушы мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Топ:

Пән:

Оқытушы:

Сабақтың тақырыбы: Психологиялық кеңес берудің әдістері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: психологиялық көмек көрсету қажеттілігін, клиетпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге кәсіби тұрғыда түсінік беру

Дамытушылық:психологиялық проблемаларды зерттеуге,кикілжіңдерін түсінуге,жағдайдың жаңа тәсілдерін үйретуге ықпал жасау

Тәрбиелік: кеңес беруде клиент тұлғасын құрметтеу, мінез құлқының жағымды әрі жағымсыз қасиеттерін қабылдай білу.

.Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: тақырыптық папка, әдістемелік оқу құралдары, презентация

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау



ІII. Негізгі бөлім.

Сабақтың жоспары:

1. Психолог жұмысындағы психологиялық кеңес беру

2.Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері

3. Психологиялық кеңес берудің қағидалары

Психологияда жеке адамның психологиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуде пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын- психокоррекция деп атайды. Оларды баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырып, жинақтағандардың бірі А.А.Бодалев және оның зертханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғары сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетіледі. Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын біржақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез-келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, ата-аналарға кеңес беру, т.с.с. Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, жанұя бұзып ажырасуларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.

Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиетпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және өзін қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне біржақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында болған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және псиологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе, онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Кеңес берілгеннен соң клиент жете түсінбеген және дұрыс бағаламаған жағдайлар кездеседі. Бірақ уақыт өте келе, сол адам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екенін түсіне бастайды. Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпен кездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамағанын және қабылдамағанын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді. Психологиялық кеңес беру тиімділігінің басты көрсеткіші – клиенттің қанағаттанушылығы болып есептелінеді. Дегенмен көп нәрсе кеңес алуға келген адамның проблемаларының сипатымен анықталады. Мысалы, жапа шеккен адам кеңес беруден соң өзін біршама жеңіл сезініп, болашағы жақсы болатынына сенімі нығаюы мүмкін және тиіс, ал кеңес беруші оның қайғысын, тағы басқа эмоционалдық жағдайын жеңілдетуге тырысуы қажет. Келесі бір жағдайда эмоционалдық жағдайды жеңілдету кеңес берушінің тікелей мақсаты болмауы мүмкін: себебі психологпен жүргізген әңгіме пайдалы болғанын сезінген клиент өз проблемаларын өте терең, ауыр және өткір сезінуі мүмкін. Өткен проблеманы талдау барысында оның мән-мағынасына терең малшынумен бірге өзінің сол оқиғаның орын алуына себепкер болғанын түсіну, оқиғаға өзінің кінәлі екенін, жауапкершілік өз мойнына жүктелетінін сезіну, оны мойындау оңай емес. Бұл жағдайда клиент кеңес беру процесінен айтарлықтай нәр алып, қанағаттанады деп айту өте қиын. Дегенмен себептерін толық таңдау арқылы өз кінәсін мойындаудың өзі клиенттің басқаларды кінәлаудан бас тартып, біртіндеп эмоционалдық зорлану жағдайынан шығуына негіз болады.

Психологиялық кеңес берудің табысты болуы көбінесе кеңес берушінің клиентті мұқият тыңдауы және шағымданушының өз жеке басында болған оқиғасы туралы түсінігін кеңейту секілді міндеттерді шешуіне тәуелді. Психологтың көмегіне сүйенген көптеген адамдардың шынайы проблемасы- олардың өздерін не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауында. Кеңес берушінің оларды мұқият тыңдай алуы мен түсінетіндігі өте маңызды.Осы қатынастың өзі белгілі оң өзгерістерге алып келеді.Оның үстіне маманмен байыпты және ойлы әңгімелесу барысында клиент өзі мен қоршаған адамдар жайында көп жаңалықтарды біліп, оны түсінуіне алып келеді.Осы түсініс клиенттің өзі мен өзге адамдар туралы ойлауының «азығы» болғандықтан ол өте бағалы болып табылады және оның қоршаған әлеуметтік орта туралы түсінігінің кеңеюіне алып келеді. Психологтың көмегіне сүйенген клиент үшін бұндай нәтиже оның психологиялық тұрақтылығын көтеруге және жалпы адамдарға деген көзқарасы тұрғысынан маңызды болады. Сонымен қатар оның басқа да мамандарға, олардың көмек көрсететініне сенімі артады.

Кеңес беру барысында әңгімелесу әдістемесі кеңінен пайдаланылады. Оның негізгі мақсаты- кеңес сұрап келген адамның алдында шешімі табылмай тұрған мәселенің мәнін анықтап алу және шағымданушы мен қосыла отырып шытырман жағдайдан шығу немесе мәселені шешу жолын іздеу.Бұл процестің маңыздылығы – клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаларға жауапкершілікті психологтың өз мойнына алуы.

Психологиялық кеңес берудің қағидалары. Көптеген психолог мамандар үшін оны ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын өзіндік қағидалары мен талаптары анықталған. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар. Психологиялық ықпал саласында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Психологиялық кеңес беру, коррекция жүргізу және психотерапия элементтерін пайдалану психологтың этикалық қағидаларына сай жүруі керек. Кейде психолог жұмысында күрделі оқиғалар орын алса, оның ішінде, қабылдау барысында кеңес беруші клиентке ассоциалды әрекет жасауды ойлап отырғаны туралы мәліметтер түссе, психолог баланың денесіне соққы мен жәбірлеудің іздерін түсірсе, немесе ата-ана өзінің тұйықтық көрсеткен жеткіншек баласына кеңес беру барысында рухани жарақаттанғаны туралы мәлімет алса және т.б. өрескел мінез көрсетілсе, психолог кәсіби жарамсыз деп танылады. Кәсіби қағидалар мен талаптарды орындамау психологтың дипломынан, тәжірибеленуші құқығы мен өзінің кәсіби қызметінен босатылуына алып келуі мүмкін. Біздің елімізде психологиялық қызмет көрсету енді ғана орын алып келе жатқандықтан бұл шарттар әлі толық заңдастырылған жоқ. Дегенмен кәсіби серіктестің заңдастырылған лицензиясын алып, психолог ретінде қызмет көрсету тәжірибесі ұйымдастырылып келе жатқанымен байланысты рұқсат алу жолдары, Психологиялық дайындықтың қалыптасқан жүйесі және т.б. сол секілді қажетті шарттары біртіндеп жүйелі салаға түсіп келе жатыр. Сондықтан психологиялық кеңес беру коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А.А. Бодалев, В.В. Столин, т.б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған:қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу;

  • клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану;

  • кеңес беруге тыйым салу;

  • кеңес берудің анонимділігі;

  • жеке және кәсіби қатынастарды шектеу;

  • клиентті кеңес беру процесіне кірістіру;

  • психологиялық кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру;

  • кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.

Бұл тұжырымдаманың негізінде клиентті қабылдау кезінде оның өзін қалыпты және ыңғайлы сезінуге бағытталған кәсіби әрекеттің тұтас кешені жатыр. Тілектестік қарым-қатынас әрекеттің жалпы қабылданған нормаларын сақтау арқылы шағымданушының мұқтаждығын мұқият тыңдай білуді, қажетті психологиялық көмек көрсету мақсатымен әрбір адамды түсіну мен көмек беруге тырысуды қарастырады. Әр клиентті психологтың қуанышпен күтіп алуы, жағдайын сұрастыруы, клиенттің айтқан барлық шағымдары мен күдік тудырған мәселелерін мұқият тыңдауы және оның төркінін түсінуге тырысуы маманға деген сенім тудырады. Сондықтан кеңес алушыға, коррекциядан өтушіге тілектестік білдіру негізгі талаптардың бірі болып табылады.

Клиенттің құндылығы мен нормаларына бағыттану .Бұл қағида бойынша психолог өзіне жұмыс уақытында әлеуметтік ортада қабылданған нормалар мен ережелерге ғана емес, клиентке құнды болып табылатын өмірлік қағидалары мен идеяларына бағытталуын ойластырады. Клиенттің өзінің құндылықтар жүйесіне сүйенгенде ғана психологиялық кеңес беру арқылы оған тиімді ықпал етуге болады. Сондықтан кеңес беруші қиын болып отырған қарым-қатынасы және басқа жағдайы туралы шағымданып келген адамның мұқтаждығына терең түсініп, оның толық ашылуына мүмкіндік бермесе ол сырын аша алмай тұйықталып қалады, нәтижесінде кеңес беру ықпалының мүмкіндіктері де мүлдем іске аспайды. Клиент құндылықтарын қабыл алып, оларды құрметтей отырып, қажетті сөздермен қуат берсе, кеңес беруші олардың өмір жолындағы кедергі болып тұрған жағдайлардан адамгершілік сақтап өтуіне ықпал ете алады.

Кеңес беруге тыйым.Кеңес беруге тыйым салуға негіз болатын себептер өте көп және алуан түрлі. Бәрінен бұрын, психологтың өмірлік және кәсіби тәжірибесінің таяздығы қандай болмасын басқаға кепілдендірілген кеңес беруге мүмкіндік бермейді. Психологиялық кеңес беру барысында психолог әрбір адамның өмірін толық түсінбесе ол белгісіз және алдын-ала болжанбайтын күйінде қалады. Оның үстіне, кеңес бере отырып психолог клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаға жауапкершілікті толығымен өзінің мойнына алады. Бұл жағдай кеңес алушы тұлғаның шындыққа бара-бар қатынасын дамытуға ықпал жасауы да, жасамауы да мүмкін. Егер тәжірибесі таяз, әлі шеберлігі қалыптаспаған маман психологиялық кеңес барысында клиенттің проблемаларын шешуге ықпал ете алмаса, онда психолог өзін «гуру» ұстанымына қояды. Бұл ұстанымда клиенттің психологиялық жағдайын басқаруға, сол жағдайдан адамгершілікпен шығу жолын үйретуге мүмкіндік болмайды, сондықтан мұндай кеңес берудің зиян жағы басым болуы мүмкін. Клиент өз өмірін сараптап талдаудан, оны өзгертуге ұмтылудан бас тартып, өзінің басынан өтіп жатқан оқиғаға немқұрайлы қатынас қалыптасуына алып келеді.Бұл жерде кеңесті іске асырудағы кез-келген сәтсіздік кеңес берушінің беделіне теріс әсерін тигізіп, кеңес беруші сәтсіздіктің негізгі себебі ретінде бағаланады. Мұндай жағдай, әрине, клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғалардағы өз рөлін түсінуге кедергі келтіреді. Сондықтан, психолог кеңес беруге шамасы келмейтінін байқаса бұл туралы пікірін клиентке ашып айтып, кеңес бере алмайтынын мойындауы керек. Осындай жағдайларда кеңес беру жұмысын жалғастыруға толық тыйым салынады.

ІV.Қорытындылау. (Білім алушыларға тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қою пікір алмасу арқылы сабақты қорытындылау)

1. Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты?

2.Психологиялық кеңес беру тиімділігінің басты көрсеткіші?

3.Кеңес беруде ең басты әдіс?

4.Психологиялық кеңес берудің қағидалары?

5.Кеңес беруге тыйым?

V.Бекіту

Төмендегі сөйлемдердегі жіберілген сөздерді толтырыңыз.

1.Көздердің қозғалысы клиенттің басындағы...................қатысты орын алады.

2.Тән тілінде дене .........өзгерісі едәуір маңызды.

3.Әңгімелесу клиенттің .......зерттеу әдісі.

4.Пратикалық психологиядағы клиент бұл ................психологиялық көмекті алатын адам.

5.Клиенттің психологтан..........күтетін тапсырысы.

6.Психологиялық кеңес беру.............бір түрі болып табылады.

7.Сұхбаттасу ең алдымен ақпарат жинау.......................

8.Психотерепавтік көмек..............қайта өңделуінің ұзақ мерзімді процесі.

9. ....................дивергентті типі проблеманы шешудің ықтималды жолдарын қамтитын көптеген идеяларды тудыратындықтан өнімді.

10. Клиенттің психологпен қарым қатынас жағдайындағы вербалды және вербалды емес мінез құлықты мақсатты, жүйелі қабылдауы бұл.........................

VІ.Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан білім алушыларды бағалау.

VIІ.Үй тапсырмасы

1.Тақырыпты оқу,түсінік беру.(Е.Н.Рогов «Тәжірибелік психология»,160-162бет)

2.Психологтың клиентпен сұхбатын талдау.(Практикалық психологияның теориялық әдістемелік негіздері.Ауталипова Ұ.И, Бапаева С.Т)







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
2609
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі