400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Сабақ жоспары: Қадыр Мырза Әли "Мұғалима".3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары: Қадыр Мырза Әли "Мұғалима".3 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сарықамыс жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Базарбекова Рымкеш Жумабаевна .


Пән:Әдебиеттік оқу. 3-сынып.


Мұғалима. Қадыр Мырза Әли.



Күтілетін нәтиже.

1.Оқушыларды мамандық таңдауға, үлкенді сыйлауға баулу. Адамгершілік қасиетті бойларына дарыту.

2.Оқушылардың ойлау, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.Мұғалімге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Шыншыл, отансүйгіш азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: автордың суреті, тақта, құмыраның суреті, сурет альбомы, түрлі түсті қарындаштар, стикерлер, маркерлер т.с.с.


Жұмыс кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберде тұрып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушы-лықты ояту

Топқа бөліну

(Суретшілер, ақындар, жазушылар топтары)

«Кең ауқымды дәріс» әдісі

Оқушылар топқа бөлініп, өзара шығармашылықпен айналысады. Сыртқы және ішкі шеңберге бөлінеді.

Үй

тапсырмасын сұрау

-Сөйлескен диалогтан не алдық?

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша өзара ой бөліскендігі туралы айтып, үйге берілген «Күмән» мәтіні туралы әрбір сыныптасының әңгімесін жеткізеді.

Жаңа сабақ

«Мұғалима» өлеңін оқыту, мағынасын түсіндіру, жаттап алу.

«Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау». Нақыл сөзді түсіндіру.

Мәтіннің авторы туралы түсінік беру.

Қадыр Мырз Әли -1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.

Тұңғыш туындысы  1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды.  Содан бергі уақыт ішінде  40-тан астам жыр жинақ-тары мен әдеби – сын,  ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: «Көктем» (1959), «Сабақ», «Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966), » Бұлбұл бағы» (1967),

«Күміс қоңырау», (1970), «Домбыра» (екі кітап, 1971, 1974), «Кеш» (1973) т.б., сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының 5 томдығы, ал 2001 жылы  »Қазығұрт» баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің,  Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің,  Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

Өлеңді түсініп оқу. Оқушыларға бөліп оқыту.

«Джиксо» әдісі.

-Өлеңді 3 топқа бөлу және түсініп оқу. Сараптау топтарына бөліну .

-Өлеңнің әр шумағын оқып, сараптау тобында талқылау,ерекшеленген жерлерін мұқият түсініп алу, және топтың басқа мүшелеріне жеткізу.

-Сараптау тобында түсінгендерін бір-біріне үйрету.

-Түсінбегені болса сұрақтар қою.

Презентация жасау. (Әр топ өзіне берілген шумақ бойынша).

Дәптермен жұмыс.Сөздік жұмыс.

Қосылып айтады.

Сергіту сәті

Ал,балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға, солға иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып алайық.

Көрсетілген қимылдарын орындату.

Мақсаты: Көңіл күйлерін көтеріп, ой сергітіп, шаршағандары басылады.

Оқушылар қайталап, қимыл-қозғалыс жасайды.

Ой толғаныс

Топпен жұмыс

1-топ: Салған суреттеріне байланысты ұстаз еңбегіне спаттама береді.

2-топ: Өз ұстазына арнап құрастырған өлеңдерін оқиды.

3-топ: кластың анасы, қуанып, қызарады сөздерін пайдаланып шағын мәтін құрастырады.

Сұрақ-жауап өткізу.

-Өлең кімге арналған?

-Бір тал шашы ағарған. Мағынасын түсіндіру.

-Мұғалімнің еңсесі қандай жағдайда көтеріледі?

-Ол кімдерді өз баласындай көреді?


Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»,


«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді».

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.

Бағалау


Топтар бір-бірін бағалайды. Бағалау парақшасын толтырады. Берілген өлшемдерді оқу шапшаңдығы, сұрақ-жауапқа қатысуы, өзіндік шығарма-шылық жұмысты орындауы. Оқушылар өздерінің пікірлерін анықтайды және қызғалдақ стикерлерге тілектерін жазып, тақтадағы құмыраға жапсырады.



 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі