жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: Қайырымды Ораз 8 орыс сыныбы
Қысқамерзімді жоспар
|
Бөлім: |
5-бөлім. Кәсіп - бақыттың шырағы. Еңбек - ырыстың бұлағы. |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Ильясова Х.Н. |
|
Күні: |
07.12.2023 |
|
Сыныбы: 8 Б |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қайырымды Ораз |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.2.4.1 идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау. |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 5 мин. |
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
|||||||||||
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
Берілген сөйлемдерді оқып, өздерің қалаған бір пікірдің төңірегінде ой бөлісіңдер. Адмның басы-алланың добы. |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. |
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
||||||||
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. «Түртіп алу» әдісі. 3 |
№5-тапсырма: Жеке жұмыс 6-тапсырма Жұптық жұмыс Мұғалім оқушыларды ынтымақтастыққа баулиды. |
Тыңдалым Айтылым Мәтінді тыңдап, түсінгенін айтады. Айтылым: Мәтінді мағыналық бөлікке бөліп, әр бөлігіне тақырып қояды. Әр бөлік бойынша екі сұрақ дайындап, көршісімен алмасады. |
Дескриптор 3 балл -негізі ойды анықтайды Дескриптор: Жалпы - 4 балл. - сұрақ даййындайды -болжам жасайды -ақпараттанады |
Оқулық, жұмыс дәптері |
||||||||
|
Жеке жұмыс «Түртіп алу» әдісі.
|
Қосымша тапсырма: Тыңдалым мәтіні бойынша кестені толтыр. |
Жазылым:
Сұрақтарға жауап береді. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың тыңдалым, жазылым дағдысы қалыптасады. Дескриптор: Жалпы - 3 балл. -Мәтінді тыңдайды. -кестені толтырады. |
Оқулық, жұмыс дәптері
Тірек-сызба |
|||||||||
|
|
№9-тапсырма. Мұғалім оқушыларға нақ осы шақ, оның жасалуын түсіндіреді.
7- тапсырма Жеке жұмыс
8- тапсырма Жеке жұмыс
|
Айтылым Берілген тақырыптардың бірін таңдап, Саятшы Ораз бен қазіргі уақыттағы қайырымды адамдардың іс- әрекетін салыстырып, ой бөліседі. Топта жұмыс жасайды. Жазылым Дұрыс тұлғада қойып жазады. Айтылым Мәтіндегі Ораздың іс-әрекетіне баға береді. |
Дескриптор 5 балл -сөйлем құрайды - үлгі бойынша жұмыс жасайды.
Дескриптор 3 балл -қорытынды жасайды. -баға береді. |
Оқулық, жұмыс дәптері
Презентациялық слайдтар
Ақ плакаттар,
Ақ парақтар |
||||||||
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 5 мин.
|
«Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. |
Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым. |
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
||||||||
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген