400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сабақ жоспары Қайталама қос сөздер. Қосарлама қос сөздер "

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайталама қос сөздер. Қосарлама қос сөздер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқа мерзімдік жоспарлау


Пәні: қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Қайталама қос сөздер. Қосарлама қос сөздер

Күні:

Сынып:

Мұғалімнің есімі:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға қос сөздер, оның ішіндегі қосарлама қос сөздердің жасалу жолдары мен ерекшеліктерін жетік меңгереді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сөздер туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Сөздер жазуды біледі.

Кейбір оқушылар:Қос сөздерді таба алады

Тілдік мақсат

Оқушылар істей алады: білгендерін қолданып, шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: сөз,сөйлем,сөз тіркесі

Талқылауға арналған тармақтар: Сөз дегенде нені түсінесіңдер?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Сендер қандай сөздер білесіңдер?

Жазылым бойынша ұсыныстар: мазмұндама жазады

Алдыңғы оқу

Қос сөздер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

1.Біріккен сөздер дегеніміз не? Мысал келтір

2.Кіріккен сөздер дегеніміз не? Мысал келтір

1.Қосарлдама қос сөздер: Есі-дерті, үсті-басы, алай-түлей, алым-шығын, киім –кешек ,борыш-қарыз, аласы-бересі, жыртық-тесігін

2.Қайталама қос сөздер: шықыр-шықыр

ББ кестесі

Ортасы

1.Қайталама қос сөздер.

Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады.

2.Қосарлама қос сөздер.

Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейміз.

Қайталама қос сөздің жасалу жолдары:

Қосарлама қос сөздердің құрамы:

1.Қосымшасыз түбірдің қайталануы:

қамба-қамба (астық), биік-биік (таулар), тау-тау астық, көре-көре көсем болады,сөйлей –сөйлей шешен болады, үйдей-үйдей боп жатыр, алпамсадай-алпамсадай жігіттер.

2.Бір сыңары қосымшалы,бір сыңары қосымшасыз түбірлердің қайталануы:

көзбе-көз,ауыл-ауылды аралады, өз-өзінен қысылды, жүзбе-жүз көрісті,

3.Бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы:

аузы-аузына, жөнді-жөнсіз, жылдан –жылға,өзді-өзіне , қолды-қолымен, ерні-ерніне, айтып-айтпай, орынды-орынсыз.

4.Сөздің екінші сыңарына м,п дыбыстары қосылып ,қайталанады: ет-мет, ол-пұл, шай-пай, жігіт-мігіт, ат-мат, нан-пан

5.Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталанады: тарс-тұрс,тасыр-тұсыр, жарқ-жұрқ, сарт-сұрт.

6.Түбір сөздің алдынан күшейткіш буынның үстелуі арқылы жасалады: жап-жарық, әп –әдемі, тап-таза, қап-қара, қып-қызыл.


Оқулық

А4 қағаз

Дәптер

Аяқталуы

1.Мағынасы бір-біріне жақын сөздер және қарама-қарсы мағыналы сөздер қосарланады: құрт-құмырысқа,әке-шеше, ағайын-туыс,үлкен-кіші, іші-сырты, аға-іні,

2.Бір сыңары мағыналы ,екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады: келін-кепшік, бала-шаға, киім-кешек, көрші-қолаң, қыз-қырқын,

3.Екі сыңары да мағынасыз: ығы-жығы, оқта-текте, ұмар-жұмар, анда-санда,жапа-тармағай,

4.Қоғамдық даму аясында өзгерістер барысында кейінгі кезде қалыптасқан қос сөздер: Үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша, ғылыми-танымдық, көші-қон

Кеспе қағаздар

дәптер

Қосымша ақпарат : мазмұндамалар жинағы,журналдар

Саралау – Сіз қосымше көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Панаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Деңгейіна қарай тапсырмалар беремін.

Ұпайлармен бағалау.

Қазақ тілі,дүниетану.

Рефлекция.Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білді?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
820
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі